Сайтқа кіру Тіркелу

Жүздіктермен санау

Пән/ Предмет/ Subject: Математика
Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme:
Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, көрнекілік,
Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives:
білімдік / образовательная/ educational: Көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.
дамытушылық/ развивающая/ developing: Математикалық тілін, логикалық есептер арқылы ойлау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік/ воспитательная / bringing - up: Оқушыларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: схемалар
Сабақтың барысы/ План занятия/ Plan
І. Ұйымдастыру кезеңі
Салеметсіздер ме оқушылар!
ІІ. Психологиялық дайындық.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын
Ғылымдар патшасы боп дараланып
Математика – қызықты тойматұғын – деп математикаға осылай баға берген. Олай болса бүгінгі математика сабағын бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үй жұмысын дәптерден тексеремін ал сендер маған назар аударыңдар
Жаңа сабақ
Математикалық диктант
1) 30 бен 40 сандарының қосындысынан 18 - ді азайт
2) 60 пен 30 сандарының айырмасына 8 - ді қос
3) 48 бен 8 - дің айырмасына 50 - ді қос
4) 6 мен 41 - дің қосындысынан 3 – ті азайт
5) 4 пен 32 - нің қосындысына 1 – ді қос

2. № 1. Кестеде жазылған сандарды оқы. Әр санның разрядтық қосылғыштарын ата. Ауызша жұмыс.
Жүздіктер Ондықтар Бірліктер
5 0 6
4 1
7 2 0
9 9 9

Мың саны былай жазылады: 1000
Мынадай сандарды ата:
5 бірл. Құрылатын; 3 онд. құрылатын; 100 бірл. құралатын; он онд. құралатын; ое жүзд. құралатын; жүз онд. құралатын; мың бірл. Құралатын; тоғыз жүзд. құралатын.
Жүздіктермен санау арқылы сендер жаңа санау бірлігі мыңды білдіңдер. Мыңдықтармен де бірліктер сияқты санайды.
10 бірлік = 1 ондық 10 бірлік мың = 1 ондық мың = 10 000
10 ондық = 1 жүздік 10 ондық мың = 1 жүздік мың = 100 000
10 жүздік = 1 мыңдық 10 жүзді мың = 1 мыңдық мың = 1 миллион = 1 000 000
№2
3 - тен 9 - ға дейін біртіндеп 1 - ді қоса отырып сана;
10 - нан 5 - ке дейін біртіндеп 1 - ді азайта отыра сана;
20 - дан 70 - ке дейін біртіндеп 10 - ды қоса отырып сана;
90 - нан 50 - ге дейін біртіндеп 10 - ды азайта отырып, сана;
Екі жүздіктен тоғыз жүздікке дейін біртіндеп 100 - ді қоса отырып сана;
Мұғалім: Ал оқушылар енді бойымызды сергітіп алайық шаршап қалған шығармыз.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Мойынымызды бұрайық
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып - жұмайық
Содан соң төмен түсіріп
Алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық
Мұғалім: жарайсыңдар бір сергіп алдық әрі қарай есептерді шығарайық
№3 Мына сандардың әрқайсысында неше жүздік бар.
100 200 300 400 500 600 700 800 900
Осы сандарды кему ретімен дәптеріне көшіріп жаз. Әр санның жүздігін көрсететін цифрдің астың сыз. Сандарды салыстыр.
№4 Мына сандарды қандай топтарға бөлуге болады?
500, 9, 83, 700, 100, 45, 0, 3, 90, 200, 77, 300, 6, 22, 2?
Қай топтағы сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеуге болады? Дәптеріңе жіктеп жаз.
Логикалық есептер:
1. апам ала сиырын сауды. Ол 3 л сүтті бидонға құйды, сонда шелекте 4 л сүт қалды. Ала сиыр қанша литр сүт берген? (7 л)
2. Кітап 20 тг тұрады. Сәуле осы кітапты сатып алайын десе, 4 тг жетпейді. Сәуленің неше теңгесі бар? (16тг)
3. 7 ағайынды ұлдардың 1ден қарындастары бар. Отбасында неше бала бар? (8)
4. Айдос үйдің 6 - қабатында тұрады, ал Жандос осы подъездің
3 - қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса, Жандосқа дейін неше баспалдақ бар?
5. Дүкен алдында Қайрат қағазға 3 үшбұрыш пен
2 төртбұрыш салды. Ол неше кесінді жүргізді?
№5 Есептерді шығар.
Берілгені:
Қой - 30
Сиыр -? 20 - сы қойдан кем
Жылқы -? Сиырдан 5 - уі кем.
Шешуі: 30 - 20=10 сиыр
10 - 5=5 жылқы

Сиыр - 25
Жылқы -? сиырдан 15 кем
Қой -? жылқы мен сиырдың санындай
25 - 15=10 жылқы
25+10=35қой
Сабақты қорытындылау.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Жүздіктермен санау
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×