Сайтқа кіру Тіркелу

Бірдей сандарды қосу

Тақырыбы: Бірдей сандарды қосу
Мақсаты:
1. Білімділік: Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу туралы түсінік беру және оны толық меңгертуге мүмкіндік жасау, екі амалмен шығарылатын есепті түрлендіруді, геометриялық фигуралардың периметрін табуды пысықтау.
2. Дамытушылық: 1. Ой - өрісін есте сақтау қабілеттерін арттыру, шапшаң ойланып, тез есептеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2. Наурыз мерекесі жайлы әңгімелеу.
3. Жылқы жайлы жаңа мәліметтер беру. Жылқы малымен байланысты ұлттық ойындармен таныстыру.
3. Тәрбиелік: Қазақтың салт - дәстүрін құрметтеуге, жылқы малына қамқор болуға, ұйымшылдық, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Түрі: кіріктірілген сабақ
Көрнекілігі: тақырыптық слайдтар, суреттер, оқулық, үлестірмелі қағаздар, геометриялық фигуралар, сым темір, плакат, «жорға» биі
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену, көрсету, топтық жұмыс, тірек сызба, ойын,
Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу, ұлттық дүниетаным.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: дыбыс тыңдау
- Мынау ненің дыбысы?
- Кім айтады, неге жылқыдан бастадым?
- Биылғы 2014жыл қандай жыл?
- Дұрыс айтасыңдар, жылқы малымен байланыстырып отырғаны себебім, биылғы жыл жылқы жылы баршамызға шаршамай шапқылап, математика пәнінен жүйрік аттай тез есептеп, асу - асу белестерден бәйге атындай қиналмай өтетінімізге сенімдімін. Қазақтың киелі жануары жылқы туралы білетінімізді одан әрі дамытамыз.
Топқа бөлуіміздің де ерекшелігі осы жылқы атымен сәйкес. Қазақ халқында аты аңызға айналған тұлпарлар өте көп. Соның бірі: Байшұбар, Тайбурыл, Құлагер, Тарлан.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Жылқы туралы не білеміз?
Көлік қымыз
Еті тамақ Жылқы жеті қазына
Төрт түлік
Жылқы малына байланысты ұлттық ойындар өте көп. Соның бірі – бәйге жарыс. Үй тапсырмасын сұрау үшін, әр топтан мықты, есепке жүйріктер шығады. Баған түрінде амалдар орындалады.
Байшұбар Тайбурыл Құлагер Тарлан
58 100 75 92 67 100 28 86
27 44 17 35 29 67 36 39
85 56 92 57 96 33 64 47
Бағалау

Ү. Жаңа сабақ.
Қазақстанда жылқының 58 түрі бар. Мыс: тұлпар, жел жетпес, сәйгүлік ат,
дүлдүл, таза қанды т. б. Бұл аталған жылқылар жүйрік жылқылардың түріне жатады. Жылқы малы өте таза, құнарлы шөптермен ғана қоректенетін төрт түліктің бірі. Сондықтан оның еті, сүті өте пайдалы. Қымыз көптеген ауруларға емдік үшін пайдалы. Келесі тапсырмаға қарайық.
- Бірнеше жылқы жайылып жүр еді. Осы жылқыларды әр топ өз қорасына теңдей етіп кіргізіңдер. Әр қорада неше жылқыдан болды?
- Осыдан қандай өрнек құрастыруға болады? 2+2+2+2
- Осы өрнектен не байқадыңдар? Қосылғыштары бірдей
- Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Бірдей сандарды қосу деп аталады»

Оқулықпен жұмыс
№ 1. Суретте екі домбырадан үш сөреге қойылған. Барлығы неше домбыра бар? 2+2+2=6
Екі сырғадан төрт қорапқа салынған? Барлығы неше сырға бар? 2+2+2+2=8
+1 = +4= +7= +10=
+2= +5= +8=
+3= +6= +9=

ҮІ Білімдерін тексеру: № 2
8/6, 9, 10, 12/ санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыру. Келесі топтық жұмыс.
Байшұбар -------------- Тайбурыл -------------- Құлагер ------------------------ Тарлан
8 -------------------------- 10 ------------------------ 12 --------------------------------- 6
2+2+2+2=8 ------------- 5+5=10 ------------------ 2+2+2+2+2+2=12 ------------- 2+2+2=6
4+4 =8 ------------------ 2+2+2+2+2=10 --------- 6 + 6= 12 ------------------------ 3+3=6
---------------------------------------------------------- 3 + 3 + 3 + 3=12
№ 3. Дауыстап оқу, талдау.
Түсті қағаз – 37
? п
Ақ қағаз -? 18 артық
/37+18/+37 = 92
Жауабы: 92 парақ
Ә) Өзіндік жұмыс. Есепті бір амалды есепке айналдыру, шығару. Ауызша.
Түсті қағаз - 37
Ақ қағаз -? 18 артық
37 + 18 = 55
Жауабы: ақ қағаз 55 парақ
Сергіту сәті. « жорға биі»
№ 4. Қазақтың ұлттық ойыны «Көкпар тарту». Көкпар жайлы не білеміз?
Бірліктерін қосқанда 16, ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын бірнеше теңдіктер жаз.
18+28=46 ------------------ 46 - 28=18
19+17=36 ------------------ 36 - 17=19
38+48=86 ------------------ 86 - 48=38
29+27=56 ------------------ 56 - 27=29
39+37=76 ------------------ 76 - 37=39
49+47=96 ------------------ 96 - 47=49
- Қосындыны қандай амалмен тексереміз.
- Қосындының мәнінен екінші қосылғышты азайтсақ, бірінші қосылғыш шығады.
№5. Жеке оқушымен жұмыс. Әр топтан өзін көрсетпей отырған оқушыларға беріледі. «Қыз қуу» ойыны. Бағалау
Байшұбар ---------------- Тайбурыл -------------- Құлагер --------------- Тарлан
Қыз ------------------------- Ұл ------------------------ Қыз --------------------- Ұл
х – 32 = 53 ---------------- 84 - х=24 --------------- х+38=70 --------------- х - 28=32
х = 32 + 53 ---------------- х=84 - 24 --------------- х=70 - 38 --------------- х=32+28
х = 85 ---------------------- х=60 ---------------------- х=32 -------------------- х=60
85 – 32 = 53 -------------- 84 - 60=24 ------------- 32+38=70 -------------- 60 - 28=32
53 = 53 -------------------- 24=24 ------------------- 70=70 ------------------- 32=32
№7. Периметрлері бірдей екі үшбұрышты тап.
Р=5см+4см+3см
Р=12см
Р=4см+4см+4см
Р=12см
Шығармашылық тапсырма
Темір сымнан әр топ әр түрлі фигура жасайды.
Байшұбар Тайбурыл Құлагер Тарлан
Бесбұрыш шаршы үшбұрыш төртбұрыш
ҮІІ. Қорыту: Бүгін не білдік? Тор көздерге бірдей сандарды қос.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жылқы түсіне байланысты атаулар

Жылқы түсіне байланысты атаулар

Қара жылқы. Сырт түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты боп келуі. Сары жылқы. Жылқының сыртқы түгі бірыңғай, сары болып келуі. Жирен...
9 санын қосу, азайту

9 санын қосу, азайту

9 - ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту, есеп шығару дағдыларын...
Бірдей сандарды азайту

Бірдей сандарды азайту

Бір амалмен шығарылатын есепті талдайды және түрлендіреді, топта ондықтан аттап екі таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын жазбаша әдістерімен...
Көбейту және бөлуді пысықтау

Көбейту және бөлуді пысықтау

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Жасыл ауылының негізгі мектебі Жакьянова Гүлзада Баялықызы...
9 санын қосу, азайту

9 санын қосу, азайту

Сабақтың мақсаты. Білімділігі: 9-ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×