Сайтқа кіру Тіркелу

Сұраулы сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру, жан-жақты ойлауға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымщылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: тірек-сызба, суреттер, аққала
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық;
ә) сабақтың мақсатымен таныстыру
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек. Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіріп, сұраулы сөйлем туралы мағлұмат аламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) – Үйге қандай тапсырма берілді? (229-жаттығу)
Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
ә) Өткен тақырыпты бекіту (слайд ):
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Кіріспе әңгіме.
- Балалар, тақтадағы жазуға қарайықшы, не жазылып тұр? Кім оқиды? (сұрақ-жауап әлемі)
- Тағы қандай әлемдер болады деп ойлайсыңдар? (ертегілер, хайуанаттар, құстар, кітаптар, балалар, сиқырлар, т.б.)
- Бүгін сабақта сұрақ-жауап әлеміне саяхат жасаймыз.
- Балалар, тақтаның алдынан тағы нені байқадыңдар? (шарлар)
- Балалар, қараңдар, мына шарлардың ішінде бір нәрсе бар. Бұл не нрселер? Не істейміз?
- Қалай аламыз?
ә) Оқушыларға шұардағы қағаздарды алғызып, сөйлемді оқытып сұрақтарға жауап алу.
1-шар: - Сенің атың кім?
2-шар: - Нешінші сыныпта оқисың?
3-шар: - Сабақтарың нешеде басталады?
4-шар: - Сабақтан бос уақытта не істейсің?

Сұрақтар: -Оқыған сөйлемдерің қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар?(сұраулы сөйлемдер)
- Неге?
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
б) Осыны тірек-сызба арқылы көрелік.


IV. Оқулықпен жұмыс. 230-жаттығу (слайд)
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Өлеңдерде не туралы айтылған?
- Аққу туралы не білеміз?


V. Дәптермен жұмыс. 231-жаттығу.
Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
- Көке, мынау не төбешік?
- Илеу деген не?
- Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?
Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.

VІ. Сергіту сәті.

VІІ. Тақтамен жұмыс. 232-жаттығу.
Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
- Сабақтың нешеде басталғанын білу үшін;
- Асқардың сабаққа неге кешіккенін білу үшін;
- Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыс бар екендігін сұрау.

VІІІ. 233-жаттығу.
1. Іштен оқыту.
2. Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.
- Қандай сөйлемдер оқыдыңдар?
- Сұраулы сөйлем қалай оқылады?
ІХ. Шығармашылық диктант. Сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Қар қалың жауды.
2. Қасқыр – жыртқыш аң.
3. Анар қалада тұрады.

Х. Қорытынды. Ойын «Аққала»
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем нешеге бөлінеді?
3. Сұраулы дегеніміз не?
4. Сұраулы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Сонымен, бүгінгі сабақта сұраулы сөйлем туралы білдіңдер. Келесі сабақта әлі де үйренетін боласыңдар.

ХІ. Үй тапсырмасы. 234-жаттығу.
ХІІ. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×