Сабақтың тақырыбы: Ондық. Натурал сандар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ондық және натурал сандар туралы түсінік беру, меңгерту. «Ертегі еліне» саяхат жасай отырып есептер шығару
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту.
Пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, батырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: «Ертегілер еліне» саяхат сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті оқыту әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Күтілетін болжам: Ондық. Натурал сандарды меңгеру, ажырата біледі.
Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (
ІІІ. Жаңа сабақ
ҮІ. Сабақты бекіту, қорыту
Ү. Бағалау.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мотивация
Сабақтың ұранын айту: Математика сабағын,
Жақсылап ұғып аламыз.
Сәулесі деп сананың,
Мәнінен ой табамыз.
- Кезекші бүгінгі күн туралы айтып бер.
- Бүгін сәуірдің 21 - і, аптаның 1 - ші күні
- Бүгін математика сабағында біз қазақ ертегісіне саяхат жасаймыз. Батырлар туралы қандай мақалдар білеміз
- Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса - жер ырысы.
- Ердің көркі – елімен,
Отан көркі – жерімен.
- Өжет адам өлімді жеңеді.
- Бұл мақалдар кім туралы айтылған?
- Батырлар туралы
- Балалар, бізге бүгін қонаққа Ер Төстік батыр келіпті. Ел қорғаған батырдың жолында өз жерін қорғау үшін көптеген кедергілер кездеседі. Оның туған жеріне Дәу, Айдаһар, Мыстан келіп халқының берекесін алғаннан кейін, елін қорғау үшін, Ер Төстік оларға қарсы жорыққа шығыпты.
- Қане, балалар, Ер Төстіктің жауларын жеңуіне көмектесеміз бе?
- Әр берген көмектерін үшін сыйлыққа күміс теңгелер беріледі.
- Дәуге кезікті. Оның тапсырмалары бар екен.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин) Интерактивті және жай тақтамен жұмыс
- Мысал 4
7 2 ---- 7 = 7 ---- 7+a=9 ----- a+7=9
9 = 9 ---- 2 = 2 ---- 2 < 9 ---- 9 - a=7 ----- a - 7=2
Теңдеулерді бірінші бағанға, теңсіздіктерді екінші бағанға, ал теңдіктерді үшінші бағанға жаз. Теңдеулерді шеш.
7+a=9 ------- 9 = 9 ------- 7 2
a+7=9 ------- 7 = 7 ------- 2 <9
a - 7=2
- Міне, балалар, Ер Төстік батырды Дәуден құтқардық. Дәу жеңіліп, Ер Төстікке жол берді. Білімді балалардан Дәуде қорқады екен.
ІІІ. Жаңа сабақ. Ондық. Натурал сандар (25 мин)
\ \ \ \ \ \ \ \ \ - 9 таяқшаға тағы 1 таяқша қоссақ, 10 таяқша болады. Бумада 10 таяқша, ондықты білдіреді.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 – бір таңбалы натурал сандар.
10 - екі таңбалы натурал сандар.
Оқулықпен жұмыс. Ер Төстік батыр жолдан Мыстанға жолығыпты. Мыстан кемпір Ер Төстікті ұстап алып, буындырып жібермейді. Егер біз кітаптағы мысал 2 орындасақ, Мыстан Ер Төстікті жібереді
.........................
- Сонымен, балалар, Ер Төстік бізге риза болып әрі қарай жолға шықты. Ол айдаһарға кезікті. Ол аузынан жалын шашып, Ер Төстікті күйдіріп жібермекші. Қане, балалар, Ер Төстікті құтқарайық. Ол үшін мысал 3 тез әрі дұрыс орындауымыз керек
Мысал 3. Тиісті сандарды қой:
□ < 10
□ см = □ дм
Біз Ер Төстікпен бірігіп Айдаһарды да жеңдік.
- Ал, балалар, Ер Төстікке әрі қарай көмектесу үшін біліммен қатар күште жинап алайық. Сергіту сәті
Жаттап ертек, мол аңыз,
Өсіп, өніп толамыз
Алатаудай айбынды,
Ел қорғаны боламыз. (дене қимылдарын көрсету)
Ер Төстік әрі қарай сапар шекті. Әбден шөлдеп келе жатқанда алдынан бір құдық кездеседі. Ол құдықтан су ішейін десе, су бермейді. Ол үшін біз келесі тапсырманы орындауымыз керек.
Тақтаға орындау. Мысал 4. Тиісті сандарды орнына қой:
3 + □ =10
8 - □ =1
□ +4 = 7
□ + □ =9
□ - 4 =2
5+ □ =9
□ - 2 = 8
□ - □ =3
- Балалар, Ер Төстік шөлін қандырып, одан әрі өз еліне, жеріне жету үшін жүйрік атқа кезікті. Аттың да тапсырмасы бар екен. Сол тапсырмасын орындасақ, ат та өзіне мінгізеді екен.
Өзіндік жұмыс. Есеп 5.
Барлығы неше алма және алмұрт ағаштары өсіп тұр?
Осы сұраққа жауап беру мүмкін болатындай есеп шартын құрастыр. Есепті шығар.
Шарты:
Алма – 3 ағаш
Алмұрт – 2 ағаш
Барлығы -?
Ш: Барлығы 5 ағаш
Ер Төстік атқа мінді.
ІҮ. Сабақты бекіту, қорыту. Сұрақ – жауап (5 мин)
1. Бір таңбалы натурал сандар қатарын ата.
2. Екі таңбалы натурал санды ата.
3. 1 онд. қанша бірлік бар?
4. 10 бірл. қанша онд. құрайды?
* Логикалық тапсырма
Ү. Бағалау. (3 мин)
Сонымен, балалар, Ер Төстік жауларын жеңіп, еліне аман - есен оралды. Біздің білімімізге риза болды. Енді кімнің қаншалықты білім көрсеткенін алдындағы күміс теңгелермен санайды.
ҮІ. Үйге тапсырма. Мысал 4 (3, 4)
Ондықтар. Натурал сандар
- загира
- 3 мам 2014
- 12544
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математикадан 1 сыныпқа арналған сабақ жоспары, ондықтар, натурал сандар
Ұқсас жаңалықтар:
Жай сандар, құрама сандар 5 сынып
Сабақтың мақсаты: 1) Жай сандар және құрама сандарды ажырата білуге үйрету....Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшек тақырыбын пысықтау; Оқушылардың алған білімдерін пысықтау;...Рационал сандардың периодты ондық бөлшек түрінде жазылуы
Рационал сандарды ондық периодты бөлшек түрінде жазуды үйрету; Тақырыпты меңгерте отырып, есептер шығару барысында оқушылардың білім - білік,...Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар
№11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Избулова Гүлдана...Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Есқалиева Гүлнұр Бақытбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.