Сайтқа кіру Тіркелу

Сәлем білім ордасы

Тақырыбы: Сәлем – білім ордасы
Мақсаты: Білім ордасы мектептің орныны түсіндіру, оқушы болғанның жауапкершілігін ұғындыру
Барысы:
1 - Жүргізуші:
Мектебің алтын ұя жарқыраған
Ұстазың бұлақ көзі сарқыраған
Шыңдалып шыңға қарай қанат қағып
Шарықта жас қыраным ақ жол саған!
2 - Жүргізуші ардақты ата - аналар, оқушылар, ұстаздар тілашар тойына қош келдіңіздер!
Айналайын балғындар
Алға бағыт алдыңдар
Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар
Орындалсын арманың
Құтты болсын қадамың!
1 - Жүргізуші:
Мектебіміздің есігін биылғы оқу жылында алғаш рет ашқан шәкірттерімізді ортаға шақырайық!
1 - Жүргізуші:
Қандай ғажап әуен, балалар бізге қонақ келген сияқты, Келіңіз білім ханшайымы! қандай бұйымтайыңыз бар?
Ханшайымның сөзі: Балалар мен сендерді өзімнің білім ордама қабылдауға келдім, бірақ ол үшін менің шарттарымды орындаңдар, мен сендердің өнерлеріңді көргім келеді.
- Біздің балалар өнерлі, ал енді өнерімізді ортаға салайық!
2 - жүргізуші
Армысың мектеп - ар бесік
Айқара ашқан есігін
Тәрбие білім бар нәсіп
Армысың мектеп киелім.
Ән Мектебім. Тақпақтар айтылады
1. Өмірімнің көктемін
Сенде өткізсем деп келдім
Алтын ұям - мектебім
Армандарым көп менің
Атқарамын деп келдім
Асыл анам - мектебім

2. Мектеп анаң бүгіннен
Мектеп алтын босағаң
Мектеп берген біліммен
Марқаясың жас ұлан

3. Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз
Өсіп оймен санамыз
Білім қуған баламыз
Біз оқушы боламыз!

4. Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың

5. Жас көңілге егін еккен
Ақыл, білім дәнін сепкен
Сенсің ықылас құштарымыз
Ақылшымыз, ұстазымыз

6. Білімнің кілтіндей
Әліппе ұстатқан
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан
Қамқоры ұл қыздың
Мұғалім ол біздің

1 - Жүргізуші:
Сөз анасы бұлақтан, Тыңдаушыны құмартқан
Әнге кезек берейік, қошаметпен демейік!
Ән Дос болайық бәріміз
2 - Жүргізуші
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты
Ортада бишілерім би билейді,
Халайық қол соғыңдар мархабатты!
Қолшатыр биі

1 - Жүргізуші Балалар енді ертегілер еліне саяхат жасап көрейік.
Ән Ертегілер
2 - Жүргізуші
Халқымның әні қандай, жыры қандай
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай
Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын
Ал биі нәзік жанды балқытқандай
Қара жорға биі
1 - Жүргізуші
Оқыңдар ұл - қызым деп,
Күлімдеген ұстаздар
Ән арнадық арнайы,
Тағзым ете ұстаздар!
Ұстаздарға арналған ән шашуымызды қабыл алыңыздар Ән Ұстазым
2 - Жүргізуші
Балаларың оқып жүр,
Зерделі сөзді тоқып жүр
Сенімдерің ақталады,
Құрметті біздің ата - ана,
Кезекті тағыда шәкірттерге берсек!
Тақпақтар оқылады
1. Алақай - ау алақай
Бұдан былай мен енді
Емеспін жай балақай
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді
Бардым биыл мектепке
Оқушымын мен енді
2. Біз балдырған баламыз
Шырқан әнге саламыз
Туған жердің төрінде
Алау болып жанамыз
3. Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып
4. Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Тілашар тойын тойладық!
5. 7. Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда
Жаманнан безуге
Жақсылық жасауға
Қамқоры ұл қыздың
Мұғалім ол біздің
2 - жүргізуші
Отан деген атамекен, Отан деген туған жер
Отан ана Отан осы, Отан ыстық туған ел
Ән Отаным
1 - Жүргізуші, ханшайым сөзі: Балалар мен сендерге риза болдым. сендерді өз білім ордама қабылдау үшін сендер саған әдепті де үлгілі, тәрбиелі оқушы болуға ант бересіңдер ме? ант етеміз! Сыйлықтарын беру.
2 - Жүргізуші, Құттықтау сөз тәрбие жұмысы бойынша директордың
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×