Пән: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Құстардың түрлері жайлы түсінік беру, қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемде туған жерге оралуы, құстардың пайдасы, құстарға қалай қамқорлық жасау керектігін меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ой - қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа технологияның әдістерімен жұмыс істей білуге білімдерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, құстардың суреттері. Құстардың мамығы, ұлкен ағаш, ұя, жемсалғыш, желім, парақ, оқулық т. б.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ойын түрлері, мәнерлеп оқыту, сипаттау, салыстыру, топтастыру. (СТО), ақпараттық технология.
Типі: Жаңа сабақ.
Пәндік байланыс: Ана тілі, табиғат және адам, музыка.
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.
«Біздің мақсатымыз»
1 слайд
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз - еңбек ету,
Еңбек ету арқылы «5» ке қол жеткізу.
II - Ұйымдастыру кезеңі:
2 слайд
Армысың асыл күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Армысыздар қонақтар!
Бәріміз жадырайық,
Қонақтарды қарсалайық!
- Жақсы.
- Отырамыз.
- Балалар көңіл – күйлерің қалай?
- Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
- Балалар! Бүгін біздің сыныпта бір ерекшелік бар.
- Сабағымызға қонақтар келіпті.
- Ондай болса,
- Қонақтарға білімімізді ұсынайық.
3 слайд
Біз үш топқа жұмбақ жасырамыз, слайдқа қарап жұмбақтарды шешеді, қай топ бірінші шешеді, сол топқа жұмбақтың шешіміндегі құстың аты беріледі, солай жалғаса береді.
Әр топқа тапқан жұмбақтарының жауабына байланысты құстарының суреті мен аты жазылған кесте беремін.
3 - топтың аттары
1 - Қарлығаш
2 - Аққу
3 - Бұлбұл
Осы суреттегі құс жайлы не білесіңдер екі сөзбен айтып кетіңдерші.
Қарлығаш — қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр. Олардың үлкендігі торғайдай және адам мекеніне жақын жүреді.
Қазақ халқы ертеден аң - құстарды киелі санаған. Сұлуды – аққуға теңеген.
Аққу махаббатпен мейірімділіктің құсы.
Бұлбұл — салмағы жағынан 20 - 25 грамм ғана болғанымен, дауысты әншіні құс.
Әншілерді бұлбұлға теңеген.
4 слайд
Үй тапсырмасын сұрау.
1топтың тапсырмасы:
Құстардың түрлерін ата, неге олай аталады?
2 топтың тапсырмасы:
Құстарға қалай қамқорлық жасаймыз?
3 топтың тапсырмасы:
Құстардың пайдасы.
5 слайд
- Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз нелер жайлы екенін білу үшін сұрақтарға жауап берейік
— Қазір жылдың қай мезгілі? ( Көктем ).
— Көктемде не жылиды? ( Көктемде күн жылиды).
— Көктемде не ериді? ( Көктемде қар ериді).
— Көктемде не бүршік жарады? ( Көктемде ағаш бүршік жарады).
— Көктемде нелер ұшып келеді? ( Көктемде құстар ұшып келеді ).
Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі қорегінің азаюы. Күн салқындап, құрт - құмырсқа тығылып қалады. Сондықтан құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Көктемде қайта оралу себебі - ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалары шіріп кетеді. Ұрпақ өрбіте алмайды. Сондықтан құстар көктемде қайта өздерінің туған жерлеріне оралады екен. Ендеше сол қанатты достарымызға қарсы алайық.
- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: "Құстардың туған жерге оралуы"
- Балалар құстарды қалай қарсы аламыз?
- Ағаш отырғызып, ұя салып қарсы аламыз. (оқушылар ағаш отырғызады, жасалған ұяны ағашқа апарып іледі)
- Жақсы ондай болса, біз құстарды қарсы алуға дайынбыз ба?
- Иә
Сергіту сәті:
Үлкен шаңырақ құрайық,
Қазша қанат жазайық.
Аққу мойынымызды созайық.
Құстарша жерге қонайық
"Ұшты - ұшты" ойынын ойнату
- Дидактикалық ойын. Көктемде ең алғаш келетін құстарды табайық.
Сендер менің сұрағыма жауап берсең дер қандай құстар ең алғаш келетінін білесіңдер, (тақтадағы плакатқа ыстық жақтың суреті салынады және құстардың суреті жапсырылады. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бергеннен соң құстарды біртіндеп алып ағашқа қондырады).
Сұрақтар:
1. Үйіме үйін салады бұл қандай құс?
2. Жұмыртқасын өзге ұяға салады бұл қандай құс?
3. Биікке салған ағаш үй оның мекені, қыста алыс кетеді.
4. Әнші құс.
6 Слайд
Көктемде ең алғаш қандай құстар келеді?- хормен айтады
- Жақсы
- Оқулықпен жұмыс - "Құстар туған жерге оралу"- тақырыбын оқыту, әңгімелеу.
Есіңде сақта: Құс ұясын, балапандарды мысықтан және тентек балалардан қорға!
7 слайд
Слайд бойынша жұмыс.
- Әр топқа тапсырма:
Сиқырлы сандарды сөйлет (сандарды орындарына қойса, сандардың астындағы әріптерде ауысып сөйлем құралады)
8 слай
- Топпен жұмыс:
1. Көп құстардың аттары жазылған қағазшалардың ішінен Қызыл кітапқа енген құстардың аттары тауып, таратылған үлкен парақтағы қызыл кітаптың суретінің жан жағына жапсырады.
2. Көп құстардың аттары жазылған жапырақшалардың ішінен жыл құстарының аттары тауып, таратылған үлкен параққа салынған ағаш суретіне жапсырады.
3. Көк бұлт тәрізді, көп жазбалардың ішінен көгершіннің қандай құс екенін тауып үлкен параққа салынған көгершіннің суретінің жан жағына жапсырады.
Үйректер биі
Қортынды:
9 слайд
Құстар туралы не білдік?
- Құстар біздің досымыз.
- Құстар дән жейді.
- Құстар ұшады.
- Құстар пайдалы.
Сабақ ұнады ма? Несімен?
Үйге тапсырма: "Құстардың туған жерге оралуы" тақырыпты оқу, мазмұндау.
Бағалау: Оқушылар бір бірін қол соғып бағалайды.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
Құстардың туған жерге оралуы
- medina
- 23 сәуір 2014
- 9651
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Құстардың туған жерге оралуы, бастауышқа арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Құстардың көктемгі тіршілігі
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы № 41 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Дусенбаева Рауза Ареновна...Құстардың туған жерге оралуы
I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Психологиялық дайындық. «Біздің мақсатымыз»...Құстарды қарсы алайық
№4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы...Құстар – біздің досымыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...Құстарды мүсіндейміз
Атырау обл, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдрахманова Ботагөз Нигметоллаевна Бейнелеу 2...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.