Интеллектуалды ойын.
Мақсаты:
1. Ойын түрінде оқушылардың, қазақ тілі, математика дүниетану пәндері бойынша білім деңгейлерін байқау, жетілдіру.
2. Жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
3. Оқушыларды қорытынды жасауға, өзіне, басқаларға баға беруге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Кезеңдері:
1. Ұйымдастыру
2. Математика әлемі.
3. Полиглот.
4. Қоршаған орта.
5. Қорытынды.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүректен - жүрекке (шаттық шеңбері түрінде, музыкамен)
2 - кезең: Математика әлемі.
Жеке тапсырма:
Мақсаты: Оқушылардың мәтін есепті шығару деңгейлерін анықтау.
Бауыржанның гербарийінде 74, Айжанда - 48 өсімдік бар, ал Маликада, Бауыржан мен Айжанның өсімдіктерінен 12 өсімдік кем. Маликаның гербарийінде неше өсімдік бар?
Топтық тапсырма:
Мақсаты: Математикалық терминдерді ажырату деңгейлерін анықтау.
Сәйкестендір:
әріпті өрнек а+65
санды өрнек 4+3
өрнек 42 - 3
теңдеу 72 - 3 67+1
теңсіздік х+12 45
теңдік 10+4
қосынды 4+3 7
айырма 4*3
көбейтінді 20 - 10
бөлінді 24/3
Сергіту сәті (музыкамен)
3 - кезең. Полиглот.
Жеке тапсырма:
Мақсаты:
Жұмбақтарды шешіп, оның жауабын 3 тілде жазу және айту.
1. Айдалада ақ отау
Аузы - мұрны жоқ отау.
2. Еңкейсем еңкейеді, шалқайсам шалқаяды.
3. Керемет бір ит болады
Үй бағады үрмейді
Аяғы жоқ жүрмейді
Темір салсаң сөйлейді.
Фразеологизмдер мен мақал - мәтелдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару.
1. Родина жарче огня.
2. Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
3. Что посеешь, то и пожнешь.
4. Без ножа зарезать
5. Перегибать палку.
6. Делать из мухи слона
1. Түймедейді түйедей қылу
2. Шаш ал десе, бас алу.
3. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
4. Отан оттан да ыстық.
5. Не ексең, соны орасың.
6. Мақтамен бауыздау
Топтық тапсырма:
Мақсаты: Сөз таптары және сөздерді сөз таптарына талдау деңгейлерін анықтау.
Бара жатыр, мектеп, ақылды, қызғылт, оқып отыр, сабақ, балалар, дәмді, тағам, жүгірді, тоқыды, көкшіл, оқушы, әже, келді, сүйкімді, компьютер, ойнады, күлді, кеме, қара, қою.
4 - кезең. Қоршаған орта.
Жеке тапсырма:
Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы білімдерін байқау.
Қазақстан Республикасы туралы сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақстан Республикасының әнұранының авторы кім?
2. Қазақстанның жер аумағы қанша?
3. Тудың өлшемі қанша?
4. Ата Заң қай жылы қабылданды?
5. Тудың авторы кім?
6. Тәуелсіздік қай жылы алдық?
Топтық тапсырма:
Мақсаты: Экология, Қызыл кітап туралы білімдерін байқау
Табиғатты қорғау слайды бойынша жұмыс.
1. Қызыл кітапқа кіретін, сирек кездесетін жануарлар.
2. Қызыл кітапқа кіретін, сирек кездесетін құстар.
3. Қызыл кітапқа кіретін, сирек кездесетін өсімдіктер.
Марал, емен, күн тұтылуы, құлан, жұт, сексеуіл, елік, су тасқыны, қарағай, сел, құйын, ақбөкен, өрт, от, барыс, үкі, бүркіт, шырша, жер сілкінісі, құрғақшылық, сұңқар, көктерек, аққу, қар көшкіні, ай тұтылуы, қарағай, қарағаш.
5 - кезең. Қорытынды.
Мақсаты: Сайысты қорытындылау, жеңімпаз топ пен оқушыларды марапаттау.
1. Топ бойынша 3 орын.
2. Жеке оқушылар бойынша: жас математик, ең үздік полиглот, жас патриот номинацияларын беру.
Интеллектуалды ойын
- alzinat sobetbekkizi
- 20 сәуір 2014
- 5448
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сыныптарына арналған интеллектуалды ойын
Ұқсас жаңалықтар:
Өсімдіктердің «Қызыл кітабы»
Оқушыларға өсімдіктердің өсіп – өнуі, жетілуі жайлы ұғым беру. «Қызыл кітаптың» маңызы, адамның тіршілік етіп, өмір сүруге табиғатпен тығыз...Санды және әріпті өрнек. Бекіту
Санды және әріпті өрнек туралы алған білімдерін бекіту. Сөз есеп, амалдар ретін, баған түрінде қосу және азайту туралы алған білімдерін тиянақтау....Жануарлар әлемінің қызыл кітабы
Міндеті: Балаларды өз бетімен білім табу, дәлелдеу және түсіндіруге үйрету. Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін жануарларды қорғау шараларын...Информатика жұлдыздары
СҚО, Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы...Қазақстан табиғаты
Өскемен қаласы «№ 26 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кабдуахитова Назым...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.