Сайтқа кіру Тіркелу

Х дыбысы мен әрпі

Тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Х дыбысы мен әрпімен таныстыра отырып, оның дауыссыз, қатаң екенін түсіндіру. Х дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға есте
сақтауға үйрету, Х әрпінің кіші және бас әрпін жаздыру.
Шығармашылық қабілетін дамыту, қиялын шарықтатып, логикалық ойлау қабілетін арттыру. Ойын арқылы еңбектенуге, ұқыптылыққа, сыйластыққа, еңбекке баулу.
Түрі: Жаңа білімді меңгеру
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, суреттер, кеспе әріптер.
Пән байланысы: Математика
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасы
- Біз қандай дыбыспен таныстық?
- Ю қандай дыбыс? Неге?
- Ю деп айтқанда неше дыбыс естіледі? Ал жазғанда неше әріп болады?
- Ю сөздің қай жерінде келеді? Мысал келтір
- «Асыл мұра» әңгімесін оқыту
- Тақпақты жатқа сұрау
- Суреттерін бағалау ілу

ІІІ Негізгі бөлім
«Қарада» жоқ «ханда» бар
«Қағазда» жоқ «хатта» бар
Кәне ойланып көрейік,
Бұл әріпті кім табар? (Х әрпі )

- Халық, хат, хан сөздері қай дыбыстан басталып тұр.
- Балалар, бізге бүгін хат келіпті
- Хабар телеарнасынан келген
Сәлем хат!
Саламатсыңдар ма менің кішкентай достарым! Хал - жағдайларың жақсы ма? Алда келе жатқан 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын! Сабақтарыңды тек 4 - 5 - ке оқыңдар. Сәлемнен Райхан. Хош сау болыңдар.
- Тәуелсіздігімізге неше жыл толады?
- Хатты оқығанда қандай х дыбысы бар сөздер естідіңдер?
- Хал - жағдай, хат, хош, Райхан, хабар
- Енді алғысымызды айтып сабағымызды бастайық.
- Х деп айтайық. Созылмай, қысқа айтылады. Тамағымызға күщ түсіріп айтамыз.
- Ауа өкпеден кедергі арқылы шығады. Сондықтан х - дауыссыз, қатаң.
- Баспа, жазба әріптерін көрсету.
- Х дыбысы бар сөздерді ата
Х сөздің барлық жерінде келеді.
Хоккей - қысқы спорт ойыны
Х - дауыссыз, қатаң
О - дауысты, жуан
К - дауыссыз, қатаң
К - дауыссыз, қатаң
Е - дауысты, жіңішке
Й - дауыссыз, үнді
6 дыбыс, 6 әріп, 2 буын бар
Хок - кей
- Кітаптағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру, буынға бөлу.
- Х сөздің қай жерінде тұр?
«Хоккей» мәтінін оқу үшін бізде хоккей ойынын ойнаймыз.
- Хоккей ойынына қандай заттар керек?
- Қақпа, шайба, доптаяқ, коньки, мұз айдыны керек.
«Барыс» және «Ұлар» болып 2 топқа бөлінеміз.
Топтың қақпашы мен шабуылшыларын сайлаймыз.
- Мәтінді түсініп оқу, тізбектей оқыту
- Мәтінде неше сөйлем бар (6)
- Мәтіндегі х дыбысы бар сөздерді сана (9)
- Хасан кім, Хамит кім болды?
- Кімнің тобы жеңіп шықты?
- Төртінші сөйлемді тап? Ол сөйлем неше сөзден құралған?
- Соңғы сөйлемде неше сөз бар?
- Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылардың тобына ұпай беріліп тұрады. Жеңген топ анықталады.
- Х әрпін тақтаға жазу, оны ауада жазып көрсету, дәптерге жазу.
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық.
Көркем етіп жазайық.

Сергіту сәті
Ха, Хо, Хи, Хе буындарын айта отырып, күлу.
Тақтамен жұмыс
Халық, хан, халат сөздерін жазу, буынға бөлу, сөйлем құрау.
Әріптерден сөз құрау
Шахмат, саяхат, сұхбат
Қосымша тапсырмалар беру.
Хана

Наубай..., дәм..., дәрі..., ас..., ем..., кітап..., ұста..., ауру...
- Сөздер құрау, оқыту, мағынасын түсіндіру
- Х дыбысы бар адам аттарын атау

ІV Қорытынды.
Оқушыларды бағалап, х дыбысы мен әрпін қайталау, пысықтау.
V Үйге. Ата - анадан харам, халал, сөздің мағынасын сұрап келу.
Жақсы көрген адамына хат жазып келу, мәтінді оқу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×