Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
Мақсаты: табиғаттағы су көздері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Суды үнемдей білуге, таза ұстауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі; баяндау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: инт. тақта, карта, тәжірибе жасауға қажетті құралдар
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық ( оқушылар бір - біріне тілек тілейді) Класс оқушылары үш топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланады. Алда жаңа жыл мерекесіне орай тапсырмалар орындау арқылы шыршаны безендіру тапсырылады.
Үй тапсырмасын тексеру: 1 - топ Өзен мен көлдің айырмашылығы
Жауап: жылғалар бір - бірімен қосылыпөзен құрайды. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл дейді)
2 - топ Өзен мен тоғанда қандай шаруашылықты өркендетуге болады?
Жауап: өзен балық, құс, гүлшаруашылығы тоған аң, мал шаруашылығы
3 - топ Тұзды және жасанды көл қалай жасалады?
Жауап: Суға тапшы құрғақшылық жерлерде жасанды көл жасалады. Ағын сумен шайылып келген тұздар түбіне тұнып қала береді де тұзды айдындар пайда болады.
Қызығушылықты ояту: Жұмбақ шешу
Жылт - жылт еткен Жылғадан өткен (Су) Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. «Суды қорғау»
Үш топқа тапсырма:
1 - топ Судың адам өміріндегі маңызын айт
2 - топ Суды ластанудан қорғау жолдары
3 - топ Судың табиғаттағы маңызын айт
Оқулықпен жұмыс Мәтінді оқу, түсіндіру Картамен жұмыс. Жер бетінде су алып жатқан аймақтарды көрсету. Картадағы белгіленуі, түсі өз жеріміздегі өзендер туралы әңгімелеу.
Дәптермен жұмыс. Суға байланысты тиым сөздер жазып, мағынасын ашып түсіндіру
Тәжірибе жасау: Екі стақанның біріне сүт, екіншісіне су құйып, ішіне қасық саламыз. Қайсысы анық көрінеді? Неліктен? Дәлелдеу
Бекіту: 1 - топ Судың барлық қасиеттерін сызбаға түсіру
2 - топ Судың үш күйі? Сусыз не жоқ?
3 - топ Суды қорғау (кластер әдісі)
Бағалау топ басшыларының бағалауы
Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, «Су – тіршілік көзі» тақырыбына әңгіме жазып келу
Суды қорғау
- Гулсима
- 9 сәуір 2014
- 9226
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, бастауыш сыныпқа, суды қорғау
Ұқсас жаңалықтар:
Судың қасиеті
Су туралы мағлұматтар беру. Тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтау. Су туралы тыйым сөздер үйрету....Өзен және көл. Суды қорғау
1. Су туралы алған ұғымдарын нақтылау, тереңдету. 2. Судың қасиетін, маңызын меңгерту. 3. Судың табиғаттағы тіршілік көзі екендігін түсіндіру....Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)
Сабақтың тақырыбы: Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)...Су
Білімділік:Табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, пайдасын, судың табиғаттағы айналысын, жер асты суы, оның пайдасын, Қазақстандағы ірі өзендер,...Суды қорғау
Ақтөбе обл, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исеғали Жайдар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.