Сабақ тақырыбы: Фариза Оңғарсынова. «Жылу» өлеңі
Сабақ мақсаты:
1. Өлеңді дұрыс, түсініп оқуға үйрету, өлеңдегі тақырып пен идеяны ашуға мүмкіндік жасау.
2. Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу, тілін дамыту.
3. Мейірімділікке, жақындарына деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Суреттер, портрет
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын сұрау
а) Оқушылар әңгіме мазмұнын жатқа айтады.
ә) Үйден жазып келген эсселерін оқиды.
б) Бекіту
- Анаңның ақ сүті мен әкенің маңдай терін ақтау әрине біздің борышымыз, парызымыз.
Сондықтан елбасы Н. Назарбаевтың жарлығымен 2010 жылдан бастап 6 баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеген аналар «Күміс алқа», ал 7 баланы тәрбиелеген аналар «Алтын алқа» медалімен марапатталып келеді.
III. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау
• - Кәне, балалар әрқайсысың өздерің үшін ең әсем, ең сұлу дүниелерді естеріңе түсіріңдер.
• Көздеріңді жұмып, жайланып отырыңдар да, сол естеріңе түсірген ең әсем, ең сұлу дүниелер сендердің жан дүниелеріңе күн сәулесіндей жып - жылы, нұр болып енді деп ойлайық.
• Сол жып - жылы нұр енді біздің санамызды нұрландыруда. Ол сендердің ой - саналарың тек қана жақсылық, ізгілікке бағытталса екен дейді.
• Енді нұр жылжып, біздің көзімізге сәулесін түсірді, көздеріміз тек қана жақсы, әсем нәрселерді көрсе екен дейді.
• Енді нұр құлағымызға да сәулесін шашып тұр. Құлақтарымыз тек қана шындықты тыңдап, жақсы хабарларды көбірек естісе екен дейді.
• Енді сол жып - жылы сәуле тілімізге түсіп, жақсы, мейірімді сөз айтуымызды қалайды.
• Жып - жылы сәуле жылжып біздің екі қолымызға да жетті. Ол қолдарымыз жақсы, адал, ізгі іс жасаса екен дейді.
• Сәуле өз нұрын екі аяғымызға да түсірді. Қымбатты балалар, аяқтарың тек қана жақсы жерлерге қадам басса екен деп тілейді.
• Енді сәуле, ақырын жоғары көтеріліп келеді. Сендердің мейірімді кішкентай жүректеріңе келді. Енді сол жып - жылы сәулені жүрегімізге ұялатып, сақтап қояйық та, әр кез нұрлы жүрегімізбен айналамызға сәулемізді шашып жүрейік.
• Енді көздерімізді ашайық.
• Ал балалар кім не сезінді, ойларыңды ортаға салайық.
• - Жылуды сезіндіңдер ме?
• - Ол жылу қайдан келді?
- Бүгінгі сабағымызда Фариза Оңғарсынова. «Жылу» өлеңімен
танысамыз.
2. Шығарманы оқу
а) Мұғалімнің оқуы
ә) Дауыстап, тізбек бойынша оқушылардың оқуы
3. Сөздік жұмысы
Түсініксіз сөздерді түсіндіру.
4. Шығарманы талдау
- Өлең кім туралы?
- Ақын ананы неге теңеген?
- Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
- Ана мейірімі туралы не дейсің?
- Ана сүті туралы ше?
6. Дәптермен жұмыс
«Ана» сөзіне бес жолды өлең құрастырамыз.
Зат есім: Ана
Сын есім: Мейірімді
Етістік: Аялайды
Сөйлем: Ана - біздің күніміз.
Мәндес сөз: Шеше
7. Сергіту
Қимыл - қозғалыспен көрсету.
Атамның алып күрегін
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын
Шаң - тозаңды қуамын.
Ойын «Иә» мен «жоқ»
Абай атамыз айтқандай: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» - дейді.
- Мынадай баланы жақсы деуге бола ма?
Оқушылар берілген сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап берулері тиіс. «Иә» десе, қол шапалақтайды, ал «жоқ» дегенде аяқтарын топырлатады.
1) Қыста құстарға ұя жасаса?
2) Резеңке тартып құстарды атса?
3) Анасына әрқашан көмектессе?
4) Күнде кәрі әжесі үшін дүкенге барса?
5) Ағаштың бұтақтарын сындырса?
6) Сабағын уақытылы оқыса?
7) Сабаққа кешігіп келсе?
8) Досын ренжітсе?
9) Дәптерін таза ұстаса?
IV. Қорытындылау
Дала суық болса да, біздің құрастырған күніміз жарқырап, шуағын мол төгіп тұр. Табиғат ана жер бетіне жылуын сыйласа, анасы баласынан өз мейірімін аямақ емес.
VI. Үйге тапсырма: Анаң туралы әңгіме жазу, өлеңді жаттау, автор туралы мәлімет жинау.
V. Бағалау
Фариза Оңғарсынова
- Уразгуль
- 5 сәуір 2014
- 11249
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, Фариза Оңғарсынова, жылу өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
Өнер - өмір өрнегі
Құндылық: сүйіспеншілік. Қасиеттер: Жасампаз болу. Мақсаты: Оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету. Адамның жасампаздық...«Әже» Ф. Оңғарсынова
Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі Кабуова Сәуле...Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Атамекен орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Санкибаева Мадина...Отбасым бақыт мекені
- Амансыңдар ма, балалар! Мен сендерге кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бір - бірімізге жылы тілегімізді өлең жолымен айтайық....Жылу Ф. Оңғарсынова
Пән: Ана тілі 2- сынып Сабақ аралас Тақырыбы: Жылу Ф. Оңғарсынова Мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын түсіндіру, үйрету....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.