Мақсаттары:
Білімділік мақсаты: Топырақты қорғау туралы, топырақ туралы білімдерін арттыру, еске түсіру, жаңа білім беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіс дағдыларынсыни тұрғыда қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға экологиялық – экономикалық тәрбие беру.
Әдісі: Венн диаграммасы, Раунд - Робин, ЖИГСО, эссе, сарамандық жұмыс, ойын.
Түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Үнтаспа, телевизор макеті, сигналды карточкалар, химиялық ыдыстар.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
«Хабар – жер»музыкасы ойналады.
Жүргізуші:
- Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын.
Эфирде «Хабар - жер»бағдарламасы.
Кең - байтақ қазақ жерінде табиғат байлықтарының аса мол қоры шоғырланған. Жер - құт, береке көзі. Топырақ адамзатты тамақпен қамтамасыз етеді. Сондықтан, топырақты қорғау - басты міндетіміз. Жақында №173 мектепте осы тақырыпта семинар сабақ болып өтті. Енді осы бейне материалымызды назарларыңызға ұсынамыз.
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
2. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беру.
1 - топ Жерді жырту, аударудың қажеті неде?
2 - топ Егілмей, бос жатқан жерлердің жағдайы қандай?
3 - топ Топыраққа қандай тыңайтқыштар беріледі?
4 - топ Венн диаграммасын құру
«Органикалық және минералдық тыңайтқыштар»
Тексеру: 1, 2, 3 - топтарды Раунд - Робин әдісі арқылы,
4 - топты ауызша сұрау.
3. Бекіту
- Топыраққа қай тыңайтқышты берген пайдалырақ деп ойлайсың?
- Неліктен?
4. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау
- Балалар, енді бәріміз көзімізді жұмып, ой қозғап алайықшы.
- Осы бізге, адамзат баласына топырақ қажет пе?
- Оның қажеті қандай?
- Соңғы кездері топырақ азып - тозып бара жатыр дейміз. Сонда жеріміз тозып кетпеу үшін не істеу керек?
(Жердің құнарлылығын арттыру керек, тыңайтқыштар себу керек...)
- Осының бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
(Топырақты қорғау деп атаймыз.)
2. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді 4 топқа бөліп беру.
а) іштей оқу,
ә) топта талқылау,
б) әр топтың лидері мазмұнын айтады.
3. Топтық жұмыс
- Балалар, енді өзімізді бір сәт ересек адамбыз деп ойлап көрейікші. Мысалы, «Егер де мен журналист болсам немесе депутат болсам, топырақты қорғау мәселесін қалай шешер едім?» деп ойланып көрейік.
1 - топ Журналистер
«Топырақ не себепті бүлінеді?»тақырыбына мақала жазу.
2 - топ Корректорлар
Оқушыларға қате құрастырылған шағын мәтіндер беріледі.
Корректорлар тапсырмадағы қателерді табу керек.
3 - топ Депутаттар
- Топырақты қорғау үшін не істеу керек?
(Ұсыныс, пікірлерін айту.)
4 - топ Зерттеуші ғалымдар
а) Топырақ түрлерін анықтау.
ә) Оларға қандай дақылдар егуге болатынын анықтау.
5. Қорытындылау
- Енді ойын ойнасақ қайтеді?
«Ия ма, жоқ па?»ойыны
Оқушыларға сұрақтар қойылады, олар алдарындағы белгілерді көтеру арқылы жауап береді. Дұрыс болса, «жасыл түс», дұрыс емес болса «қызыл түсті» көтереді.
- Егістіктегі зиянды жәндіктерге қарсы химиялық дәрі - дәрмектерді қолдану дұрыс па?
- Неліктен?
- Топырақты судың шаюынан сақтау үшін өсімдіктер егу шараларын дұрыс деп санайсың ба?
- Неліктен?
- Жерді жеке меншікке беру туралы шешімге келісесің бе?
- Неліктен?
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру
Мәтінді оқып, мазмұндау.
Жүргізуші:
- Хабарымызды жалғастырамыз, құрметті көрермендер. Эфирде «Хабар - жер»бағдарламасы.
Президентіміз таяудағы үш жылды «Ауылды қолдау»жылы деп жариялады. Жер туралы заңға да үлкен өзгерістер енгелі тұр.
Лайым жақсы өзгерістер болғай!
Осымен хабарымыз аяқталды. Бай, қуатты болайық, ағайын!
Музыка ойналады.
Топырақты қорғау
- Уразгуль
- 28 наурыз 2014
- 15843
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, дүниетану, Топырақ экологиясы
Ұқсас жаңалықтар:
Топырақ. Топырақты қорғау
Топырақтың ерекшелігі және оның құрамымен таныстыру. Топырақтың түрлерін ажырата білуге үйрету. Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін түсіндіру. Топырақ...Топырақтың ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: 1. Топырақ туралы ұғымдарын кеңейту, оның ерекшелігі мен құрамы туралы мағлұмат беру. 2. Есте сақтауын, мәдениетті сөйлеу, ой –...Өсімдік - тірі организм
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...Топырақ Дүниетану 2-сынып
Мақсаты: Білімділік. Топырақ жайлы және оның құрамы туралы түсінік беру, тәжірибе арқылы көз жеткізу. Дамытушылық. Оқушылардың байқағыштығын, ойлау...Топырақ экологиясы
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті №176 орта мектеп Игембаева Гүлнар Ыдырысқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.