Сайтқа кіру Тіркелу

Мектепте

Сабақтың тақырыбы: Мектепте.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды мұғалімнің қызметімен және мектеп ұжымымен таныстыра отырып, білім ошағының оқушы өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру.
Міндеттері:
1. мектептің негізгі құрылғыларымен, ережелерімен және мұғалімдердің еңбегімен таныстыру.
2. Балалардың мектеп өмірі туралы түсініктерін кеңейту.
3. Ұқыптылыққа, сыйластыққа, бір – бірінің сөздерін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, проблемалық, іздендіру, көрнекілік әдіс, топтық, талдау – жинақтау әдістері.
Көрнекілігі: білім мекемелерінің суреттері, инт. Тақта, кітапхана, кітап суреттері, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме? Кұрал – жабдықтарымызды алайық.
Бүгін мен сендерді сабақта 6 топқа бөлемін. Партаның үстінде топтарыңның аттары жазылып тұр.
1. Тапқырлар.
2. Білгірлер.
3. Ойшылдар.
4. Алғырлар
5. Талаптылар
6. Ізденімпаздар
Бағалау парағы. Балалар бүгін мен сендерді топпен бір баллдық жүйемен бағалаймын. Әрбір дұрыс жауапқа бір кітап беріліп отырады. Оны сендер кітапханаға жабыстырып отырасындар. Сабақтың соңында кім көп кітап жинағанын көреміз.
II. Үй тапсырмасы: «Бәйге»
Сол жақтағы он – Мәдениет деген не?
Сол жақтағы екінші он – Мәдени мекемелерді ата.
Оң жақтағы он – Қандай мәдени мекемелерде болдың?
Оң жақтағы екінші он – Мектеп ережесі деген не?
Сол жақтағы жиырма – Әбілхан Қастеев атындағы Қазақ мемлекеттік мұражайы қай қалада орналасқан?
Сол жақтағы екінші жиырма – Дастарқан басында өзіңді қалай ұстау керек.
Оң жақтағы жиырма – Лондон қаласында бұдан 200 жыл бұрын өнер көрсетуге арнап салынған ғимаратта қандай өнер көрсеткен
Оң жақтағы екінші жиырма - ең бірінші «Әліпбиді» жазған кім?
Сол жақтағы отыз – Білім беретін мекеме
Сол жақтағы екінші отыз – Кітапханалар неліктен мәдениет мекемесіне жатады?
Оң жақтағы екінші отыз - Білім туралы мақал – мәтелдер айт.
Оң жақтағы отыз – Астана қаласында қандай мәдени мекемелерді білесіңдер
- Жарайсыңдар! Астана қаласындағы «Атамекенде» болып көрдіңдер ме?
- Атамекенде Қазақстанның әр қаласының мәдени мекемелерімен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген үлгілері бар.
- Біз мәдениетке, мәдениеттілікке қайдан үйренеміз?
- Әрине мектептен!
- Олай болса мен сендерге мынадай тапсырмалар берем
III. Жаңа сабақ
1. Топқа бөлу.
2. Топтастыру.
А) Тапқырлар.
оқушы сөзіне
Ә) Білгірлер.
Мектеп сөзіне
Б) Ойшылдар.
мұғалім сөзіне
В)кітап сөзіне
Г)достар сөзіне
Д)ата - ана сөзіне
Жарайсыңдар! Мектепте біз тәрбие, білім аламыз.
Мектепте не бар?
Мектеп қандай мекеме?
Мектепте – мәдени мекемеге жатады. Мектепте біз білім мен тәрбиені қатар аламыз.
- Балалар, бүгін біздің дәптерлерімізбен кітаптарымыз демалсын. Тақтамен жұмыс істейміз.
Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтіннің бірінші бөлімімен жұмыс. 1 – топ дауыстап оқу.
Мектептің барлық қызметкерлері мен оқушылары мектеп ұжымын құрайтыны саған 1 - сыныптан белгілі. Ұжымның әр мүшесі мектепте өз жұмысын атқарады. Мұғалімдер Балаларды оқытады, директор мектепті басқарады. Оқу ісінің меңгерушілері сабақ кестесін жасайды және оқу үрдісін қадағалайды.
2. Мәтіннің екінші бөліміменжұмыс. 2 – топ дауыстап оқу.
Кіреберістегі кезекші сабақтың басталуын және аяқталуын білдіретін қоңырауды соғады.
Мектепте кабинет көп. Онда оқу құралдары, аспаптар, компьютерлер қойылған. Оларды оқушылр пайдаланады.
3. Мәтіннің үшінші бөлімімен жұмыс – 3 топ дауыстар оқу.
Мектеп шеберханасындағы ағашпен және металмен жұмыс істейтін станоктер қойылған. Сол станоктармен ұл балалар жұмыс істейді.
4. Мәтіннің төртінші бөлімімен жұмыс. 4 – топ дауыстап оқу.
Қыз балалар тігін шеберханасында немесе үй шараушылығы кабинетінде жұмыс істейді. Олар киім пішуді, тігуді, нан, тағамдар пісіруді үйренеді.
5. Мәтіннің бесінші бөлімімен жұмыс. 5 – топ дауыстап оқу.
Әр мектепте кітапхана бар. Ондща оқулықтар, Қазақстан және басқа ел жазушыларының кітаптары жинақталған.
Сен мектепте оқисың. Сенің міндетің – мектепке бару, сабаққа кешікпеу, мұғалімнің тапсырмасын орындау, мектепте өтетін іс – шараларға қатысу.
Егер сенің мектебің белгілі бір батырдың немесе атақты адамның атында болса, оның кім екенін жақсы білуің керек.
6. Алтыншы топқа мәтін жетпегендіктен мен оларға мектеппен байланысты сұрақтар берем.
- Біздің мектеп қалай аталады?
- Қай көшенің бойында орналасқан?
Алдымен оқушылардың өздері әңгімелейді, мұғалім толықтырады.
1. Кіріспе әңгіме.
Мұғалім қазақ даласында ең алғаш мектеп ашып, бала оқытқан ағартушы Ы. Алтынсарин туралы әңгімелейді.
- Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, ақын, жазушы.
Кел балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық, -
деп, қазақ балаларына «Оқу хрестоматиясын» жазып, балаларды білімге шақырды.
2. А. Байтұрсынов – ақын, мемлекет қайраткері. Ол ұлттықәліпбиді тұңғыш рет жасап, жаңа үлгі ұсынды. Ол «Оқу құралы» атты тұңғыш әліппелердің бірін жазды.
Қазір білім беру саласы жаңаша дамып жатыр. Біздің елімізде оқымайтын, білім алмайтын бала жоқ. Жаңаша үлгіде қаншама мектеп, лицей, гимназиялар жұмыс істейді. Арнайы орта білім беретін колледждер, жоғары білім беретін университет, институттар бар.
3. Техниканың дамуымен электронды есептеуіш машиналар пайда болды. 1990 жылдардан бастап электронды есептеуіш машинасы деген терминнің орнына компьютер деген етрмин пайда болды. Компьютер барлық жерде қолданылады. Сондықтан компьютермен жұмыс жасауды үйрету мақсатында мектептермен жазуды, есептеуді, сурет салуды үйренесіңдер.
IV. Сабақты қорытындылау.
Оқыту
тәрбие беру мекеме
мәдениет МЕКТЕП қарым - қатынас
білім беру мұғалім
мамандық
Сызба арқылы «Мектеп – білім беретін мекеме». Ол – жоғары оқу орнына апаратын алғашқы баспалдық» деген үғым бекітіледі
1. Оқушылардың мектептегі міндеттерін айт.
2. Ересектер өздерінің мамандықтарына қалай қол жеткізді?
Мектепте – мәдени мекемеге жатады. Мектепте біз білім мен тәрбиені қатар аламыз.
V. Үйге тапсырма беру. Мәтінді түсініп оқып келу.
VI. Бағалау. Топтардың кітапханаға жинаған кітаптары бойынша бағаланады.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Мектеп, дүниетану, жоспар
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп туралы сабақ

Мектеп туралы сабақ

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №1 мектеп - интернат қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абильмажинова Гүлмира Каниевна...
Қожаның бейнесі

Қожаның бейнесі

Шығыс - Қазақстан облысы, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ерғазинова Оразкен Қойшыбекқызы...
Мектеп – білім беретін мекеме

Мектеп – білім беретін мекеме

Мақсаты: 1. Оқушыға әрбір адам білім алу керектігі туралы ұғымды қалыптастыру. Білім беретін мекемелермен таныстыру. 2. Оқушылардың әр түрлі әдіс -...
Кітап қайдан шығады?

Кітап қайдан шығады?

Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы, Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Утенова Қалия Ғинаятқызы...
Мектеп (сурет бойынша әңгіме құрату)

Мектеп (сурет бойынша әңгіме құрату)

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×