Сабақтың тақырыбы: Жақсы бала – жанған шырақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жақсы қасиетке үйрету, жаман әдеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиеттерін дамыту; ата - ана мен баланың өзара түсіністіктерін арттыру; мейірімділікке тәрбиелеу, ата - анасын қадірлей, құрметтей білуге дағдыландыру. Ұжымда жұмыс жасауға үйрету, бір - бірін тыңдау, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар, фотоальбом, шырақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
(залды әсемдеу, оқушыларды, ата - аналарды түгендеу)
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
1. Мұғалімнің әңгімесі
Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деген: «Отбасы – қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан кез - келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді»
Алдымен сүй, ардақта ата - анаңды,
Үлгілі ұрпақ ата - анадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ата - ананың жасалады.
2. Мағынаны ажырату.
«Отбасы» деген не? Ассоциация әдісі арқылы өтеді (ата, әже, ана, әке, бауыр, апа, аға, іні, қарындас)
3. Оқушылар сөзі
1) Ұл - қыз ата - анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтсем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата - ананың ақылды ұл - қызы боп өседі.
2) Ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата - анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
3) Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып - қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
4) Кейбір тәрбиесіз, әдепсіз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып әке, ана, апа, туыс, бауырларыңды сыйлап жүріңдер.
5) Құран Кәрім: «Біз адамдарға ата - аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» деп жазады.
6) Конституциямызда «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті» делінген.
4. Мұғалім:
Ата - ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Отбасында баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым - қатынасы және тағы басқа кісілік келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеу керек екендігі бәрімізге аян. Біз бұл тәрбие сағатымызға тыңғылықты дайындалдық, сынып оқушыларын топқа бөлдік, әртүрлі тапсырмалар бердік.
Топ аттары: 1. «Құлыншақ» 2. «Қуыршақ» 3. «Болашақ» 4. «»
Тапсырмалар:
1. «Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез, әдеппен» Мақал - мәтел сайысы (отбасы туралы)
2. «Ата - ана отбасының діңгегі» Слайд қорғау
3. Жағдаяттар шешу
4. Ойын ойнау
Жағдаяттар:
1. Үй жинап жүріп қымбат ыдысты сындырып алдың. Анаң ренжулі түрде қарады. Сенің іс - әрекетің?
2. Сенің туған күнің. Анаң тәттілерді 10 - да әкелем деп ұмытып кетті. Сенің іс - әрекетің?
3. Әкең туған күніңе ұялы телефон алып берем деген. Дәл сол күні жаңа телефон да үйге келді. Бірақ сол күні сабақта нашар баға алдың, енді не істейсің?
4. Сыныпта кезекшісің. Тақта мен парталарды ылғалды сүрткішпен сүртіп жүріп, журналға байқамай су төгіп алдың. Сенің іс - әрекетің?
Ата - анаға жағдаят: Балаңыз сабақты 4 - 5 - ке оқиды. Бір күні сабақтан 2 деген баға алды, екілік алған күнделік бетін жыртып тастаған. Сіз не істер едіңіз? (1 - 2 ата - ана пікірін тыңдау)
«Отбасымның құпиясы» Балаға:
- Әкеңнің туған күні қашан?
- Анаңның сүйіп атқаратын жұмысы не?
- Анаңның туған күні қашан?
- Әкең күнделігіңді қарай ма?
- Үйде ыдысты кім жуады?
- Таңертең сені кім оятады?
- Сабақ қашан бітеді?
Ата - анаға:
- Баланыңыздың ең жақын досы кім?
- Баланыңыз қандай журналды сүйіп оқиды?
- Баланыңыздың сүйікті асы не?
- Баланыздың арманы не?
«Сиқырлы жүрек» Бұл бөлімде оқушылар қағаз «жүрекке» «Жақса бала» тіркесіне қажетті сөздер жазады. Ал ата - аналар балаларын жазалағанда айтатын сөздерін жазады.
Оқушы: Ата - ана бақытымсың барымсың,
Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың.
Жалғасындый ата - ананың балалар,
Жақсы атымен бар әлемге танылсын.
Бақытты отбасы – келешек кепілі,
Тәрбие – бұл жұмбақ шешімі.
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету –
Әрқашан да үлкендердің міндеті.
Халқымыз «Жақсы бала - жанған шырақ» дейді. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
Шырақ жағу.
Жақсы бала жанған шырақ
- санжан
- 25 наурыз 2014
- 15492
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашық тәрбие сағаты, 4 сынып, балалармен жұмыс
Ұқсас жаңалықтар:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...
Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен біріңғай білім...Ынтымақты отбасы
Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Отбасы - отанның бір...Отбасым - бақыт мекенім
Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным...Ата- аны құрметтеу үлкен парыз
Мақсаты: оқушыларға ата - ананы құрметтеу үлкен парыз екенін дәлелдеу....Ардақта ата-анаңды!
Мақсаты: Білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.