Сайтқа кіру Тіркелу

Үшбұрыштың периметрін табу

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың периметрін табу. Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын.. өлшеу және оның периметрін табуды үйрету.
Дамытушылығы: Өз беттерімен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа және.. өздері қорытынды шығара білуге машықтандыру.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ, плакаттар Сабақтың түрі: Дамыта оқыту Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, дәлелдеу. Сабақтың барысы: I - Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,. Математикаға орын берсең басыңнан.. Барлық ғылым саған үйір болады,. Досың солар табылатын қасыңнан. – Қазір бізде қай сабақ? - Математика сабағы. – Міне, балалар, бізге қонақтар келіп отыр. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады»демекші біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық. Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы ретінде өтіледі. Біз бүгін Астанаға саяхатқа барамыз. Ол үшін балалар поезға міну керек. Поезға міну үшін билет алуымыз керек. Ал, билетті алу үшін, біз үй тапсырмасын тексеріп алайық.
II - Үй тапсырмасын тексеру: №6. Теңдеуді шеш:
60 - х=23
x=60 – 23
x=37
60 - 37=23
15+x=25
x=25 – 15
x=10
15+10=25
x - 16=44
x=44+16
x=60
60 - 16=44
Ал, балалар, үй тапсырмасын тексеріп алдық. Теңдеуді дұрыс шешіпсіңдер. Ондай болса билет алып поезға мінуге мүмкіндік ашылды. Ендеше біз бүгінгі жаңа сабағымызды бастаймыз.
III - Жаңа сабақ өту:
Балалар жаңа сабақты бастамас алдын сөзжұмбақты шешіп алайық. Сөзжұмбақтың жауабын тапсақ бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы шығады.
1. Геометриялық фигура
2. Бір таңбалы сан
3. Мәселе есепті шығару үшін керекті сөз
4. Екі кесіндінің қиылысқан тұсы
5. Төртбұрыштың ені........
6. Сыйымдылық өлшем бірлігі
7. 16 - 7
8. Геометриялық фигураларды сызуға арналған құрал
1. Жаңа сабақты жариялау: Үшбұрыштың периметірін табу. Қайталау - Ендеше балалар үшбұрыштың периметірін табу ережесін есімізге алайық.
Үшбұрыштың периметірін табу үшін үшбұрыштың барлық. қабырғаларын қосамыз. Периметірді латын әріпімен.... белгілейміз P
2. Оқулық бойынша жұмыс жасаймыз.
Есепті шығарып біз поездан түстік. Астанаға келіп жеттік. Енді Астананы тамашалау керекпіз. Ол үшін №2 есепті шығарып алайық.
Ендеше екінші есепті де, жақсы нәтижемен шығардық енді бәйтерекке барамыз. Біз Бәйтеректі тамашалау үшін №3 есепті шығаруымыз керек.
№3 Асқар конструктордан үшбұрыш пішінді тікұшақ қонатын алаң құрастырды. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындығы бірдей, әрқайсысы 30см – ден. Осы алаңнын периметірін тап. Оны дициметірмен өрнекте.
P=30см+30см+30см =90см
90cм=9дм
Бұл есептіде дұрыс орындадық. Енді ойнап көңілімізді сергітіп алайық.
Кел, ойнайық!
Фигуралармен қандай сандар жасырылған.
Жарайсыңдар! Бұл есепті де жақсы шығардындар. Ендеше Астанадағы ханшатыр ойын - сауық орталығын тамашалайық. Одан ары қарай кету үшін тағы бір есепті шығарайық
Олай болса балалар, бұл есептіде шығарып алдық. Енді Астанадағы Дұманды тамашалауға барамыз. Ол үшін тағыда бір есепті шығарып алайық.

№5 Қайсыс есеп? Оны шығар. Оқушылар залды барлығы
Оқушылар залға 5 сурет Әшекей іліп безендірілді. Егер және 25 жалауша ілді әшекейлердің ішінде 5 сурет Сурет пен жалауша қанша болса, және 25 жалауша болса, олар сонша шар ілді. Зал барлығы оқушылар неше шар ілді? неше әшекеймен безендірілді?
Тапсырманы есепке айналдыр және шығар.
Шарты: С - 5 Ш. с
Ж - 25
Сұрағы: Зал барлығы неше әшекеймен безендірілді?
Шешуі: 1) 5+25=30 30+30=60
2) (5+25)+30=60
Жауабы: 60 әшекеймен безендірілді.
Ал, балалар бұл есепті де шығардық. Енді Пирамидаға жол алайық. Оған бармас бұрын бір демалып алайық
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Саусақты ашып – жұмамыз, Содан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз. Иықты артқа ысырып, Басты төмен саламыз. Жаттығу жасап осылай, Үлкен боп ертен шығамыз.
Демалып алсақ, әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз. Біз енді Перамидаға бару үшін тағы бір есепті шығарайық.
№6
Суретте барлығы асық бар? Осы асықтарды 2 балаға тең бөліп бер. Әр бала неше асық алды? Сол асықтарды балаларға 2 - ден бөліп бер неше бала асық алды?
Жауабы: Суретте 14 асық бар. Осы асықтарды 2 балаға берсек, 7 асық - тан тиеді сол асықтарды екі - екі ден бөлсек 7 – ті балаға тиеді.
Бұл есептіде жақсы шығардындар. Ал ондай болса, енді қызықты логикалық есепті шығарып көрейік.
Логикалық есеп: Маймыл бұтаққа жайғасып банан жеп отыр. Оның әр қолында 1 - ден банан бар. Әр аяғында қолындағыдан 1 банан артық. Маймылда неше банан бар?
Ендеше балалар біз осы жерден саяхатымызды аяқтаймыз.
Сабақтың қорытындысы: Бүгінгі сабағымызды аққала құрастыру арқылы құрастырып көрейік.
●Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
●Несімен ұнады?
Ал ондай болса, балалар бүгінгі сабаққа өте тамаша қатысып, өз білімдеріңді көрсете білдіңдер.
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың көңіл бөлме. Жасынан оқу оқып өнер құған Жан жетпес, көңілі жүйрік кеменгерге.
Үйге тапсырма:№4 есептің II - тобы Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау және бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу

Бүгінгі біздің тақырыбымыз үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. Сабағымыздың мақсаты: Оқушыларға үш таңбалы санды бір...
Рационал сандарды көбейту

Рационал сандарды көбейту

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Мұқыр ауылы Жеңіс негізгі мектебінің физика, математика пәнінің мұғалімі Самаева...
Өткенді қайталау. Математика 2 сынып

Өткенді қайталау. Математика 2 сынып

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру,...
Үшбұрыш  пен  төртбұрыштың периметрін табу

Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу

Ақтөбе қаласы №32 мектеп - гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна...
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер

Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер

БҚО. Шыңғырлау ауданы. Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш класс мұғалімі Кулушева Ақмарал Закарияновна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×