Сабақтың тақырыбы: «Он алтыншы желтоқсан» Тұманбай Молдағалиев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың еліміздің тәуелсіздігі; желтоқсан көтерілісі (1986 ж. 16 желтоқсан), Тәуелсіздік мерекесі туралы түсініктерін кеңейту; шығарманың мағынасын аша отырып, негізгі ойды анықтау.
Дамытушылық: оқушылардың шапшаң, дұрыс оқу дағдыларын; ауызекі, жазба сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сауатты жазу, өз ойын еркін түрде жеткізе білу дағдыларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, зеректікке, тазалыққа, сымбаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: тірек сызба; интербелсенді тақта; түрлі суреттер; мақал - мәтелдер ( отан, батырлық туралы), жұмбақтар, ойындар, шығармалар жинағы, нақыл сөздер, қима қағаздар,
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың типі: білімді дамыту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, жинақтау, жүйелеу; дербес, жұптық, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- сабақ мақсатын анықтау;
- бір - бірлеріне сәттілік тілеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру; оқушылардың бір - бірлерін бағалауы.
3. Қызығушылықтарын ояту.
Сөзжұмбақ шешу
1. Рәміздердің бірі. (Ту)
2. «Сұлу» сөзінің синонимы. (әдемі)
3. Түлкі қандай жануар. (қу)
4. Өте жақсы баға. (бес)
5. Мынау не? (көбелек)
6. Уақытты көрсететін құрал. (сағат)
7. Сүттен жасалынатын тағам. (ірімшік)
8. Үй құсы. (қаз)
9. Футболды немен ойнайды. (доп)
10. Киімді қайда іледі. (ілгіш)
11. Білім қазынасы. (кітап)
4. МАҒЫНАНЫ ТАНУ
1) «Ой қозғау» стратегиясы.
- «Тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесің? (тәуелсіз – дербес, егемен)
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- «Тәуелсіз Қазақстан» дегенді қалай түсінесіңдер?
2) «Болжау» стратегиясы. Криптограмманы шешу.
Н О Л А Н Ы Т Ы Ш Е Л Ж О Т Қ А С Н
2 1 2 1 5 4 3 7 6 2 3 1 5 4 6 8 7 9
«Он алтыншы желтоқсан»
- Қалай ойлайсыңдар бұл әңгіме не туралы болуы мүмкін?
3) Оқулықпен жұмыс:
А) Т. Молдағалиев туралы мағлұмат алу.
Ә) «Он алтыншы желтоқсан» өлеңімен жұмыс.
- өлеңді түсініп оқу; оқушыларға кезекпен оқыту, талдату
- өлеңнің негізгі ойын анықтау;
- таныс емес сөздермен жұмыс;
- өлеңнің мазмұнын жеткізу;
- өз ойын білдіру.
- алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
- «Есіңде болсын!» - ескерпелерді есте сақтап, орындау.
Б) Шығармашылық тапсырма.
Тәуелсіздік мерекесі туралы сурет сал.
4. Сергіту сәті
5. Ой толғаныс.
«Ой түйіні» ойыны. Қима қағазбен жұмыс. Мақсаты: өтілген өлеңнің мазмұнын меңгерілу деңгейін анықтау.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталған?
- Ақын өлең арқылы сендерге қандай өсиет айтқан?
6) Дәптермен жұмыс.
1 - тапсырма: Сөздік жұмыс.
2 - тапсырма: Өлеңнен негізгі ойды тауып, дәптерге жазып, есте сақта.
6. Рефлексия. «Он алтыншы желтоқсан» өлеңінің тәрбиелік мәні неде?
7. Қорытындылау.
А) Үй тапсырмасы:
1) өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Отан туралы мақал - мәтелдер жинастыр; жаттап ал.
ә) Оқушылардың бір - бірлерін бағалауы.
Он алтыншы желтоқсан
- kenje T
- 5 наурыз 2014
- 10125
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, әдебиеттік оқу, Тәуелсіздік, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік алған күн
Он алтыншы желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн. Мерекеге ел тосқан Атамменен барғанмын....Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...«Атай»
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Тишбекова Кенжегуль Махметовна...Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Астана қаласы, № 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Асемгул Казымбековна Әдебиеттік оқу 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.