Сабақтың тақырыбы: « Атай» Әнуарбек Дүйсенбиев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға адамның табиғатқа жасайтын қамқорлығы жайлы әңгімелеу; отбасы мүшелерінің қарым - қатынасы, тәлімдік үлгі - өнегенің тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту; жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата білуге баулу; шығармалардың мағынасын аша отырып, негізгі ойды анықтау; өздігінен еркін түрде өз ойын жеткізе білу.
Дамытушылық: оқушылардың отбасында, қоршаған ортада өзін мәдениетті ұстай білу дағдыларын қалыптастыру; ауызекі, жазба сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сауатты жазу, өз ойын еркін түрде жеткізе білу дағдыларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты аялауға; үлкенді сыйлауға; имандылыққа адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: интербелсенді тақтадан түрлі дидактикалық материалдар, мақал - мәтелдер (ата тәлімі туралы), суреттер, жұмбақтар, ойындар, шығармалар жинағы, нақыл сөздер, қима қағаздар,
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың типі: білімді дамыту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, жинақтау, жүйелеу; дербес, жұптық, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- сабақ мақсатын анықтау;
- бір - бірлеріне сәттілік тілеу.
Өзімді жақсы көремін,
Сені де сыйлаймын.
Бүгін, ертең,
Жақсылық болсын!
2. Үй тапсырмасын тексеру; оқушылардың бір - бірлерін бағалауы.
3. Қызығушылықтарын ояту.
А) «Мақал – сөздің ажары» ойыны. Берілген сөздерден мақал - мәтелдер құрастыру.
АТА ЖАҚСЫ - ОРМАН,
БАЛА ЖАҚСЫ – ҚОРҒАН.
«Жақсы ата - орман,
Жақсы бала - қорған.»
- Мақал - мәтелдің мағынасын ашу.
4. МАҒЫНАНЫ ТАНУ
1) «Ой қозғау» стратегиясы.
«Жаңылмай айт» ойыны. Жаңылтпашты жаңылмай айтып, оның ішіндегі сөздерді қалай түсінетінін айтқызу.
Алғыс алғыш – тіл алғыш,
Тіл алғышқа мың алғыс.
2) «Болжау» стратегиясы.
- Бүгінгі сабақтың не туралы екенін табу үшін мына криптограмманы шешіңдер.
3) Оқулықпен жұмыс.
А) С. Ақаев туралы мағлұмат алу.
Ә) «Ата тәлімі» әңгімесімен жұмыс.
- мәтінді түсініп оқу; Оқушыларға кезекпен оқыту, талдату
- мәтіннің негізгі ойын анықтау;
- таныс емес сөздермен жұмыс; «Ашкөз аңшы»
- мәтін мазмұнын жеткізу;
- өз ойын білдіру.
- алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
- «Есіңде болсын!» - ескерпелерді есте сақтап, орындау.
Б) Шығармашылық тапсырма.
- Өздерің осындай істер атқардыңдар ма? Әңгімеле.
4. Сергіту сәті
5. Ой толғаныс
«Ой түіні» ойыны. Қима қағазбен жұмыс. Мақсаты: өтілген мәтіннің мазмұнын меңгерілу деңгейін анықтау.
- Зейнеткер табиғатқа қандай қамқорлық жасаған?
- Атайдың немерелері қандай істермен айналысты?
- Құстарға, жалпы табиғатқа адам неліктен қамқорлық жасайды?
6) Дәптермен жұмыс. 1 - тапсырма: Сөздік жұмыс: Ашкөз аңшы – сараң, қызғаншақ аңшы. Зейнеткер – зейнет жасына жеткен егде адам. 2 - тапсырма: Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.
6. Рефлексия. «Табиғатты аяла» тақырыбына әссе жазу.
7. Қорытындылау.
А) Үй тапсырмасы:
1) мазмұндау;
2) Атай туралы мақал - мәтелдер жинастыр.
ә) Оқушылардың бір - бірлерін бағалауы.
«Атай»
- kenje T
- 5 наурыз 2014
- 19828
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, әдебиеттік оқу, көркем шығарма
Ұқсас жаңалықтар:
Мәтін дегеніміз не? КМЖ 2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2. 2. 4. 1 - мұғалімнің...Он алтыншы желтоқсан
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тишбекова Кенжегуль Махметовна...Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушылардың екі таңбалы сандарды қосу мен азайту тақырыбының...Ана тілі сен ұйықтап жатқанда
Пән: ана тілі № Тақырыбы: Сен ұйықтап жатқанда. Бердібек Сокпақбаев Мақсаты: 1. Оқушыларға Бердібек Сокпақбаев жайлы айта келіп,мәтін мазмұнын...Әдебиеттік оқу "Адамның досы" 2- сынып
Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Әдебиеттік оқу 2-сынып Тақырып: Адамның досы Сабақтың мақсаты:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.