Сайтқа кіру Тіркелу

Аудан және оның өлшем бірліктері

Сабақтың тақырыбы: Аудан және оның өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, ауданның жаңа өлшем бірліктері туралы қатынас туралы түсінік қалыптастыру, есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу білу және өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау - жинақтау, пікір – талас.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т. б.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан - жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Аудан және оның өлшем бірліктері.
Көркем жазу диктанты. 3 миллион 67 мың 69 бірлігі бар санды жаз. 100 - ден үлкен, 60 - тан кіші, 1 миллионға үлкенн сандарды жазыңдар.
Тапсырмалармен жұмыс: «Компьютер» дидактикалық ойынын ойнау.
1 см²(квадрад сантиметр) = 100 мм²
1 дм²(квадрат дециметр)= 100 см²
1 м² (квадрат метр) =100 дм²
1 км²(квадрат километр) =1 000 000 м²
1 а(ар) =100 м²
1 га(гектар)= 100 а
1 га=100 а=10 000 м²
1 м² = 100 дм²= 10 000 см² = 1 000 000 мм²
1 дм²= 100 см²=10 000 мм²
№1. Ауданның өлшем бірліктерін еске түсіру.
ә) 5 дм² ˃ 50 см²
10 000 м² ˂ 5 га
5 м² ˃ 50 см²
5 дм² ˂ 505 см²
10 м² ˂ 50 050 см²
5 га= 50 000 м²
№2. Карточкамен жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
3 га=30 000м²
12 дм²= 120 см²
12 м²= 120 000 см²
45 га= 4500 а= 450 000 м²
8 000 000 мм² = 80 000 см²
4 дм²= 400 см²= 40 000 мм²
№ 3. Өздік жұмыс ретінде қолданылатын есеп. 1 - баған – І нұсқа, 2 – баған – ІІ нұсқа.
4 250+ 6+40+100 = 4396
960 502 – 500 - 2= 960 000
555 505 – 5 000 – 500 = 550 005
369 + 50 000 + 5 000 = 55 369
412 325 – 2 000 – 300 = 410 025
4 124 325 – 4 000 000 = 124 325
47 000 + 5 000 + 50 + 2 = 52 052
1 000 000 – 500 505 – 500 = 498 995
№4. 10 санының және бір таңбалы сандардың квадратын еске түсіру.
IV. Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен боп өседі.
№5. Есеп сызбасын салу арқылы шығару.
а) 25∙20 = 500 (м²) – барлық жел телімінің ауданы
500: 2 = 250 (м²) – алма ағаштары алып жатқан аудан
500: 4= 125 (м²) – алмұрт ағаштары алып жатқан аудан
250+125 = 375 (м²) – алма және алмұрт ағаштары алып жатқан аудан
500 – 375 = 125 (м²) – жидек ағашты алып жатқан аудан
ә) 128∙3 = 384 (алма ағашы)
384 – 128 = 256 (артық)
Жауабы: алмұртқа қарағанда 256 алма ағашы артық.
V. Сабақты пысықтау:
№6. Өздік жұмыс. Баған түрінде есептеу.
902 - 567= 335
700 – 69 = 631
751 - 349 = 402
256 – 129 =127
708 – 489= 219
1 000 - 407= 593
№7. Ұжыммен есептеу арқылы орындау тиімді.
45∙20= 900 (см²) – түбінің ауданы
20∙30= 600 (см²) – кішкене бүйірінің ауданы
45∙30= 1 350 (см²) – үлкен бүйірінің ауданы
- Бүгінгі сабақта не өтілді?
- Сабақ несімен ұнады?
VII. Үй жұмысы: №8 есеп 35 бет.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы
Чириковка орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Жағыпарова Венера Ерғалиқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тік төртбұрыштың қасиеті

Тік төртбұрыштың қасиеті

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: тік төртбұрыш жайында түсінік беру; тік төртбұрыштың қасиетін анықтау; есепті әр түрлі тәсілмен шығару; Дамытушылығы:...
Тәулік. Математика

Тәулік. Математика

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: уақыттың жаңа өлшем бірліктері – секунд, жыл, ғасырмен таныстыру; уақыт бірліктерінің өзара қатынасы туралы...
Ұзындық өлшем бірліктері. Километр

Ұзындық өлшем бірліктері. Километр

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларды ұзындықтың жаңа өлшемдерімен - миллиметрмен, километрмен таныстыру; миллиметрге дейінгі дәлдікпен өлшеуге...
Уақыт және оның өлшем бірліктері

Уақыт және оның өлшем бірліктері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Прназарова Альфия Асқарқызы...
Білімді тиянақтау

Білімді тиянақтау

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Бакирова Гулнара Усингирқызының ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×