Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: дауыссыз к мен г - нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қалай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей алуға үйрету, сөз ішінен қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды ажыратып табуға дағдыландыру, ұлы адамдар өмірін үлгі ету.
Дамытушылық: пәнаралық байланысты, ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: ұлттық тәлім - тәрбиенің асыл нәрін сіңіру, бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: бесік, қазақ үй, Абай, Мұхтар, Тазша бала суреттері слайды, үлестірмелі
парақ, қоржын, аквариум, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игерту, аралас сабақ.
Әдісі: оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлау техникасы, ой қозғау
стратегиясы, кубизм әдісі, тірек сөздер арқылы болжам жасау.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқу құралдарын әзірлеу.
Психологиялық дайындық:
Қонақ күту - салтымыз,
Оқып - біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлемдестік жалпымыз.
Топқа бөліну:
1, 2, 3 - ке дейін санайықта
1 - лер І топқа,
2 - лер ІІ топқа,
3 - лер ІІІ топқа отырайық.
- Қазір қай сабақ? – Қазақ тілі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау
а) 146 - жаттығу. – «Қорықта» ребус шешуіндегі сөре әңгіме жазу.
Әр топтан 3 - 4 оқушыға оқыту.
ә) Сұрақ - жауап арқылы өткен сабақтағы қ мен ә дыбысының жазылу емлесін пысықтау.
ІІІ. Жаңа білім:
1) Ой қозғау: Дыбыстар туралы не білеміз?
- Балалар, «Тазша бала», «Сиқырлы қамыс» көмегімен «Білім еліне» тап болыпты. Ол қарсы алдынан елі қазақ үйді көреді. Бірінші үйден қызықты әуен естіліп тұр. Қандай әуен?
А - а - а - я - я
О - о - о - о - о
Ә - ә - ә - ә - ә
Ы - ы - ы - ы т. б.
- Бұл үйде қай дыбыстар тұрады екен?
- Олар нешеу?
- Орыс тілінен енген э, ё, я, ю дыбыстарын қосқанда он бес.
- Ал, мына үй неге көңілсіз?
- Тук - тук, жым - жырт, тым - тырыс. Бұлар бір жаққа кыдырып кеткен бе?
- Жоқ, олар дауыссыз дыбыстар, дауыссыздар созылып айтылмайды, сондықтан олар жай сөйлейді, дауыстарын созбайды.
- Дауыссыз дыбыстар нешеу?
- Орыс тілінен енген әріптеді қосқанда жиырма бес.
- Тазша бала осылайша қырық екі әріппен танысқан екен. Біз тағы не білеміз?
- Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінетінін білеміз. Олай болса үш топ дауыссыз дыбыстардың үш түріне
Топтастыру жасау
Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінетінін дәлелдедік.
- Ендеше, дөңгелек деген сөзден жаңа сөз шығарып жіберейік.
Енді буынға бөлейік: Дөң – ге – лек.
Екінші буынның бірінші дыбысын ата. Г
Үшінші буынның соңғы дыбысын ата: К
К қандай дыбыс? Г – ше?
Олай болса, бүгінгі біздің жаңа сабағымыз дауыссыз к мен г деп аталады. (дәптерлеріңе күнді, тақырыпты жаздыру)
Графикалық жұмыс: К к К к К к Г г Г г Г г
Оқулықпен жұмыс. 147 - жаттығуды ауызша орындау. Ү - кі, Түл - кі, ке - ме, жү - рек, кө - рік, шең - гел, ү - зең - гі, сүр - гі, гүл - зар, гау - һар.
Сөздік жұмыс.
Көрік – металл өңдеуге қолданылатын құрал - жабдық, темір балқытатын пештің отын қыздырып тұратын теріден жасалған үрлеуіш.
Гауһар – бриллиант – қымбат асыл тас.
Гүлзар – қаланың орталық көшелерінде гүл өсіретін алаң.
148 – жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу, шешуін табу.
- Ал, қанеки, балдырған,
- Құлақ салғын сөзіме.
- Алғыр болсаң, тап жылдам,
- Жұмбақ айтам өзіңе.
- Ойла, ойла тереңнен,
- Жақсы емес көп бөгелген,
- Жұмбағымды таппасаң,
- Өзім айтып берем мен.
Шешуі: Тігінші, өрнек – өрнегі, көйлек - көйлегі, сонда не байқадың өз тұжырымыңды төмендегі ережемен салыстыр. Сөз соңындағы К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол ұяң г дыбысына айналады. Қай әріпті жоғалттың деген ойын?
Шәйне... Күре... Бөлтірі...
Өрі... Еті... Белді...
Дәптермен жұмыс. 149 - жаттығу.
Сөздерді і дыбысын қосып, өзгертіп жазу.
Өрік – өрігі, белдік - белдігі, күрек - күрегі, серік - серігі, көк - көгі.
К дыбысының өзгеру себебін түсіндір.
Сергіту сәті
Дауылға да қарамай (қолын толқындату)
Жауынға да қарамай (партаны тықылдату)
Балықшылар айдынында
Ау тартады жағалай (ауды шірене тарту)
Тақтамен жұмыс. 151 - жаттығу. Алдымен бір оқушы оқу, 4 оқушы төрт жолын тақтаға жазып шығу. Дәптермен жұмыс.
Шыңғыстау
Бәріне ашық есігі,
Өнер сырын ұққанның.
Шыңғыс – алтын бесігі,
Абай менен Мұхтардың.
(Несіпбек Айтов)
- Есік, бесік сөздері қандай өзгеріске ұшырады?
- Абай, Мұхтар туралы не білесіңдер?
- Қандай шығармаларын атай аласыңдар?
Сонымен, біз бүгін қандай дауыссыз дыбыстар өтіп жатырмыз: К, Г
Салыстыру: К - қатаң дауыссыз дыбыс, сөздің басында, ортасында, соңында келеді. Дауыссыз дыбыс, сөздерде жіңішке айтылады.
г - ұяң дауыссыз дыбыс, сөздің басында, ортасында келеді. К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, К Г - ге айналады.
Кубизм әдісі.
Б - П Қ - Ғ К - Г
Жіп – Лақ – Көк -
Доп – Сабақ - Бөбек -
Қап – Тамақ - Көмек -
Кітап – Орақ - Шелек -
Мектеп – Тарақ - Иек -
Шөп – Аяқ - Елік -
Тәртіп - Таяқ - Өрік –
Сабақты бекіту. Қоржыннан сөздер алу: Қатаң дауыссызды ұяң дауыссызға айналдыру.
Үйрек, Шүмек, Тірлік, Жүк, Көлік, Білек.
Қорытынды. Бүгін қандай жаңа білім алдық.
Мысал келтір, дәлелде.
Сабақ ұнады ма? Несімен?
Үйге тапсырма: 150 – жаттығу:
Бағалау.
Дауыссыз к мен г
- Гүлерке
- 20 ақпан 2014
- 14674
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Дауыссыз к мен г
Маңғыстау облысы, «Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ - сі Ақкөзова Қарлығаш...Дауыссыз дыбыстар түрлері
БҚО, Теректі ауданы Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...Дауыссыз дыбыстар
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Сабақтың мақсаты: Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу...Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: дауыссыз дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту; фонетикалық талдау және жаттығу жұмыстары мен қосымша...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.