Сайтқа кіру Тіркелу

Тасбақаның шөбі

Сабақтың тақырыбы: «Тасбақаның шөбі»
Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, тасбақа туралы жалпы білімін кеңейтетін болады.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ойлауға үйрету, өз пікірін айтуға үйрету. Өз байқаулары бойынша өзіндік ізденістерге жетелеу арқылы білім беру. Әр түрлі стратегиялар арқылы ашық қарым - қатынасқа үйрету, бала бойындағы қабілеттерді ашу. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін шыңдау.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, топпен жұмыс, 5 жолды өлең стратегиялары.
Міндеттер:
Мазмұнына байланысты: мәтінді толық талдай отырып, тасбақа туралы алған білімін өз өмірінде қолдана алатын болады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, мәтінді т. б. қосымша материалдарды зерттеп талқылап, тасбақа жайлы алған білімін өз бетімен ұйымдастырып, талдау жасай алатын болады. Топпен жұмыс: кішігірім топтарда жұмыс жасай отырып, қорытынды жасайды.
Көрнекіліктер: Автор потреті, тасбақаның суреті, қосымша мәтін (теңіз тасбақасы), ватман, кесте картасы.
Бағалау: Бақылау, салыстыру кестесі.
Барысы: Ұйымдастыру (жаңаша топқа бөлу).
Үй тапсырмасы: Үйге берген Т. Молдағалиевтің "Гүлдер” атты өлеңін мәнерлеп оқу, өзі қалаған гүлдің суретін салу, ол туралы әңгіме немесе өлең жазу. "Гүлтәж” жасаудан жарыс.
Жаңа сабақ: "Тасбақаның шөбі”. І. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау стратегиясы: Тасбақа жайлы не білесіңдер немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Серіктесіңізбен сол жайлы пікір бөлісіп, талқылап, пікірлесіңіз. Серіктесіңіз не білетінін сұрап, ортаға салыңыз. Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңіз.
Мағынаны ажырату сатысы: INSERT стратегиясы бойынша жұмыс жасау жолын ескерте отырып, мәтінді оқу барысында қарындашпен белгі қоюларын ескертемін.
V – білемін +
- жаңа білім —
- білмедім, түсініксіз?
– таң қалдым, зерттеймін.
Сыныпта v, – екі белгімен жұмыс жүргізіледі де, +,? белгісі бойынша үйге кесте толтыру тапсырылады.
Топпен жұмыс: карточкалар таратылады.
І топ. Оқиға қай мезгілде болған? Неге мәтін "Тасбақаның шөбі” деп аталады деп ойлайсыз? Әңгімедегі кейіпкер туралы не айтар едіңіз?
ІІ топ. Сурет бойынша әңгімелеп бер... Өзің тасбақаны көрдің бе? Егер көрсең қайда көрдің?
ІІІ топ. Өткен сабақтардан т. б. қосымша әдебиеттерден көрген - білгенің бойынша, мысалы, теңіз тасбақасы мен мәтіндегі тасбақаны салыстырып көр, айырмашылығын атап бер…
ІҮ топ. Әңгімеден халықтың қандай ырымдарын байқадың? Мәтінге басқаша қалай ат қояр едің? Өзің қандай жан - жануар, аң - құстарды білесің? Оларға байланысты қандай ырымдарды білесің?
Ү топ. Тасбақа жөнінде қандай ырымдарды былесің? Өз білетініңді әңгімелеп көр. Ол қандай шөптермен т. б. заттармен қоректенеді екен?
Ой толғаныс сатысы: Әр топ басшысы және т. б. оқушылармен тек сұрақтар бойынша талдау жүргізіледі. Енді тасбақа туралы 5 жылды өлең жазамыз. Оқушылар өздерінің авторлық дәптерлеріне өз өлеңдерін жазады.
1. Не? – Тасбақа.
2. Қандай? – Үлкен, қоңыр, шегір көзді.
3. Не істейді? – Тарбаңдайды, бұғады, тұқшаңдайды.
4. Жусандағы тасбақа.
5. Ол – бақыт арқалаған тасбақа т. б. өлеңдерін жазады.
1. Шағын топтарда жазған өлеңдерін талдау, әр топтан ортаға бір оқушыға сөз беремін.
2. Жалпы қорытынды ойды тақтаға ватманға жазамын.
Сабақты қорыту: Тасбақа жайлы не білгендері туралы т. б. әр оқушыдан жеке сұрап өтемін.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: "Еркін жазу” стратегиясы бойынша әңгіме жазу тапсырылады.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Тасбақа жайлы, биология
Ұқсас жаңалықтар:
Қатігез бай мен тасбақа

Қатігез бай мен тасбақа

Ертеректе бір бай кісі болған екен. Ол бай байыған сайын жаңа үйлер салады. Бірақ оған көңілі толмай биік үйдің құрылысын бастайды....
Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері

Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері

Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Жан-жануарларға деген сүйіспеншілік...
Бала Абай мен Барлас ақын

Бала Абай мен Барлас ақын

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Сабақтың...
Қамқорлық

Қамқорлық

Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру,...
Қызғалдақ пен қарасора

Қызғалдақ пен қарасора

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора Сабақтың мақсаты: Білімділік:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×