Сайтқа кіру Тіркелу

Сын есім

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін, грамматикалық тапсырмалар арқылы теориялық ойлауын, тілін дамыту;
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру;
Тәрбиелік: бір - бірін тыңдай білуге, өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек сызбалар, қима қағаздар, үнтаспа.
Сабақтың әдістері: талдау - жинақтау, сұрақ - жауап, деңгейлеп, саралап оқыту, өзіндік көрнекілік әдісі.
Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
Қатар - қатар тізіліп
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп
Түп - түзу боп тұрайық.
Жақсы болып сабақта
Әдеп сақтау сәніміз.
Отыруға нақпа - нақ.
Дайындалдық бәріміз:
І қатар жәй отыр,
ІІ қатар - тез отыр,
ІІІ қатар - сен де отыр,
Сабақ бастар кез боп тұр!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 390 - жаттығуды тексеру, бір - екі оқушыдан ереже сұрау.
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Ертеде ана мен бала болыпты. Анасы бір күні науқастанып, жатып қалыпты. Төсек тартып жатып баласынан бір жұтым су беруін сұрапты. Ерке өскен бала анасын тыңдамай ойнап кетеді. Анасын қара құс алып кетеді. Ойыннан келсе анасы жоқ, ол өкініп жылайды. Кәне, балалар, бала анасына қауысу үшін не істеуіміз керек? «Көмектесу» ойынын ойнап жәрдем берейік.
Сөзжұмбақ.
1. Қандай сұрағына жауап береді?
2. Заттың түсін білдіреді?
3. Қандай жолдас болуы мүмкін?
4. Бөлме қандай болады?
5. Алманың түсі қандай?
6. Қай сұрағына жауап береді?
7. Жемдеп қойған мал?
Кәне, балалар, сөзжұмбақ шешуі «Сын есім» болды. Олай болса топтастырып көрейік:
ІҮ. Дәптермен жұмыс.
Жері байдың - елі бай (мақалды түсіндіру)
392 - жаттығу.
Алма - қызыл, тәтті, домалақ.
Пияз - сары, ащы, сопақ.
Бұрыш - қара, ащы. Домалақ.
(жазып жатқанда жеке тапсырмалар беру, карточкалар тарату)
№1. Мақал ішінен сын есімді тап.
№2. Өлең ішінен сын есміді тап.
№3. Сын есміге зат есім тіркеп жаз.
№4. Сын есімге зат есім, етістік тіркеп жаз.
№5. Жұмбақ, жаңылтпаштан сын есімді табу.
Ү. Ойын. «Кім зейінді?». Сурет таратылып, ауызша сын есім айту.
Мысалы: Мынау қу түлкі. Ол өте айлакер, мақтаншақ. оның түсі қызғылт. Ол өте сүйкімді. (қоян, құмырсқа, аю, жылқы)
Терме диктант (үнтаспа)
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып
Күннің көзі көрінді.
ҮІ. Сергіту сәті.
Жаңбыр, жаңбыр себелеп,
Тырс - тырс етіп төбеме
Күркіре күн тарсылда
Найзағайым жарқылда,
Көк шалғанды аралап
Тәтті жидек теремін,
Жуып берсең жидекті
Өлең айтып беремін.
393 - жаттығу. Топпен жұмыс.
Ойын. «Кім шапшаң?»
І. Зат есім; ІІ. Етістік; ІІІ сын есім.
ҮІІ. Сабақты бекіту. Сынау жұмысын орындау.
1. Сын есім дегеніміз не?
А) заттың аты
ә) заттың қимылы
б) заттың сапасы
2. Туынды зат есімді тап
А) қала
ә) малшы
б) тау
3. Көптік жалғаулы сын есміді тап.
А) батыр
ә) оқушылар
б) ағаш
4. Туынды сын есімді тап
а) аспан
ә) желсіз
б) темір.
«Жаз» суретімен жұмыс
Шайдай ашық аспан. Айнала көкорай шалғын шөп. Әп - әдемі, әсем гүлдер. Қызылды - жасылды көбелектер т. б.
Сын есім, етістік.
ҮІІІ. Бағалау. Жеке - жеке сабаққа қатысқан оқушыларға баға беру, кемшіліктерін болашақта жоюға ескерту.
ІХ. Үйге тапсырма. 394 - жаттығу, ереже жаттау.
Х. қорытынды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×