Тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: Адам әдептілігімен әдемі.
Сабақтың мақсаты: Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуі, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, күн бейнесі, бұлттар, суреттер, интерактивті тақта.
Барысы:
Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Әдептілік, ар - ұят,
Адамдықтың белгісі - дегендей әдепті болу сөзінің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз, адамның жасаған әрбір іс - қимылы, жүріс - тұрысын, сөйлеу мәнерін, өзін - өзі ұстауы, оның әдептілігі мен мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады.
Сендер мектепке алғаш келгеннен бастап оқушылар ережесімен таныстыңдар және орындайсыңдар. Кейде сол ережелерді біле тұра әдепсіздік, тәртіпсіздік жасайтындарың кездесіп қалады.
- Сондай тәртіпсіздікті болдырмау үшін біз қандай болуымыз керек?
Ақнұр: Әдептілік дегенің әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің, әуре - сарсаң әлегің.
Енді мен сендердің әдептілік жайлы ойларыңды тыңдағым келіп тұр. Әдептілік сөзінің баламасын табыңдаршы? (топтастыру)
Демек, адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттер болады екен. Міне осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, инабаттылықты әке - шеше, ата - әже, тәрбиеші, ұстаздарымыз үйретеді. Ал біз осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез - әдеттерден ұнамсыз қылықтардан аулақ болуы керек.
Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскені.
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскені.
Адамның қандай балмағы, кім болмағы тәрбиеге, ортаға байланысты, яғни жеке адам өз - өзінен әдепті болып шыға келмейді. Әдептілік өзімен өсіп жетіледі. Оған айналасындағы адамдар, отбасы, мектеп әсер етеді. Сондықтан адамдар арасында жүріс - тұрысынан, басқалармен қарым - қатынасынан көрінеді.
- Адамның әдепті екенін қай жағынан білеміз?
Егер әдепті бала - ұялса, кішіпейіл болса, таз, ұқыпты, қайырымды болса, сәлем берсе, басқаны құрметтесе т. с. с
Оқулықты мектебің,
Берер саған теп - тегін.
Білмейсің - ау сен бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы,
Кір шалмаған баланы.
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы.
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.
ІІ. «Ой жалғастыр» ойыны.
Мен басқы сөз айтамын, ал сендер ойланып жауап берулерің керек.
- Әдепсіз болмайын десең, не істеуге болмайды?
Үлкендердің алдынан......
кішкентай баланы...........
Үлкендерді......
класта........
Сабақтан..........
мектеп ережесін...........
Ата - ананы..........
құстарды.........
- Әдепті деген атқа сай болу үшін не істеу керек?
Үлкендерді................
үлкендердің айтқанын.........
Оқу құралдарын...............
қатеңді..........
Кішілерге................
сабақты............
Үлкендерге...........
Ендеше, қазақта «Әдепті елдің баласы, алыстан сәлем береді» немесе «Сәлем сөздің анасы» деген сөз бар. Бұл тегіннен тегін айтылмаған. Таңертең оянған әрбір адам қуанады, жақындармен амандасады. Әдептілік сәлемнен басталады. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде де бір - бірімен ақжарқын амандасуы тиіс. Қазақ салтында амандасқан адам оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, баын изейді., не қол алып амандасады. Ол «сізді шын жүректен құрметтеп амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» дегенді білдіреді.
Үлкен адамға сәлем беру - кіші адамның міндеті. Қазақта «алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жастағы қария сәлем береді» деген әдеп бар. Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкенге, кішіге байланысты емес. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік болып табылады. Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті - ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалыптасқан дәстүр.
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
- Сәлемдесудің қандай түрлері бар?
- Амандасу үшін айтылатын сөз?
- Сәлем деп кімге айтқан жөн?
- Қазіргі қыздардың беттерінен сүйіп амандасқаны дұрыс па?
Дұрыс емес, себебі қазақ салтында бетті сүйіп амандасу болмаған. Ол қазіргі қыздардың Еуропа (шет елдерге) елдеріне електеуі болып табылады. Қазақ қыздары ибалы, инабатты, үлкен адамның алдын кеспеген, үлкен адам отырғанда артық сөйлемеген, ұят сақтаған. Енді балалар төр топқа мынадай тапсырма бергім келіп тұр.
ІІІ. Топпен жұмыс.
І топ - мектептегі, кітапханадағы әдептілік
ІІ топ - көшедегі әдептілік
ІІІ топ - үйдегі, үстел басындағы әдептілік
ІV топ - қоғамдық көліктегі әдептілік
Көрініс «Әдепті бол, балам»
Ән «Мен әдепті баламын»
ІV. «Құпия хаттар»
Төрт топқа тапсырма берілген, сол тапсырмадағы жағдаяттарды шешу жолдарын қарастырады.
Балалар ос жаман сөздерді сақтандыратын сөздер бар. Оларды тыйым сөздер дейміз. Ал сендер қандай тыйым сөздерді білесіңдер? (оқушы жауаптары)
Балалар манадан бері әдептілік туралы көп нәрсе айтылды. Ал сендер қандайсыңдар?
Сергіту сәті. Біз әдепті баламыз.
Олай болса, тақтаға қарайық. Өте жақсы адам болу үшін өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді дамытып, жаман қасиеттерді жоюымыз керек. Адам күн тәрізді қасындағы адамдарға күннің шуағы ретінде жақсы қасиеттерін үйретіп отырады, ал мына жерде тұрған бұлттар сол қасиеттерді көлеңкелейді. Осы көлеңкелеп тұрған жаман қасиеттерді алып тастау үшін, осы жаман қасиеттерге байланысты оларды өзімізден аулақ ұстау үшін бір - бірімізге үндеу тастайық. Яғни біздер адам бойында кездесетін жақсы қасиеттердің бәрін жойып, жақсы қасиеттерді қалдырып, осы қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз керек.
VІ. Шеңбер құру.
Барлық оқушылар дөңгелене тұрады да бір - бірлеріне тілектер айтады.
- Не ұқтыңдар?
Түйін: Көрдіңдер ме балалар өз ниеттерің түзу болса, біреуге жақсылық жасасаң, жақсы сөздер айтсақ өзімі де соны естиміз екен.
VІІ. Қорытынды
Арым - таза, ақ көңіл
Адалдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет,
Адамдыққа сенемін - дей келе менің сендерге айтатыным, адам әрқашан бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі. Сендердің де әдепті оқушы болып өсетіңдеріңе сенемін.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ елді - мекені
Кеңкияқ орта мектебінің мұғалімі:
Сансызбаева Нургүл
Адам әдептілігімен әдемі
- румия
- 6 қаңтар 2020
- 22988
- 0
- 100
Ілмек сөздер: бастауыш класс, әдептілік туралы тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Әдептен озбайық!
Мақсаты: оқушыларды қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сылауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден...Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жақсыбаева Шолпан...Әдептен озбайық!
Мақсаты: оқушыларды қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сылауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден...Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді....Әдепті бала - арлы бала
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.