Cабақтыңтақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ:
«БІР ХАЛЫҚ – БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР».
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Елбасымыздың жолдауымен таныстыру. Жолдау туралы түсінік бере отырырп, жан - жақты талқылап, ой бөлісу. Жолдау жарқын жол ашатынын ұғындыру. Оқушылырға Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономикасы мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, саралау, өз пікірлерін ортаға салу қабілеттерін арттыру, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Бір - бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға баулу. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, үнтаспа, елбасының суреті, Астана қаласының суреттерісөзжұмбақ.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар. Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, алғашқы сабағымызға қош келдіңіздер. Сабағымыздың тақырыбы:«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: «БІР ХАЛЫҚ – БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР».
Сапар шексек сіз бен біз
Сан көлікке мінеміз
Ұшақтармен кемелермен,
Поездбенде жүреміз.
Ауылдарды аудандарды
Қалаларды аралаймыз. Балалар біз бүгін саяхатқа шығамыз. Алдарыңызда қай елдің картасы?
Қазақстан.
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Тәуелсіз мемелекет.
Ендеше Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерн атаңыздар?
Сабақ әнұран айтумен басталады.
Қазақстанда қанша өзге ұлттар мен ұлыстар тұрады?
Осы ұлттар бір бірімін қалай тұрып жатыр.
Тату тәтті тұруда.
Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
(Астана туралы түсінік)
(Президент туралы оқушылар пікірі)
Картамен жұмыс
Қазақстан
І оқушы
Орал
ІІ оқушы
Туған жер
ІІІ оқушы
Балалар біздің ауылымыз, туған жеріміз қалай аталады?
Шыңғырлау.
2013 жылдың 24 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясыөткен болатын. Неге біз бұлай айта аламыз?
Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.
«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.
Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.
Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.
Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс - несібесі мол болмақ.
«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Бұл біздің ортақ келешегіміз игілікті және өсіп - өркендеген Қазақстан!
Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.
Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.
Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыснесібесі мол болмақ.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
І топқа
Еліміздің болашағын көз алдарына елестете отырып, суретін салу
ІІ топқа
Еліміздің одан әрі көркейуіне қандай үлес қосар едің.
Ән: Елім менің
Сөзі, әні: Л. Қажығалиева
- Осымен сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!
Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр
- Венера1
- 8 ақпан 2014
- 22375
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстан 2050 стратегиясы, бір халық бір ел бір тағдыр, сценариі, елбасы жолдауы
Ұқсас жаңалықтар:
«Менің Отаным - Қазақстан»
Мақсаты: 1. Еліміздің Ата заңың құрметтеуге әрбір жас жеткіншекті өмірдегі өз құқығын, міндеттерін білуге, Ата заңың сыйлауға, достық қарым -...Бір ел – бір халық – бір тағдыр
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна...Мәңгілік ел
«№ 21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Өткізген: Керимкулова М. Б...Бір халық- бір ел- бір тағдыр
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылға арналған халыққа жолдауын талдай отырып, «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының...Бір ел, бір халық, бір тағдыр (1 сынып)
Бір халық – бір ел – бір тағдыр № 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.