Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Дене тәрбиесі, Тіл дамыту
Тақырыбы: Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру
Мақсаты: Сазды қимыл қозғалыс арқылы баланың денсаулығына, дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару, ұлттық ойындарды қолдана отырып, халықтық тәрбиені бала бойына сіңіру, бір - біріне деген сыйластық, қамқорлық қарым - қатынасын нығайту, қимыл - әрекетін, сөздік қорын молайту, ойынға деген белсенділіктерін арттыру, ептіліккке, батылдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу.
Көрнекіліктер: Азиада ойынының суреттері, эмблемалары, ойынға қажетті қамшы, ағаш ат, асық, орамалдар, арқан, «медальдар» марш әуені жазылған бейнетаспа, көркем сөз.
Әдіс - тәсілі: Көрсетіп - түсіндіру, мадақтау, тақпақтар, жұмбақ жасыру, сұрақ - жауап, қимылды ойын.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар аланда шеңбер бойына тұрып, «Қыздырайық денені» деген көркем сөз бойынша жаттығу орындауға кіріседі.
Балалар, қысқы VII Азия ойындары Қазақстанның Астана - Алматы шаһарларында өтіп жатыр. Бұл қысқы спорт ойындары 1986 жылдан бастауын алды. Биыл біздің елімізде де өтті.
Балалар, бүгін ерекше күн, бізге қонаққа VII Қысқы ойындарының алаугері және куәгері Сырымов Қазы Серғалиұлы қонаққа келді қошеметпен қарсы алайық.
Балаларға олимпиада туралы қысқаша әңгімелеу.
Балалар, қандай қысқы спорт ойындарын білесіндер?
Балалар, бүгін ерекше күн. Өйткені, біз спорт түрлерінен өз өнерлерімізді көрсетеміз. Сендердің жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді күйлеріңді көру біз үшін үлкен қуаныш. Сендер еңбекқор, күшті, батыл болғыларың келсе спортпен шұғылданыңдар.
Алтын сәуле арайлы,
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
• Аяқтың ұшымен, өкшемен, көкқұтанша қазтабандап жүру.
• Жылдам, баяу, иерелеңдеп жүгіру (балалар қайтадан шеңбер жасап тұрады).
Алтын: Қыздырайық денені,
Кел, балалар,
Кел бері.
Қыздырайық денені,
Орнымыздан тұрып - ақ
Жүгірейік бір уақ;
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш!
Рамазан: Құстай қанат қағайық!
Екі қолды жоғары,
Сәл көтерсек болады
Енді оны бөгелмей
Түсірейік, қанат қағайық!
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш!
Камила: Шегірткедей ыршиық!
Қане сапты түзейік
Тіземізді бүгейік
Ыршып алға түсейік
Ыршып артқа түсейік
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт!
Шегірткедей ыршиық
Ыршып – ыршып, тыншиық!
Диана: «Әй - әй, әй - әй...» деген баладай...
«Әй - әй, әй - әй...»
Деп қынжылған баладай
Басты бұрып солға бір
Басты бұрып оңға бір
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт!
Жаттығудан денеміз
Шымырлана түспек.
Ақтоты: Ал, қанеки, жас ұлан,
Қайталайық басынан
Иығынды көтерме,
Кең тыныста, жөтелме!
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт!
Жаттығудан денеміз
Шымырлана түспек.
Жангуль: Отырайық, тұрайық!
Ал, балалар, бір ауық
Әріп сырын ұғалық
«А» - дегенде отырып,
«Б» - дегенде, тұрайық
А – Б... Б – Б
А – Б... Б – Б
Отырып, тұр тағы
«А» - дасе, отыр
Тосылып, қарап қалма,
Қайталайық тағы да,
Барлығымыз қосылып:
А – А... Б – Б...
А – А... Б – Б...
Жанылсын: «Жоқ, жоқ!» деген баладай...
Сұраққа сөз таба алмай,
«Жоқ, жоқ!» деген баладай
Басты оңға бұрайық
Басты солға бұрайық
Міне, былай балалар
Қане, байқап, қарап ал
Бір – екі
Бір – екі
Жаттығайық бір келкі
Алмаз: Бойына күш тарасын
Аш аяқтын арасын
Екі қолды белге ұста,
Бостау болсын қыспа
Кең тыныстап, ал демді
Бір – екі,
Бір – екі,
Жаттығайық бір келкі
Б. Даяна: Тыныстайық тереңнен!
Жүгірдің де қарғыдың,
Жарадындар барлығың.
Шаршадыңдар, дегенмен,
Тыныстаңдар тереңнен.
Ш. Даяна: Қане, «Ү - п!» деп айтайық,
Демді ішке тартайық.
Енді «У - һ!» - деп айтайық!
Демді шығар қайтарып.
Тәрбиеші: Босаңсытып денеңді,
Бей – жай күйге ен енді
Басты көтер, тік ұста
Емін – еркін тыныста
Қане, «У - п!» - деп айтайық,
Демді ішке тартайық.
Енді «Ү - һ!» - деп айтайық,
Демді шығар қайтарып.
Балалар жаттығу жасап болған соң,(аттың шабысы естіледі). Осы кезде атқа мінген, қолында құралдары бар дәрігер келеді.
Дәрігер: Амансындар ма, балалар, мерекелерің құтты болсын! Мен сендермен бірге спорт мерекесіне қатысуға келдім. Ойын шартын орындауға дайынсыңдар ма? Қане, қане, алдымен денсаулықтарыңды тексеріп алайын, арқанды тос, тындайын. (Дәрігер жарысқа қатысушы балалардың денсаулықтарын тексеріп, олардың жарыс ойындарына қатысуға болатынын, денсаулықтарының жақсы екенің айтады).
Балалар «Тұлпар» және «Бүркіт» топтарына бөлініп, қатар түзеп тұрады. Төрден әділ қазылар алқасы орын алды.
- Балалар, қысқы спорт ойындарының түрлерін атандаршы?
- Шаңғы, коньки, хоккей.
- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
- Бәйге, «Қыз қуу», «Асық ату», «Арқан тарту», «Күрес».
Балаларға жарысты бастауға болатынын білдіріп, белгі береді. Екі топтың
бастаушылары алаң ортасына келіп қол алысады. Сонан соң, қос команда сәлемдерін жолдайды.
Тұлпар: Тұлпар командасынан, Бүркіт командасына Жалынды сәлем!
Бүркіт: Бүркіт командасынан, Тұлпар командасына Жалынды сәлем!. «Сәлем» деген сөзді топ балалары бірге қосылып айтады.
Ұйымшыл әрі жылдамсың ба?
Әлде болбыр, боссың ба?
Кел, күш сынасып көрелік
Эстафеталық бұл ойында.
1 ойын. Жарыс ойыны. Қазақтың ұлттық ойыны «Бәйге».
Ойын шарты бойынша әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленеді. Екі топтың балалары (арақашықтығы 2 м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында балалар жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Шабандоздар межені айналып келеді де, аттан түсіп, келесі балаға атты ұсынады. Сөйтіп келесі жұп сайысқа түседі. Қай бала озып келсе, сол бала жеңіске жетеді. Қай топтың балалары көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді. Балалар аттың шабысына салып жүгіруі тиіс.
Бұл ойында тәсіл көп,
Кім мол алса асықты.
Ептілігі басым боп,
Сол баланың жеңгені
2 ойын. «Хан талапай».
Ойын шарты бойынша ортаға әр топтан бір баладан шығады. Олардың көздері орамалмен байланады. Балалар шашылып жатқан асықтарды тездетіп жинауы керек. Асықты кім көп жинаса, сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Кімдер күшті, кім алып
Күш сынасып байқайық!
Арқан тартып тіресіп,
Қарсыласты жығайық!
«Арқан тарту» - қазақтың ұлттық ойыны. Ойынның шарты бойынша алаңдағы сызықтың немесе қиылған жіптің қасына екі топ бір - біріне қарама - қарсы келіп тұрады. Топ бастаушылары арқанның қызыл жіп байлаған белгісін, қалған балалар бастаушының артынан қатар тұрып арқанды ұстайды. Жеңілген топты жігерлендіру үшін жүргізуші «ер кезегі үшке дейін», ал балалар тағы бір күш сынасып көрелік, деп ойынды одан әрі жалғастырады.
Жүргізуші:
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма?
Күміс күлкі көрмей ол
Кемірене толар ма?
Айгөлек - ау, Айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек
Айдай толған кезімде
Би біледім дөңгелеп
Балалардың орындалуына гимнастикалық би.
Жүргізуші:
Ал қадірлі халайық
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып
Күшімізді сынайық
«Күрес» - қазақтың ұлттық ойыны.
Ойынның шарты бойынша екі топтан бір - бір бала ортаға кілем үстіне шығады, жүргізуші белгісі бойынша күресті бастайды. Күресшілер бірін - бірі жығып, жанбасын жерге тигізуге тырысады. Қарсыласын бірінші жыққан бала жеңеді.
Әділ қазылар алқасы екі топтың ойынын бағаларын шығарып болғанша, балалардың орындауында.
Ән: «Біз көңілді спортшымыз»
Екі топқа сый ретінде «медальдар» тапсырылады. Балалар көңілдерін білдіреді. Екі топ сап түзейді, топ бастаушылары ортаға шығып қол алысып төс қағысып, қоштасады.
Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру
- Венера1
- 5 ақпан 2014
- 8169
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қатынас, денсаулық, тіл дамыту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық ойындар
Дайындық бөлім – 10 м. Оқушыларды бойларына қарай бір қатар сап түзеп тұрғызу. Кезекшінің рапорты. «Бұрылу» бұйрық жаттығуларын қайталау. Бір орында...Жарысқа шық жас ұлан
Мақсаттары: Білімділік: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс – әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық...Ұлттық ойындар
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақша І санатты дене шынықтыру маманы А. Б. Орынбаева...Ұлттық ойындар
Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар»...«Әкем,шешем және мен»(топтар сайысы)
БҚО, Тасқала ауданы, «Ақбөпе» балабақшасы топ тәрбиешісі Айшуакова Райса Адиловна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.