Сайтқа кіру Тіркелу

Менің Отаным - Қазақстан

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңі иелерін Тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың сөздік молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыра отырып Тәуелсіздігімізге арналған тақпақ, мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.
Тәрбиелік: Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл - күйлерін көтеру.
Методикалық әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сурет бойынша, әңгіме құрастыру, сұрақ - жауап.
Сөздік жұмыс: Республика, рәміз, Ту, Елтаңба, қыран құс тұлпар, бәйтерек сөздері алынады.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Сабақтың барысы:
Қуанайық, шаттанайық балақай!
Аспанда күн жарқырайды, алақай!
Атқан таңға иіліп, бір сәлем беріп,
Бақыт тілеп бір - бірімізге осындай.
Қайырлы күн қонақтар!
Қолында қамшысы бар бала атқа мініп сүйінші, сүйінші Тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл болды, деп жүгіріп кіреді.
Тәрбиеші сүйіншісін береді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындайды.
Әнұран. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Тәрбиеші: Балалар біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
Отан дегеніміз біздің еліміз, жеріміз, туған - туыс, бауырымыз, ауыл - қаламыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.
Ермек Өтетілеуовтың. Отан.
Еділ.
Отанды біз Атамекен
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен
Бабамызбен атамыз.
Назым.
Отанды
Жас, кәрімізде
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені, онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз
Отан деген – Атамекен
Отын деген - туған жер
Отан - Ана
Отан - үлкен
Қазақстан туған ел.
Тәрбиеші: Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірді.
Сендер «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Өзіміздің еліміз, жеріміз, теңдігіміз бар.
Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәрбиеші: Осындай үлкен елімізді, жерімізді басқарып отырған кім?
Балалар: Қазақстан Республикасының Президенті - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Тәрбиеші: Елбасының негізгі жұмыс орны қай қалада?
Балалар: Астана қаласында.
Тәрбиеші: Астана - қандай қала?
Балалар: Астана – бас қала, әдемі, үлкен қала.
Тәрбиеші: Тәуелсіз еліміздің рәміздерін атаңдаршы.
Балалар: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
Тәрбиеші: Ал енді, рәміздерді сипаттайық.
Туымызды қалай сипаттайсыңдар?
Балалар: Қазақстан Мемлекетінің Туы көгілдір түсті. Тудағы дала қыраны еркіндіктің белгісі. Күн - байлық пен берекені білдіреді.
Милана
Туымызға көгілдір
Бір қарамай өтпейміз
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
Тәрбиеші: Елтаңбамыз туралы не айтамыз?
- Қазақ елінің елтаңбасында шаңырақ, қос пырақ ат бар. Ат - адамның қанаты. Шаңырақ үлкен ортақ үй деген түсінік береді.
Надежда
Шаңырақтың шаттығы
Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы елімнің
Елдің тыныш тірегі.
Қазақстан Республикасының мемлекетінің Әнұраны туралы не айтасыңдар?
- Әнұран - салтанатты ән. Мемлекеттік әнұран - егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбаның сазды баламасы.
Көрініс: Бөлме іші безендірілген. Күй: «Аққу» Н. Тілендиев
Күй әуенімен қолында ұршығы бар әже келіп отырады.
Қолында қамшысы бар бала атқа мініп ойнап жүреді. Ол әжесіне жүгіріп келіп, мойнына асылып, еркелейді.
Бала: Әже, не істеп отырсыз?
Әже: Ой құлыным, мен ұршық иіріп отырмын.
Кел, отыр ойыннан шаршаған боларсың.
Бала: Әже, біз мектепте Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз.
Ән ұранды орындадық.
- Әже, «Тәуелсіздік» деген не?
Әже: Е.. құлыным - ау, «Тәуелсіздік» деген бұл үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Қайсар, батыр аға - апаларымыздың арқасында егеменді ел болдық. Тәуелсіздік алғанымызға 32 жыл болды. Өзіміздің Туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір.
Армат. Күміс күй мен әнге толып тұла бой,
Қуанышқа кенелтеді асыл ой.
Шаттандырған баласы мен бабасын,
Тәуілсіздік күні бүгін - ұлы той.
Би: Айгөлек
Мерей.
Отан - менің ата - анам
Отан - досым, бауырым,
Отан - өлкем, астанам
Отан - туған ауылым.
Қадыржан.
Аялап ару Ананы,
Өсірген еркін баланы,
Бесігім болып тербеткен
Отаным Қазақстаным.
Бағдыр.
Қазақ жері - Қазақстан
Мөлдіреген ашық аспан.
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен Қазақстан.
Гүлсезім.
Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл, қаланы.
Ардақты ата - мекенім,
Отаным - Қазақстаным.
Аделя. Ғабит.
Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді Асқақтаған нұр елім,
Атын атап, ақын оны жыр қылды. Сені мәңгі сүйемін.
Сол күн менен қатар туған сәбилер Айбынымды асырған,
Кішілерге аға болып үлгерді. Тәуелсіздік - тірегім.
Бибигүл. Ғабдысалауат.
Адам затқа дүниеде Туған жерге нұр шашып жарық берген
Өмір - ау десем ең қымбат. Қуаныш пен мол бақыт алып келген
Дарқан тірлік мекенім 16 желтоқсан шуақ болып
Бәрінен, Отан, сен қымбат! Тәуелсіздік еліме алып келген
Зармина.
Отан - туған үйіміз
Отан - туған жеріміз.
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйміз.
Балалар бізге «Білім елінен» хат келді, онда тапсырмалар берілген.
1. Қазақстан Республикасының қандай қалаларын білесіңдер?
2. Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Балалар, біздің Қазақстан тәуелсіз көп ұлтты мемлекет. Сендер Тәуелсіз елімізге қандай тілек білдірер едіңдер?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Елімізде тыныштық болсын!
- Еліміз бай болсын! Т. б.
(Балалар алдын ала дайындап қойған түрлі түсті гүлдерін алып, Тәуелсіз елімізге тілек білдіріп тақтағы орналастырады. )
- Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіздер.

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы
Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің
мектепалды даярлық тобының тәрбиеші – мұғалімі:
Габдуллина Гульжан Сергалиевна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×