Тәрбие сағатының тақырыбы: Адам бойындағы асыл қасиет
Мақсаты:
Білімділік:Балалар асыл қасиет ұғымын түсінеді; адамгершілік қағидаларын ұғынады;
Дамытушылық: Айналадағылармен рухани құндылықтар негізінде қарым-қатынас орнату қабілеттері дамиды; адам бойында адамгершілік қабілеті дамиды , әдеп нормаларын сақтау әдетін үйренеді;
Тәрбиелік:Өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдысы қалыптасады
Барысы:
Шаттық шеңбері
-Балалар мен сендермен жүздесіп тұрғаныма өте қуаныштымын
« Сиқырлы таяқша » ойынын ойнаймыз. Балалар дөңгелене тұрып, сиқырлы таяқшаны бір-біріне көрсетіп , сол баланың жақсы қасиеттерін айтады.
-Ендеше біз бүгін сендермен адам бойындағы асыл қасиеттер жайлы әңгімелесеміз. Орнымызға жайғасайық.
-Бізге қонаққа Данышпан ата қонаққа келіп қалды. Ендеше аянбай атамызға білімімізді көрсетейік. Атамыздың сендерге дайындаған сыйы да бар
Қызығушылықты ояту:
1 оқушы мәнерлеп айтады
-Балалар біз Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба »
деген өлеңін білеміз ғой. Осы өлеңді кім маған мәнерлеп, нақышына келтіріп айтып береді?
Ғылым таппай мақтанба
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
-Өте жақсы, рахмет!
-Абай атамыз қандай қасиеттерге жақын бол , қандай қасиеттерден аулақ бол дейді?
-Жақсы қасиетке ие адам мен жаман қасиетке ие адамды қалай айырасыңдар ?
-Ендеше 1-топ «Жақсы бала »
-2- топ «Жаман бала » туралы ой қозғайық
М: Жақсы бала
Жігерлі
білімді
сыпайы
тәртіпті
ынтымақты
ұқыпты
шыншыл
әдепті
қайырымды
адал
мейірімді
таза жүреді
Жаман бала
тіл алмайды
жалқау
нашар оқиды
кір жүреді
надан
өтірікші
арамы
әдепсіз
мейірімсіз
арсыз
-3-топ Адам бойында қандай асыл қасиеттер болады?
Сенімділік
мейірімділік
сүйіспеншілік
махаббат, яғни сүйе білу
білімді
ақылды
инабаттылық
жомарттық
әдептілік
адалдық
сабырлылық
қамқорлық
С........................
М........................
С......................
М...........................
Б.............................
Мағынаны тану
Слайдтан көрсету
Әдеп туралы тыйым сөздер:
-Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаңа салып тұрма.
-Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап , тақалып тұрма, ыржалаңдап күле берме немесе мөлейіп тұрма.
-Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, қадала қарама.
-Үйде отырып ысқырма.
-Тамақ ішкенде ашкөзденіп, қомағайланып кетпе.
-Бас каиімді теппе, айналдырма, аяқ астына тастама.
-Малды бастан ұрма.
-Жасы үлкеннің алдын кеспе.
-Кемтар адамға күлме.
Үй жұмысына үш топқа тапсырма берілген болатын. Сол тапсырмаларды тыңдап көрейік
1-топ Сәлемдесу әдебі.Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау – мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысық боп тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп әдеп сақтауы керек.Мысалы кейбір оқушылар өздеріне сабақ бермейтін оқушылармен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, және мәдениетсіздік деп ойлаймын.
2-топ Сөйлесу әдебі. Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп,көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде алаңдап,жан-жағына қарау, теңселу, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қатты сөйлеу, сөзді бұзу, аяғына дейін тыңдамау-әдепсіздіктің белгісі деп ойлаймын.
3-топ Әдемі, таза киіну әдебі. Киіне білу де адамның ішкі мәдениетіне , талғамына байланысты. Жүріс-тұрысымыз, сөзіміз, ісіміз, киіміміз рухани талғамды қажет етеді. Талғамы жоғары адам ғана өз бойына қонымды, жарасымды киімді таңдап, үнемі таза жүре алады.
Проблемалық жағдаяттардан шығып көрейік:
1-топ: Сен өте асығыссың. Себебі, сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әректің?
2-топ: Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп өзі үйді жинап, сыпырып қойды.Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?
3-топ: Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, алыстан келген туысың екен. Сенің анаң есікті ашпауды ескерткен.Сенің әрекетің ?
А) оқушылар жағдаятпен танысады
Ә) Топ ішінде талқылайды және сахналайды
Топпен жұмыс
1-топ
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой:
а) Ашу-дұшпан,...........-дос,
.........-ыңа ақыл қос.
ә)Балаң .................болса, жердің үсті жақсы,
Балаң.....................болса, жердің асты жақсы.
2-топ
а) Адам бойындағы мына қасиеттердің қарама- қарсы ұғымдарын ата:
Қастық-..........
әділдік-.................
білімді-...........
тентек-.................
еңбекқор-.......
дөрекі-.................
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой:
ә) Ж....................-ты көп қуған пәлеге жолығар,
Ж....................-ты көп қуған байлыққа жолығар.
3-топ
а) Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді сөздеді қой:
Әдептілік ар-ұят-.............................белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат-...........................белгісі.
ә) Адамдар арасындағы сыйластықты қалай түсінесіңдер?
(«Сіз», «Біз» деген - жылы сөз............)
Жалғастыр ойыны:
«Не істеуге болмайды ?»
Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастыруы керек.
-Сабаққа кешігуге .....................
-Сыныпта айқайлауға.................., ысқыруға ...................
-Үлкендердің жолын кесуге ....................
-Кішкене қыздарды ренжітуге ...........................
-Құстарды атуға ....................................
-Құстың ұясын бұзуға .............................
«Не істеу керек? »
-Үлкендерді сыйлау ...........................
-Ата-аналарыңның тілін алу ................
-Тәртіпті болу............................................
-Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау ............................
-Сабақты жақсы оқу ..............................................
Ой толғау
1-топ
-« Мен мейірімді адаммын, өйткені...........»
2-топ
-Сабақтан алған әсерім............. жүрекшеге жазады
3-топ
-Бір-біріне жылы тілектерін арнайды
-Балалар сендердің бойларыңда жақсы қасиеттер көп екен. Оған мен де Данышпан ата да ризамыз.
Данышпан атаның тілек жазылған кітапшасын қабыл алыңдар ( балаларға беру )
Әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін алдына мақсат қоюы керек. Адамды көздеген мақсатына жеткізетін де, алысты жақын ететін, тікенді гүл ететін де -ақылы. Ақылсыз өмірдің ешбір мәні жоқ. Ақыл адамды әдептілікке бастайды. Тәкәппар болма. Сыйлағанды сыйлай біл.Айтқан сөзді тыңдай біл.
Бүгінгі кездесуде көп жағдайды аңғардыңдар деген ойдамын. Ең негізгісі әркім тәрбиеленуге саналылықпен ,төзімділікпен кіріссе екен.
-Ал енді батамды қабыл етіңдер!
-Жастарың ұзақ болсын!
-Таудай болыңдар!
-Өркендерің өссін!
-Бақытты болыңдар!
-Білімді болыңдар!
-Өнерлі болыңдар!
-Бақтарың жансын!
-Мұраттарыңа жетіңдер!
-Өнерлерің өрге жүзсін!
-Нағыз азамат болыңдар!
-Еліңе қорған болыңдар!
-Айларың оңынан тусын!
-Мерейлерің үстем болсын!
-Талаптарыңа нұр жаусын!
Адам бойындағы асыл қасиет
- Гүлназ0289
- 30 қаңтар 2014
- 58402
- 0
- 100
Ілмек сөздер: ашық тәрбие сағаты, Абай, бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Бес асыл, бес дұшпан
Бес асыл, бес дұшпан Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз... Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек бекер мал шашпақ, Бес...Әдептілік – адамгершіліктің бастауы!
Еңбек сүйгіштік адамдық, қарапайымдылық, жолдастық, сыпайылық адам бойындағы асыл қасиеттер ата – ананың тілегі сенің жақсы адам болуын. Сенің еңбек...Әдептілік әдемілік
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Атира Жолдасовна...Әдептілік - әдемілік
Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік - әдемілік...Адамгершілік –асыл қасиет
Мақсаты: Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.