Сайтқа кіру Тіркелу

Даудың шешімі

Сабақтың тақырыбы: Даудың шешімі
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Шешендік сөздердің мазмұны, ерекшелігі жайлы түсініктерін молайтады. Шешендік сөздердің, данышпан билердің халық арасында алатын орны туралы түсініктерін кеңейтеді.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайтып, ой - өрістерін дамытады.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ұтымды сөз тауып сөйлей білуге, сөзге тоқтай білуге тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап,, СТО жобасы стратегиялары: «Симантикалық карта», «Ассоциация»,»Эссе жазу», «Бес жол өлең», «Венн диаграммасы»
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, үлестірімділік қағаздар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Сәлеметсің бе, Көк Аспан
Сәлеметсің бе, Нұрлы Күн
Сәлеметсің бе, Жер Ана
Сәлеметсіз бе, қонақтар
Сәлеметсіз бе, мұғалім
Сәлеметсіз бе, жан досым
Міне, менің қолым бос
Жылуыңа жылу қос

І. Қызығушылықты ояту
1. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тарау бойынша эссе жазу.
Оқушылар өздері жазған эсселерін автор орындығында оқиды

2. Жақсы сөз көңіл - ойды идіреді,
Қыңыр сөз амалсыздан күйдіреді.
Әділ сөз пайдасын көп тебірентер,
Бәрі де қисық сөздің кері кетер,-
деген Ж. Баласағұн бабамыздың даналық сөзіне көңіл бөліп, бір сәт ойланып көрелікші.
- Балалар бұл өлеңде не туралы айтылған?
- Шешендік сөз
- Ендеше, біз бүгін немен танысамыз деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, «Даудың шешімі» «Талассаң, бағаң кетеді» «Кінәлі аяқтар»деген мәтіндермен танысамыз

3. «Ассоцация» құрастыру.
- Балалар, шешендік сөз дегенде ойларыңа не келеді?
(тақтаға жазуға әр топтан оқушылар шығады)
- Балалар, міне сендер, шешендік сөз туралы өз ойларынды, өз білетіндеріңді айтып бердіңдер.
Зерттеу жұмысы:
І - топ
Қазақ халқы шешенді неге дана деп санаған?
ІІ - топ
«Өнер алды – қызыл тіл» деген мақалды қалай түсінесің?
ІІІ - топ
Сөз есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл - басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз – ер сөздің асылы,
Мылжың тілді «жау»деп ұғын тартыста.
Осы сөздерге қолдау көрсету немесе қарсы болу.

ІІ. Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
1. Мұғалімнің мәтінді оқуы
- Басты кейіпкерлер кімдер?
- Өлеңдегі негізгі ой айтылған шумақты оқып бер.
Мән - мағынасын түсіндіру.
Сөздік жұмысы:
Шабындық - мал азығын шауып алатын шөбі қалың жер
жүгіну - әділ шешім айтуын күту
лақап ат - қосымша ат
дау - талас, тартыс

Сергіту сәті
2. «Сен маған, мен саған» топтар мәтін бойынша бір - біріне сұрақтар қояды.
3. Венн диаграммасы арқылы екі мәтінді салыстырамыз.
«Талассаң, бағаң кетеді.»
«Кінәлі аяқтар»
«Семантикалық картаны» толтыру
Кейіпкерлер
Даугерлер
Күдері Үш аяқтың иесі Бименбет
«Талассаң, бағаң кетеді, таласпасаңдар не кетеді?»
«Кел осы балаға жүгінісейік»
«Отқа жұғысқан да, қырманға өрт қойған да шүберек байлаған ақсақ аяқ»
«Ешкі бір аяғымен жүрмейді, үш аяғымен жүреді және ауру аяғымен жүрмейді, сау аяғымен жүреді»
ІІІ. Ой толғау
1 - топ: Эссе жазу
2 - топ: Бес жолды өлең жазу
3 - топ: Рефлексия

Ү. Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндау. Дауды қалай шешер едің?
ҮІ. Бағалау.
«Бағалау парағы» бойынша қорытындылау. Мадақтау

[right]Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
Қалалық классикалық гиназияның
Бастауыш сынып мұғалімі
Шамғанова Гүлназ Амантайқызы[/b]

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері

Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері

Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Жан-жануарларға деген сүйіспеншілік...
Сырым мен Малайсарының шешендік сөздері

Сырым мен Малайсарының шешендік сөздері

Шешендік өнер туралы ұғым қалыптасады. Шешендердің даналық сөздерімен танысып, өзіндік ой қорыта алады....
Риторика 3-4сынып мұғалімдеріне көмекші құрал

Риторика 3-4сынып мұғалімдеріне көмекші құрал

Кіріспе Қазіргі заман талабына сай жаңа қоғамға лайықты саналы, үйлесімді жетілген, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында...
Шешендік өнер

Шешендік өнер

Өтегенова Набия Төлегенқызы БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы. Казталовка ОЖББМ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі....
Киелі жеті саны

Киелі жеті саны

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×