Сайтқа кіру Тіркелу

Менің Отаным - Қазақстан

Мақсаты: Қазақстан – Отанымды дәріптеу, Тәуелсіздігімізді қастерлеу, Отан сөзінің мән - мағынасына тоқталу.
Міндеті: Отанға деген сүйіспеншілікті шығарма жүзінде ашып көрсету.
Менің Отаным – Қазақстаным

Біз әліппені оқып бітірдік. Әр әріпті оқи отырып, оларға сөздер, сөйлемдер құрып үйрендік. Мысалы, О әрпіне келгенде, көп сөздер іздедік: Отан, отбасы, оқу, оқымысты, отағасы, от, отау т. б. Біз өзіміз де теледидардан «Нұр Отан», «Отау ТВ» деген сөздерді жиі естиміз.

Мұғалім еліміз туралы түсіндіріп, көп айтты. Және бізге де көп сөздердің мағынасын үйретуде. Өзіміз де үй - іші адамдарынан үйреніп жүрміз.

Мен білемін: Қазақстан өз алдына жеке мемлекет, жері, байлығы, өз Туы бар. Әнұран да Менің Қазақстаным деп аталады. Менің өзіме жақын, таныс адамдардың, сыныптастардың, бәріміздің де Отанымыз – Қазақстан деп түсінемін.

Мектеп дәлізінде де Ту суреті бар, біз қызықтайтын әртүрлі суреттер ілулі тұр.
Менің айналамдағы адамдар, түгеліміз бір Отанда тұрамыз. Әрқайсымыз бір Отанымыздың мүшесі саналамыз. Ата - анамды, ата - әжемді, бірге туған бауырларымды, туған - туыстарымды жақсы көремін. Сыныптастарым да ұнайды. Әрдайым мұғалім де, жақындарым да Отанға деген сүйіспеншілік отбасыдан басталады,- дейді.

Ал ең үлкен Отанды – Қазақстан дейміз. Біз туған жер, туған ел, туған өлке деген сөздердің де мәнін үйрендік. Бұлар да біз түсінетін сөздер. «Қай жерде тудың, қай жерден келдің, қайда тұрасың?» - деген сөздерді жиі естиміз.

Ал менің тұратын жерім – Жезқазған. Жезқазған қаласы Қарағанды облысына қарайтынын білдім. Ал Қарағанды қаласы - облыс орталығы. Ол бізден алыс, оған пойыз қатынайды. Ұшақ та ұшады екен. Бірақ елдің көбі пойызға мінгенді жақсы көреді екен. Өзім де жазда пойызбен қыдырып келдім. Сонда көрдім: қай жаққа қарасаң да созылып жатқан кең дала.

Орындаған: Мұрат Еркеназ
Қабылдаған: Гүлмира Серікбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×