Мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы: «Ө» дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды Ө дыбысы мен әрпіне таныстыру.
Ө дыбысының сөздегі орнын ажырату.
Сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, топпен жұмыс жасауға, ой - өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, интерактивті тақта, теледидар, өз бетімен жұмыс жасау. оқу, жазу.
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.
ә) Психологиялық дайындық жасау.
- Кәне, балалар, қазір қай сабақ болады?
Қазір сауат ашу сабағы.
Бүгінгі сабақ ашық сабақ, қонақтар келіп отыр.
- Кәне қонақтармен амандасайық.
Қуан шаттан алақай!
Қуанатын келді күн!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Сәлеметсіздер ме!
Бәріміз күндей жарқырайық
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз тату болайық!
- Қатар - қатар тізіліп
Қолымызды түсіріп
Түп - түзу боп отырайық.
Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде екі топқа бөлеміз.
І топ «Алғырлар» тобы.
ІІ топ «Тапқырлар» тобы.
Ұрандары: «Алғырлар» тобы
«Білімдіге дүние жарық
Білімсіздің күні кәріп»
«Тапқырлар» тобы: «Ақыл азбайды білім тозбайды».
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, білімді болу үшін жарысамыз. Мына екі қорапқа ұпайлар салынады, сабақ соңында жеңімпаз топты анықтаймыз.
- Балалар, сендер, мына суретпен нені көріп тұрсыңдар?
- Түлкіні.
- Бұл түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен. Үйіне барайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты.
Балалар түлкіге көмектесеміз бе?
- Иә
Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындауларың қажет.
1. «Аң патшасы арыстанның» тапсырмасы.
Жұмбақ: Есепке де кіремін,
әріп те боп жүремін.
(3 саны мен З әрпі )
- Өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?
- Қандай дыбыс? Ұяң дауыссыз дыбыс.
- Жаңылтпаш: Зауза ұшады зыңылдап.
Зымыранша зырылдап.
- Буындардан сөз құрау ойыны.
2) Жолбарыстың тапсырмасы
З дыбысына сөз оқы.
Ребус шеш: инелік, қазына
3). Пілдің тапсырмасы.
- Балалар, піл сендерге мына алтын сандықты әкеліпті, сандықтың ішінде не бар екенін табу үшін, жұмбақ шешу керек.
Өмірде өткен өрікті,
Өмірсерік көріп тұр
Сөйлемде бұл қай әріп
Бірнеше рет келіп тұр. (Ө)
- Сандықтан Ө дыбысын алып көрсету.
Балалар, біз бүгін Ө дыбысы және әрпімен танысамыз.
- Қане, бәріміз бірге айтайықшы.
- Ө
- Ө дегенде не естіліп тұр?
- Дыбыс
Аузымызды дөңгелек етіп алға созамыз, тіліміз ашық, тілімізді төмен түсіріп артқа тартамыз.
- Осы дыбыс қалай айтылып тұр?
- Созылып.
- Олай болса, бұл қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс.
Қасқырдың тапсырмасы:
Жұмбақ: Көктемде ерте гүлдеймін
Кешігуді білмеймін
Қай жеміс (өрік)
- Өрік сөзіне дыбыстық талдау жасату, текшелермен жазу.
- Міне мынау әріп таңбасы.
- Ө әрпі қай әріпке ұқсайды. О әрпіне қандай айырмашылығы бар?
Түсіндіру
Техникамен байланыс: Ө дыбысын бейнетаспадан көрейік. Теледидардан «Әліпби» сиқырлы әріптер мен сөздер бейнетаспасымен Ө дыбысына сөздер таңдайды.
«Қорбаңбай аюдың» тапсырмасы.
Жұмбақ: Тұяқпен тас атқылап
Таудан түсті шапқылап. (Өзен)
- Өзен сөзін кеспе әріптермен жаздырту.
2 + 2 ═ 40
Сергіту: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп – теріп алайық
Қалтамызға салайық
Ойын: « Кім жылдам»
О - Ө дыбысының орнын ауыстырып оқу.
Соз - сөз тор - төр
Қол – көп от - өт
Жон – жөн он - өн
- Тиіннің тапсырмасы:
Оқулықпен жұмыс: сөздерді оқу.
2). Әріпті жазып үйренеміз тақтаға жазу, ауада жаздырту.
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық.
4). Берілген өнер, өркен сөзін жазу.
Қоянның тапсырмасы:
1). Сурет астындағы сөзді жаз.
2). Дыбысты тап өс, өнер, көлік
3). Өрмекші сөзіне сөйлем құрату
Тіл ұстарту
Мақалды жаттап алайық.
« Өнер білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы» (2 - 3 рет қайталайды )
Ойын: « Сөз ойла»
Ө дыбысы кездесетін сөздерді ойлату көл, өнер, өмір, көз, өгіз, көлеңке, өлең т/б.
Сабақты қорыту:
- Біз бүгін қандай әріппен таныстық?
– Неге көмектестік?
Балалар, ұпайы саналып, жеңімпаз топ анықтайық
5 рет қол соғу.
Жеңілген тапқа
4 рет қол соғу.
- Балалар, бізге қонақ келіп еді, енді оларға сау болыңыздар айтайық.
Сабақты аяқтау.
Ө дыбысы мен әрпі
- Жупар
- 11 қаңтар 2014
- 28734
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ө дыбысы мен әрпі жайлы ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. 1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты..."Ү" дыбысы мен әрпі
Білімділік: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Сахиева Ләззат...«Ю» дыбысы мен әрпі
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна Тақырыбы: «Ю» дыбысы мен әрпі Мақсаты: «Ю» дыбысын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.