«Бастауыш кластарда математиканың оқытылуы»
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, Қарабұтақ орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі Жапарова Луиза Достановна
«Білімді болу деген сөздің мағынасы - белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым»
Әл - Фараби
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, білім сапасын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Мектеп партасындағы бүгінгі бала - ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі, басшысы. Сондықтан балаға болашақ деп қарап, оның біліміне ерекше мән берілу керек. ҚР Білім туралы заңында білім беру жүйесі міндеттерінің бірі - «азаматтық пен ел жандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» деп атап көрсетілген [2].
Болашағымызға қатысты, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» (М. Әуезов) дегендей мемлекеттің ертеңі, қауіпсіздігі бүгінгі мектеп парталарында отырған оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында олардың санасына қандай дәннің себілуіне байланысты. Ал, дәл бүгінгі күн үшін «дән» дегеніміз - ұлттық ерекшелігімізді қамтыған оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендер. Олар арқылы біз жеткіншек ұрпақты тәрбиелейміз.(А. Байтұрсынұлы)
Сондықтан, жаңа сипатты мазмұндағы мектепті оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету - ол мемлекеттік деңгейдегі саяси іс. Бастауыш кластағы ең негізгі, әрі өзекті пәндердің бірі - математика пәні болып табылады. «Математика»- мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні. Бастауыш білім берудің барлық пәні болып табылатын математика бір жағынан өзге пәндерді оқытудың алғы шартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып - үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс - әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Бастауыш мектеп математикасы негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Мақсаты:
- Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде білім және білік дағдыларын игерту;
- «Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және өздігінен білім алуға және мәдени мұралармен үндестіру арқылы болымды тұлға ретінде қалыптастыру;
- Оқушының ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
- Математикалық білімін өмірде қолдануға жан - жақты дайындауды жүзеге асыру;
«Математика» оқу бағдарламасын оқу негізі ұстанымдарға сүйенеміз.
1. Ғылымилық ұстаным - кіші жастан оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында жаңа ұғымдар мен терминдерді қолданысқа енгізу.
2. Іс - әрекет ұстанымы - математикалық ұғымдар мен амал - тәсілдерді саналы берік игеруді қамтамасыз ету.
3. Пән ішілік интеграция ұстанымы - әр түрлі оқу пәндерінің өзара байланысын түсінуге көмектеседі математикалық тілге үйрету болып табылады.
4. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескерту ұстанымы - әр түрлі тапсырмаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
5. Шығармашылық ұстанымы - логикалық есептерді шешу практикалық бағыттағы тапсырмаларды көздейді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 1 - 4 класстардағы «Математика» пәні бойынша жүктемесі.
1 - класс – аптасына 4сағат барлығы 136 сағат
2 - класс – аптасына 4 сағат барлығы 136 сағат
3 - класс – аптасына 5 сағат барлығы 170 сағат
4 - класс - аптасына 5 сағат барлығы 170 сағат
Математика оқулығы «Атамұра» баспасынан үшінші рет өңделген оқулықтармен оқытылады.
1 - кесте. 1 - класс математикасының мазмұны
2 - кесте. 2 - класс материалының мазмұны.
3 - кесте. 3 - класс материалының мазмұны.
4 - кесте. 4 - класс материалдарының мазмұны
4 - класс оқулығының авторлары: Т. К. Оспанов, Ш. К. Құрманалина, Ж. Т. Қайыңбаев, К. Ә. Ерашева – 2011 ж «Атамұра» баспасынан шыққан оқулықпен оқып жатырмыз.
Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру үшін, математикалық ұғымдарды жете білу керек. Оқытудың негізгі формасы сабақ. Математика сабақтары көбінесе аралас сабақ түрінде өтеді, қайталау, білімді тиянақтау, білім деңгейін анықтау мақсатында пайдаланылады.
Математика сабағында қойылатын талаптар:
1. Оқушының өзіндік іс - әрекеті басым болуы.
2. Оқушының өздігінен білімділік дағдыларын игеруі.
3. Сабақтың нақты бағдарламалармен жүргізілуі.
4. Ауызша жаттығу жүйесінің қарастырылуы.
5. Өз бетінше жұмыс түрлерінің жиынтығы.
Өзімнің педагогикалық іс - тәжірибемде әдіс - тәсілдерді ұтымды қолдана білуге ұмтыламын. Біздің алға қойған мақсатымыз - оқушылардың қай пән болмасын сол сабаққа ынталандыра білу. Сол арқылы тақырыпты жеке түсіндіру, әр сабақты қызықты өтуге, оқушылардың белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытуда өте тиімді ойын, ұлттық ойын, ертегі сабақ, саяхат сабақ, деңгейлік тапсырмалар, тірек сызбалар, жарыс, сайыс сабақтар, топпен жұмыс, қорытындылау есебінде тест жұмысын жүргіземін. Негізгі 4 - кластың оқулығының өзі дамыта оқыту технологиясының тұрғысында жасалынған. Есептерінің өзі жаңа ұғым, қайталау есептерін өз бетінше орындайтын жаттығулардан, геометриялық тапсырмалардан, оқушылардың логикалық және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған жаттығулардан тұрады. Жаңа әдіс - тәсілдерді қолданғанда бір - біріне ұқсамайтын және оқушы жүрегінен жол таба білу қажет. Математика сабағын өткен класстармен салыстырғанда көрсеткіші осындай:
5 - кесте. 1 - класс бойынша математика пәнінің үлгерім көрсеткіші. Барлығы 15 оқушы.
6 - кесте. 2 - класс бойынша математика пәнінің үлгерім көрсеткіші. Барлығы 16 оқушы.
7 - кесте. 3 - класс бойынша математика пәнінің үлгерім көрсеткіші.
Математика пәні бойынша бірыңғай тек сабаққа ғана көңіл бөлмей, сыныптан тыс шаралар да өткізуіміз керек. Сыныптан тыс жұмыстар – іріктелу принципінде құрылуы керек. Мұнда оқушыларға баға қойылмайды. Оқушылардың шамасы келетіндей қиынырақ материал алыну қажет. Өз ойым сыныптағы алдағы мақсатымда математика бұрышы болса жақсы болар еді.
- математика дәптерлер көрмесі;
- есептер құрастыру үшін цифрлы мәліметтер, сурет қиындылары, альбомдар;
- бағалау анықтағышы;
- өз бетімен құрастыратын есептер, математикалық диктанттар, логикалық тапсырмалар;
Бұрыштың аты «Жас математик», «Ойлан, тап», «Тапқыр бол, әр кезде». Мұғалім үнемі материалдағы тапсырмаларды ауыстырып отыруы керек, ал материалды ауыстырып отырған септігін тигізеді. Математикаға оқыта отырып, ғылыми тұрғыдан алғанда, ой пікірлердің қалыптасу бастауларының бірі – халық педагогикасында. Есепке бай логикалық мақал - мәтелдерді айту. «Есеп, есеп, білмеген есек» математикалық сауаттылықтарын арттыруға жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі желісімен өткізу оқушыларды өте қызықтыратыны белгілі. Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың математикалық ұғымын кеңейтіп, ойлау қабілетін арттырады. Әр сабақта қорыта отырып қалай меңгергенін тексеріп, қадағалап отырса, нәтижесін көруге болады.
«Жеті ата еліне саяхат»
Мақсаты: оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, математика сабағында алған білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін және есте ұстау мүмкіндіктерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибратты сөздерді түсіндіріп, содан үлгі өнеге - алуға баулу.
Оқушыларды өз халқына, өз ұлтына, туған жеріне, ұлттық әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілікке, тапқырлықпен ізденімпаздыққа, білімнің өмірде мәні зор екенін түсіндіру, білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу.
Оқушылардың өздерінің білгендерін көрсетуге, ойлап дұрыс және анық жауап беруге, өз бетімен жұмыс жасауға машықтандыру.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, цифрлар, сөзжұмбақтар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: - Құрметті оқушылар, бүгін біз сіздермен бірге жеті ата еліне саяхатқа шығамыз.
- Оқушылар, сіздердің көңіл - күйлерің қандай?
- Жеті ата еліне саяхатқа шығар алдында мен сіздерге сәттілік, достық, ұйымшылдық тілеймін! Саяхатқа біз екі топ болып шығамыз. Бірінші топ - «Білгірлер», екінші топ – «Тапқырлар».
1 - аялдама - «Ата»
/екі топ оқушылары жаңылтпаштар айтып жарысады /
2 - аялдама – «Әке»
/ екі топ оқушылары санамақтар айтады /
3 - аялдама – «Немере»
/сандарда жасырылған тапсырмаларды орындау /
1. дециметрде неше сантиметр бар? / 1 дм - 10 см /
2. 1 сантиметрде неше миллиметр бар? / 1 см - 10 мм /
3. Әріпті өрнек дегеніміз не? / белгісіз санды табу /
4. Сәуле дегеніміз не? /бір нүктеден таралған түзу сызық /
5. Шаршы дегеніміз не? / барлық қабырғалары тең төртбұрыш /
6. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? / екеуі тең /
7. Кез - келген санға 0 - ді қосқанда неше шығады? / сол санның өз /
8. 9+6 өрнегі неге тең?
4 - аялдама – «Шөбере»
Мына мысалдарды шығарып, жауабын жаза отырып, аққала құрастыру керек.
«Білгірлер»
1) 28+4= 4) 33+3=
2) 75 - 2= 5) 38+11=
3) Х+24=54 6) 89 - 0=
«Тапқырлар»
1) 84+5= 4) 72+3=
2) 67 - 7= 5) 79 - 8=
3) Х+26=56 6) 43+22=
5 - аялдама«Шөпшек»Есепті шығар.
«Білгірлер»
А) 6 алманың екеуін досың сұрап алды,
Айтшы сонда өз қолыңда нешеуі қалады? / 4 алма /
ә) Түйе, бота маң басқан,
төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрі нешеу айта қой? / 17 /
«Тапқырлар»
А) Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бір ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Сонда неше болады? / 24 /
Ә) Дүкенге кеп сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, үш қалам,
Есептеші, сонда бәрі,
Қанша болды қолда бары? / 7 /
6 – аялдама – «Немене»
/1 – ден 12 – ге дейінгі сандарды тауып, мүдірмей санап шығу керек /
«Білгірлер» «Тапқырлар»
471026128191153935111124821067
7 - аялдама –«Немене»/Сөзжұмбақты шешіңдер /
1. «Кем» ұғымына қарсы ұғым. 1. Қосудың компоненті.
2. «Кіші» ұғымына қарсы сөз. 2. 27 - 17
3. «Сол» ұғымына қарсы ұғым. 3. Амал.
4. Екінші разрядтың атауы. 4. Үш ондық.
5. Ұзындық өлшем бірлігі 5. 16 - 7
6. Уақыт өлшем бірлігі. 6. Сан.
Қорытынды:
-«Жеті ата» еліне саяхат барысында көптеген сыннан сүрінбей өттік, оған бізге достық, бірлік, білім көмектесті.
- Сіздерге саяхатымыз ұнады ма?
- Балалар, біз есепте ойлау қабілетіміз ұшқыр, шапшаң, епті екенімізді ойын барысында көрдік. Ойлап қарасақ өмірдің бәрі есеп.
- Дүниенің бар тұлғасы – есеп,- десек, сол үшін біз математика сабағына бар ынта - жігерімізді салып оқуымыз керк.
- Осымен саяхатымыз аяқталды. Топтар марапатталады.
Аннотация
В докладе освещается опыт преподавания математики в 1 - 4 классах школы с казахским языком обучения.
Написанная опытным учителем, глубоко понимающим требования, предъявляемые к уроку как основной форме учебно воспитательного процесса, доклад представляет собой образец интеграции современных задач обучения, представляет большой интерес для начинающих учителей – математиков, методистов начального обучения.
Бастауыш кластарда математиканың оқытылуы
- Луиза
- 10 қаңтар 2014
- 12671
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Бастауыш кластарда математиканың оқытылуы
Ұқсас жаңалықтар:
«Қызықты математика» авторлық бағдарлама
Бұл бағдарлама математика саласы бойынша оқушы білімін тереңірек меңгертуге арналады. Математика - бастауыш сыныптағы негізгі де маңызды негіздердің...Қызықты математика таңдау пәні 2-сынып
«Қызықты математика» оқу бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 3 - сынып оқушыларына арналып құрылды. Ұсынылып отырған «қызықты математика»...Авторлық бағдарлама (математика пәні)
Түсініктеме Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің...Білімдерін тиянақтау
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.