2 сынып. Өзін - өзі тану. Тақырыбы: «Күш бірлікте»
Дәйексөз: «Татулық — табылмас бақыт»
Мақсаты: Білімділік: Бірлік туралы түсінік беру,« бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Көпшіл болу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Бір - біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: үлестірме қағаздар, ребус, дәйексөздер, слайдтар.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Әдістемелік тәсілдер: Шаттық шеңбері, сергіту сәті, ойын, дәптермен жұмыс, жүректен жүрекке, слайд
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбері
Балалар, мен сендерді дәстүрлі шаттық шеңберін құруға шақырамын. Кәне, күн құсап дөңгелене тұра қаламыз.. Қол ұстасып достық, татулық туралы өлең айтайық.
Барлығымыз менімен бірге қайталаймыз.
Қуан шаттан, қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы бүгін күн болсын.
Енді жұп болып тұрамыз, алақан алақанмен амандасады
Иық иықпен
Арқа арқамен
Аяқ аяқпен
Құлақ құлақпен
Мұрын мұрынмен сәлемдеседі. Ал, енді көңіл күйіміз көтерілді ме? Орнымызға отырайық.
Үй тапсырмасын тексеріп, есімізге түсіріп алайық.
1. «Достық хат» - оқыту
2. «Біз тату - тәтті отбасымыз» тақырыбына салған суреттерінен көрме ұйымдастыру. Қысқаша түсініктеме беру.
Біз өткен сабағымыздан нені үйрендік?- балалардың жауабы
-- татуласуға бірінші қадам жасауды
---- кішіпейіл болуды
--- қателікті мойындауды
--- өзара түсінісуді үйрендім
--- ренішті ұмыта білуді
Жаңа сабақ. – Жақсы, балалар жаңа сабағымызға кірісейік.
Сабағымыздың тақырыбы «Күш бірлікте» Бұл сабақта біз бірлік күші неде екенін білетін боламыз. Ол үшін көптеген елдерге саяқатқа барамыз.
-«Ынтымақ» еліне
-«Бақыттылар» еліне
-«Сыйластық» еліне
- «Достық» еліне
«Бірлігі күшті ел»
СЛАЙД -«Ынтымақ» еліне тоқтап, тапсырманы орындайық.
1. Ынтымақты дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ынтымақ түбі - береке - деп айтуда қандай мән бар?
Оқушылар:
- Оқушылардың шешендер айтқан ынтымақ туралы сөздеріне кезек беру.
- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
- Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
- Ынтымақ түбі - игілік.
- Тірлік, тірлік түбі - бірлік.
- Ынтымақ істі бітірер.
- Ақылдассаң шешерсің,
Ақылдаспасаң, кем кесерсің.
Жақсы, - Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату - тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.
- Балалар, сендер шешендердің ұлағатты сөздерін естеріңе түсірдіңдер.
- Енді өздерің қалай түсінесіңдер?
- Компьютерден аңыз әңгімені тыңдату - аудиозапись
- Енді көріністен қарияның балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырғанын тамашалайық.
КӨРІНІС «Ырыс алды – ынтымақ»
Көрініспен жұмыс.
Көрініске байланысты сұрақтар.
- Қария туралы не ойлайсыңдар?
- Қарияның тоғыз ұлы туралы не ойлайсыңдар?
- Қария балаларын қалай сынады? Сендер қалай сынар едіңдер?
- Қария балаларына қандай ақыл сөздер айтты?
«Бірлік болмай, тірлік болмас»- деген халық мақалын талдау арқылы өзекті ойды нақтылай түсуіне көмектеседі.
Тапсырмалар:
- Ынтымақ, бірлік, достық, татулық сөздерін қалай түсінесіңдер?
Ынтымақ – адамдардың арасындағы ұйымшылдық, татулық, ауызбірлік, бірлесіп әрекет етуі
Татулық – адамдардың берік бірлігі, сыйластығы
Достық – адамдардың бір біріне адал қалтқысыз сенуі, бір мүдделі ортақ көзқараста болуы
Жанашырлық – адамдардың бір – біріне ниеттестігі мен тілегі
Сыныпта қандай жұмыстарды бірлесе атқаруға болады?
- Егер сыныптағы қыздар екі топқа бөлініп жүрсе, олардың бірге жүруі үшін сендер қандай әрекеттер жасар едіңдер?
Бірлік --- татулық, сыйластық, достық, ұйымшылдық, көпшіл болу, татулық
СЛАЙД «Бақыттылар» елі
Дәйексөзді дәптерге жазу. Дәйексөз арқылы кім қандай пікір айтады?
Татулық — табылмас бақыт.
СЛАЙД «Сыйластық» елі Мұнда оқушылар берілген қағаздардағы мақал - мәтелдерді аяқтайды:
1. Ынтымақ түбі -..................... береке,
2. Бірлік,, ынтымақ. – байлық,............... бақ
3. Татулық....... табылмас бақыт
4. Бірлік болмай -...... тірлік болмас
5. Ырыс алд ы - ынтымақ
Сергіту сәті
Біз өнерлі баламыз, (Өзін көрсетеді)
Шырқап әнге саламыз /Екі қолды жанына созады/
Би билейміз бұралып /бидің қимылы/
Доспыз, тату баламыз! /барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді/
СЛАЙД «Достық» елі
Топпен жұмыс. Ынтымақ үйін, татулық гүлін құрастырамыз
Дәптермен жұмыс
Мақал – мәтелді талдау. Ребуста жұмыртқа, бала, көйлек, дәптер, үкі киім ілгіш суреттері берілген.
Шешуі: Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Мақал мазмұнын қалай түсіндіруге болады?
Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату - тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады..
ІV. Қорытынды Біз бар елді аралап шықтық. Енді өз елімізге қайтайық. Мен сендерге жұмбақ қылып астарлап айтамын, сендер ол қай ел туралы екенін табыңдар.
Сабақты қорыту мақсатында «Құт мекені» слайдын көрсету. Тапсырма: 1. Татулық, достық, бірлік, ынтымақтастық
Мұғалім: Жер бетінде жанға жайлы бір ел бар деседі. Ол елдің адамдары шат - шадыман, бір - бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен. Адамдар мұң мен жауласу дегенді білмейді, бір - біріне бауырмал болып өмір сүріп жатыр. Сондықтан да сол елде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Бұл ел қай ел деп ойлайсыңдар?
Бұл - қазақ елі.
Отанымыз Қазақстан - әр адамның құт мекені.- шамшырақ жағу
Жүректен жүрекке
Ынтымақ – адамдардың арасындағы ұйымшылдық, татулық, ауызбірлік, бірлесіп әрекет етуі
Татулық – адамдардың берік бірлігі, сыйластығы
Достық – адамдардың бір біріне адал қалтқысыз сенуі, бір мүдделі ортақ көзқараста болуы
Жанашырлық – адамдардың бір – біріне ниеттестігі мен тілегі
Бірлік — ортақ істе ұйымшылдық көрсету.
Бірлік — жаныңдағылармен тату өмір сүру.
Бірлік — өзгенің пікірімен санаса білу.
Бірлік — өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.
Тақырыпқа байланысты жақсы тілек, шешендік сөз немесе өзі жаттап келген бірлік, татулық туралы батасын айту
Үйге тапсырма: өздерің татулық, бірлік туралы шағын әңгіме жазып, түрлі жағдаяттар ойластырып келіңдер
Қарағанды қаласы, № 83 ЖОМ
бастауыш сынып мұғалімі
Исабаева Карлыгаш Нурлыбековна
Күш бірлікте
- karlygash
- 16 қаңтар 2022
- 63033
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Күш бірлікте, татулық табылмас бақыт, күшіміз бірлікте тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Қара сөздер. Абайдың алтыншы қара сөзі
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік...Бірлік, ынтымақ туралы мақал-мәтелдер
Бірлік, ынтымақ - байлық, бақ. Бірлікті ел бұзылмас. Көп қолдаса жауды жеңеді....Татулық достық киелі бесігі
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер! Қазақстан мемлекеті көп...Татулық - достықтың киелі бесігі
1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі -...Біз достықты сүйеміз
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектеп, Әбіш Жансая Нөпірбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.