Сайтқа кіру Тіркелу

6 санының құрамы

Сабақтың тақырыбы: 6 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: 1. 6 санының құрамын меңгерту, өрнек құру арқылы оның мәнін табуға, теңдік және теңсіздік таңбаларын дұрыс қоя білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту, бағыт - бағдар бере отырып өздігінен жұмыс істеуге, өзіндік талдау мен топтық жұмысты шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру. Оқушыларды ептілікке, ынтымақшылдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың тақырыбы: 6 санының құрамы

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
[i]Психологиялық дайындық.[/i]
Ойға толып санамыз
«5»болсын алар бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
6 цифрін жазу.
- 6 санын қалай шығарып аламыз?
- 6 саны қандай сандардан артық?
- 6 - дан кем сандарды ата?
- Қосу және азайту амалына өрнек жаз.
5+1=6 6 - 5=1 6 - 1=5
2+4=6 6 - 2=4 6 - 4=2
3+3=6 6 - 3=3

Өткен сандардың құрамын анықтауға байланысты қызықты есептер шығарамыз.

Омартада үш қонжық,
Ойнауға тығылмақ кірісі.
Жасырынса бірі бөшкеге
Тоғайға жүгірді нешеуі? (2)

Балапандарым - байлығым,
Бармысыңдар барлығың?
Тексерейін, санайын.
Ұябасар - анасы
2 - еуін тапты жүйектен.
Арпа іздеген 2 - еуін
Байқап қалды алыстан.
Айтыңдаршы балалар
Нешеу екен барлығы? (4)

Сарылау үш түймедақ,
Тамаша екі көктікен.
Балалар маған сыйлаған
Байламда неше гүл екен? (5)

- Міне, балалар, барлығымыз дұрыс таптық. Олай болса біз бүгінгі сабағымызда 6 санының құрамымен танысамыз.

Мысықтың бес баласы
Не берсең, соны жейді екен.
Жаласа қаймақ біреуі,
Табыңдар сонда қанша екен,
Барлығы мысық баласы? (6)

ІІІ. Жаңа сабақ:
1) 6 санының құрамын анықтау.
6 6 6
5 1 4 2 3 3

2) 5+1=6
4+2=6
3+3=6

3) Салыстыру.
6см > 5 cм 5см < 6cм

Сергіту сәті: Қимылдатып саусақты,
Оңға, Солға бұрап көр.
Ұстап көріп моншақты,
Әсем бейне құрап көр.
Сырт - сырт, сырт - сырт
Шықсын дауысы

4) Тақтамен жұмыс:
0 4 см 2 5
3cм 2 см

5) Жасырын сандарды тап.
2 4 6 6 4 2
[i]«Жапырақ жинау»ойыны[/i]
Шарты: берілген есептерді дұрыс, қатесіз тақтаға жазу
2 - 1+2
4 - 1 – 1
3+1 – 2
1+1+1
5 – 1
5 – 4
3+2 4+1

Дәптермен жұмыс: Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
6 санын жазып үйрену
6 санының құрамын жазу. Өрнектердің мәнін табу.

Шығармашылық тапсырма.

Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?
- Екі үшбұрыш берілген ұқсастығы екеуі де үшбұрыш, айырмашылығы біреуі екіге бөлінген.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
- Бүгін біз сендермен қандай санның құрамымен таныстық?
- 6 саны қандай сан?
- 6 саны қай сандардың қосындысы?
- 6 санының көршілерін ата.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×