Тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сан есімнің сұрақтарымен таныстыру, сан есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар, қуаныш сыйлау. Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
56 – жаттығу «Марқакөл қорығы» тақырыбына әңгімелерін оқыту.
ІІІ Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жан - жақты білімдерін тексеру
Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Сергіту сәті: электронды көзге арналған сергіту сәті.
Ү Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс 57 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
Сан есімдерге сұрақ қойып, астын сыз.
Бұлар қандай сан есімдер?
Есептік пе, әлде реттік пе?
58 - жаттығу Анаграмманы шеш. Сан есімдерді тап. Бұлар қандай сан есімдер?
Қос сөзін қандай сан есіммен алмастырып айтуға болады?
59 - жаттығу сандарды сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
61 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен сан есімдерді байланысқан сөзімен бірге теріп жаз.
ҮІІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІІ Үйге тапсырма: 60 – жаттығу. Ребусты шеш. Қандай мақал шығады. Мақалды жаз. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.
ІХ Оқушыларды бағалау
Бағалау смайликтерін тарату
Сан есім
- Manat
- 21 қараша 2013
- 8163
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауын, қазақ тілі, сан есім бойынша сабақ
Ұқсас жаңалықтар:

Қазақ тілі 4 сынып сабақ жоспарлары
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, А. Меңдалыұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Анесова Светлана...
Сөз және оның мағынасы
ШҚО, Аягөз қаласы, "№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Баямбаева Нуржанат Болатовна...
Сан есім
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Искакова Шаригул Садуакасовна...
Сөз таптары. Зат есім.
Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Жулдуз Саиновна...
Сан есім
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.