Сайтқа кіру Тіркелу

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық. ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік. оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін - бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру стратегиясы, сәйкестендіру тесті, тірек - сызба.
Сабақтың көрнекілігі: ребустар, кестелер, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
1. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Оқу құралдарын дайындату
- Кезекшінің жұмысын қадағалау
2. Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
3. Үй тапсырмасын тексеру
Ал енді үйге берілген тапсырманы тексеріп жіберейік.
397 – жаттығу. Жалқы есімдерді бір бағанға, жалпы есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.
Жалқы Жалпы
4. Өткен сабаққа шолу жасау

Семантикалық карта
Мысал жалқы есім жалпы есім
бала
Астана
тау
Айжан
Есіл
әже
Мысал жалқы есім жалпы есім
Айдос
балық
Тайбурыл
ұшқыш
Бөрібасар
өзен
ІІ. Мағынаны тану
1. Суретпен жұмыс
- Ендеше балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып алайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері».
Суретке қара. Әр сүреттегі заттардың санын анықта.

Қоян Қояндар балапан балапандар
- Сөздерді салыстырып оқиықшы? Олардың бір - бірінен қандай айырмасы бар?
(Оқушылар жауабы)
2. Тірек -- сызба
3. Ережені түсіндіру жұмысы.

- Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз:
аталар, құстар, түйелер.

3. Сұрақ - жауап:
М: Суреттерге назар аударайық.

- Бірінші суретте неше үйрек бар?
- Біреу
- Үйрек сөзіне сұрақ қояйықшы?
- Не?
- Екінші суретте неше үйрек бар?
- Үшеу
- Үйректер сөзіне сұрақ қояйықшы?
- Нелер?
- Келесі суретке қарайық. Неше қыз бала бар?
- Біреу
- Ал екінші суретте неше қыз бала бар? Қандай сұрақ қоямыз?
- Біреу. Кімдер?
4. Оқулықпен жұмыс
5."Еркін жазу" стратегиясы
401 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа.
( Қарамен жазылған сөздердің астын сызамыз. Бұл сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстырайық. Қарамен сызылған сөздер қайсысы?)
О: ағалар, апалар.
М: Балалар бұл қай ақынның өлеңі?
О: Әнуарбек Дүйсенбиев.
М: А Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?
Сергіту сәті (әуенмен)
6."Топтастыру" стратегиясы
1931 жылы туған

Туған жері - Алматы облысында туған «Сыйлық», «Не деу керек?»,
деген шығармалары бар.

7. Сәйкестендіру тесті
1. Суретші - дар
2. Ақын - лар
3. Жеңімпаз - дер
4. Сыйлық - тер
5. Бала - лер
6. Құс - тар
7. Ата - дар
8. Құжат - тар
9. Өзен - дер
10. Торғай - тар

8. Шығармашылық жұмыс
403 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

(Инеліктер)

- Инеліктер ұшатын жәндік.

ІІІ. Ой толғаныс
1. Балалар бүгінгі сабағымызды «Ойлан, тап!» ойыны арқылы қорытындылаймыз.

Тест тапсырмалары.
1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?
А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім
2. Заттың атын білдіретін сөздер тобы:
А) қалам, дәптер, бала Ә) ойнады, күледі Б) әдемі, сұлу В) үлкен, жеті
3. Зат есім қандай сұраққа жауап береді?
А) қайтті? Ә) кім? не? Б) неше? қанша? С) қандай? қай?
4. Мына сөздер қай сөз табына жатады: қар, доп, есік
А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім
5. Дәптер сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?
А) – лар Ә) – лер Б) – дар В) – тер
6. Жалқы есімді тап.
А) сырға Ә) асық Б) Ақтөбе В) қалам
7. Жалпы есімді тап.
А) Қазақстан Ә) қасық Б) Ақтөс В) Елек
8. Оқушы сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?
А) – лар Ә) – лер Б) – дар В) – тер
9. Заттың ретін білдіретін сан есімді тап?
А) он Ә) жиырма екі Б) екінші В) бес жүз
10. Жалқы есімді тап.
А) өзен Ә) Тайбурыл Б) қақпақ В) дәптер

(Өзін - өзі бағалау)
10 – 9 балл – «5»
8 – 6 балл – «4»
5 – 3 балл – «3»
2 – 0 балл – «2»

2. Үйге тапсырма беру.
- Балалар үйден 405 - жаттығуды орындап, ережені мысалмен бірге жаттап келеміз.
3. Бағалау. (Оқушының біліміне қарай бағалау)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сөз таптарын қайталау

Сөз таптарын қайталау

Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау, сөз таптары туралы ұғымдарын жетілдіру, сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге...
Зат есімнің жекеше, көпше түрі

Зат есімнің жекеше, көпше түрі

Оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді, көпше түріне айналдыра білуге үйрету Сабақта алған білімін жаңа сабаққа байланысты берілген тапсырмаларды...
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Молдашева Айгул Хабесқызы...
Зат есім

Зат есім

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Карагулин 18, № 6 орта мектебі ММ Бастауыш мектептің мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Қазақ тілі пәні Сабақ...
Зат есімнің жекеше, көпше түрі  2-сынып

Зат есімнің жекеше, көпше түрі 2-сынып

Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Жомартова Назым Нурхасымовна бастауыш сынып мұғалімі Қазақ тілі 2 «В» сынып Сабақтың тақырыбы: Зат...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×