Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. И и дыбысы мен әрпін меңгерту. И дыбысының бөлек буын құрайтынын, И дыбысының ұқсас Й дыбысынан айырмашылығын түсіндіру
2. И дыбысы кездесетін сөздерді оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту
3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, әдептілікке баулу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Өткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақтар, суретпен жұмыс
Көрнекілігі: кеспе әріптер, оқулық, мазмұнды сурет
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
- Сабаққа зейіндерін аудару
II. Өткен сабақты еске түсіру
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Дыбысты естиміз. Әріпті көреміз, жазамыз.
III. Мағынаны тану
1) Жұмбақ жасыру
- Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды. (инелік)
- Тұмсығына жібін байлап
Сүңгіп батып, сүңгіп батып, бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты. (ине)
- Ине, инелік сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
- И дыбысынан басталып тұр
- И дыбысын айтып көрейік
- И - и - и
- Қалай айтылады?
- Созылып айтылады.
- Созылып айтса қандай дыбыс болады?
- Дауысты дыбыс.
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Қызыл түсті текшемен.
- И дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі?
- Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық?
- Й әрпімен таныстық
- И және Й әріптерінің айырмашылығын түсіндіру.
2) Кітаппен жұмыс
- И дыбысына байланысты сөздерді оқыту
3) Топтау
И
4) Мәтінмен жұмыс
- «Ит» мәтінін оқыту
Ит – адамның досы. Олар иесін қорғайды. Балалармен ойнайды. Мал бағады. Аң да аулайды. Итке иесі – қамқоршы.
- Мәтін не туралы?
- Ит туралы
- Ит не істейді?
- Ит мал бағады, аң аулайды
- Мәтінде неше сөйлем бар?
- Мәтінде 6 сөйлем бар
5) Тақтамен жұмыс
- «Ит» мәтінінің бірінші сөйлемін тақтаға жаздыру
- Сөйлемді дауысты, дауыссыз дыбысқа ажырату
- Екінші сөйлемді жаздырту
- Сөздерді буынға бөлдіру
6) Дәптермен жұмыс
- И әрпін ауада жазып көрсету
- И дыбысының бас, кіші әріптерін тақтаға жазып көрсету
- Ине, инелік, шие сөздерін жаздыру
IV. Сабақты қорытындылау
Біз бүгін И дыбысы және әрпімен таныстық
Мадақтау
И дыбысы мен әрпі
- молдир б
- 12 қараша 2013
- 49610
- 0
- 0
Ілмек сөздер: И дыбысы мен әрпі жайлы бастауыш сыныбынан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Ц дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. Ц ц дыбысы мен әрпін танытып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп...Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін...Ё ё дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ё дыбысы мен әрпін меңгерту. Ё ё дыбысы бар сөздерді дұрыс айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету...Ь дыбысы мен әрпі
Сабақтың міндеті: 1. ь дыбысы бар сөздерді буынға бөлдіріп үйрету, ь дыбысының жіңішкелік белгісі екенін меңгерту...Ж дыбысы мен әрпі
Атырау обл, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даулетова Тойгүл Мырзабекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.