Сайтқа кіру Тіркелу

Математика 1 сынып. 10 көлеміндегі қосу және азайту

Тақырыбы: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайту
Мақсаты: 1. 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін, санды
өрнектер, сандарды салыстыру, есеп шығару, есептер құрастыру
дағдыларын бекіту;
2. Оқушылардың математикалық ойлау қабілет арттырып, өздігінен
жұмыс орындап, қорытындылай білуге дағдыларын қалыптасты -
ру;
3. Таза, көркем жазуға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ассоциация, талдау - жинақтау;
Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың құралдарын түгелдеп назарларын сабаққа аудару

Қайырлы таң достарым.
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.

II. Жаңа сабақ.
1. Дәптермен жұмыс
Күннің реті. Көркем жазу
Көркем жазайық
Тізбектеліп сән құрып,
Көркем сандар келеді.
Зерек шәкірт әрине,
Жазылуына көңіл бөледі.
Қолына қаламсап алып,
Үлгімен жазып үйренеді.
9 ------ 9 ----- 9 ----- 9 ---- 9
9 - бірлік сандардың ең үлкені
9 - тақ сан
9 - дың көршілері 8 бен 10

2. Ребус шешу; «өрнек»(өрмектің суреті, м, н )

3. Ассоциация құру

4. Оқулықпен жұмыс.
1 - мысал Өрнектерді пайдаланып, теңсіздіктер құрастыру:

5+4
6 - 3
8+2
9 - 5
4+3
2+4

5. Сергіту сәті.
Қорбаңдаған қонжықтың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық
Қалтамызға салайық.

6. Ойнайық, ойланайық.
Құлпынайдағы жасырынған санды тап.

7.«Жасырынған сөзді тап» ойын
4 ----- 2 ----- 4 ----- 5
Е ------ с ----- е ----- п

ЕСЕП( есептің неден тұратының айту)
1. Шарты
2. Сұрағы
3. Шешуі
4. Жауабы
8. Дәптермен жұмыс.(2 - 4 оқушыға ауызша есептің шартын құрастыру)
2 - есеп Қысқаша жазуы бойынша есеп құрастыру:
а) Болғаны - 6 ---------------- ә) Болғаны - 8
Келді - 3 --------------------- Кетті - 2
Барлығы -?---------------- Қалды -?
6+3=9 ----------------------- 8 - 2=6
Ж: барлығы 9 бала.--------- Ж: қалғаны 6 бала
9. Эл. оқулықты пайдаланып санның құрамына байланысты мысалдар шығару.
Өзіндік жұмыс.
1 - топ 9 - дың, 2 - топ. 7 - нің, 3 - топ 10 - ның құрамын жазу
III. Қорыту.
IV. Үйге тапсырма.
V. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×