Ана тілі
Сабақ тақырыбы: Қасым Аманжолов. Көктем
Сабақ мақсаты:
Қасым Аманжолов Өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын, мәнін ұғындыру.
Оқушыларды мәнерлеп жылдам оқуға үйрету, қызығушылығын ояту, тіл байлығын дамыту.
Табиғатты аялай білуге, таным белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы.
І. Бағалау. – Мотивациялық кезең.
Психологиялық сәт.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетеді сонда дереу жан - жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Балалар, қазір сендер 3 топқа бөлініп отырасыздар. Ендеше үш топқа үйге қандай тапсырмалар берілді?
1 - топ. – «Бәйшешек». Эссе жазу, гүлдер туралы.
2 – топ. – «Жауқазын». Гүлдер туралы өлең шығару.
3 – топ. – «Қызғалдақ». Гүлдің суретін салу.
ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең.
Балалар, бәріміз тақтадағы сөзжұмбақты шешеміз.
Мына суреттердің басқы әріптерін алсаңдар сонда сөз шығады.
Күн, демекші, көкек, ту, ешкі, мысық («Көктем» сөзі шығады)
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Көктем.
Топтастыру.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысу.
Қасым Аманжолвов 1911 жылдың 10 қазанында қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов атындағы ауылдың Қызыл тауының баурайындағы Ақтайлақ елді мекенінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1918 жылы 6 қаңтарда әкесі Рақымжан 43 жасында қайтыс болады. Оны анасы Айғанша 1923 жылы Семейдегі бастауыш мектепте, 1927 - 1930 жылдары Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1931 жылы Ленинград қаласында орман шаруашылығы институтына оқуға түседі. Денсаулығы жарамағандықтан оқуды тастап, Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетінде жұмыс істейді. 1933 жылы Алғашқы өлеңдер жинағы «Өмір сыры» 1939 жылы жарық көреді. Қызыл Армия қатарына шақырылып, Орал қаласында әскери бөлімде қызмет атқарады. 1935 жылы Алматыға қайтып келіп «Лениншіл жас» газетіне орналасады. Осы кезеңнен бастап оның қаламгерлік дарыны ашылып шығармашылықпен айналысады. Көп оқымаса да зеректігінің арқасында қазақша да, орысша да бірдей жазады. Аманжолов ақындығының үстіне композитор да. Оның «Дариға, сол қыз», «Туған ел» сияқты өлеңдерінің сөзі де, музыкасы да өзінікі. Майданнан еліне оралған ақын сүйген қызы Дарианы іздейді. Соғыстан қайтып келгеннен кейін қатты ауырып содан айыға алмай өмірден өтеді. «Ақын», «Қазақстан», «Сауыншы жеңгей» деген өлеңдерінде еңбек адамдарын биікке көтере жырлайды.
Оқулықпен жұмыс.
А) Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ә) Өлеңді жекелей оқыту.
Б) Өлеңді талдау. (Өздеріне ұнаған шумақтарын оқыта отырып талдау)
Дәптермен жұмыс.
Өлеңдегі көркем сөздерді тауып, дәптерге жазып алу.
Мысалы, нәзік үн, бұйра бұлақ.
Сергіту сәті.
Шығармашылық тапсырма
Музыка ойнап тұрады.
1 - топ. Көктем туралы эссе жазу.
2 - топ. Көктем жайлы 4 жол өлең құрастыру.
3 - топ. Көктемнің суретін салу.
«Қалт еткізбей қағып ал.
Жауабын тез тауып ал».
Жұмбақтар жасыру.
1 - топ. Ала сиыр жатып қалады,
Ақ сиыр тұрып кетеді. (Көктем)
2 – топ. Тұрғанымен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ өзі. (Күн)
"Көктем" Қасым Аманжолов
- Larisa
- 7 қараша 2013
- 20066
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қасым Аманжолов, көктем, ашық сабақ, ана тілі, бастауыш сыныпқа
Ұқсас жаңалықтар:
«Әже» Ф. Оңғарсынова
Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі Кабуова Сәуле...Туған жер. Қасым Аманжолов
КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Омарова Гүлнар Жакановна...Жауқазын
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадырбаева Гулжанат Балташевна...От ауызды, орақ тілді, қайсар ақын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Басықара аулы, № 182 мектеп кітапханашысы Қоңырбаева Закира Абенқызы...Қасым Аманжолов "Өзім туралы"
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, «Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көшкінбаева Динара Мусағалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.