Сабақтың тақырыбы: «Әже». Ф. Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ф. Оңғарсынова туралы толық мағлұмат бере отырып, “Әже” өлеңінің мағынасын ашу;
• Әжелерге деген құрметін, сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге, өлеңді мәнерлеп оқуын дамыту;
• Әженің еңбегін қадірлеуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс тәсілі: Қызығушылығын ояту, проблемалық ізденіс, ситуациялық талдау.
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, әженің суреті, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, топтық тапсырмалар, тест тапсырмалары, шығармашылық тапсырмалар. Интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: музыка, математика, қазақ тілі.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі;
а) Амандасу; ә) Психологиялық дайындық: “Алақан жылуы”. (Бір - бірімізге алақан жылуымызды берейік)
2. Үй тапсырмасын тексеру;
а) Жылу Ф. Оңғарсынова 3 - 4 оқушыдан жатқа сұрау.
ә) Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бекіту;
б) Тест тапсырмасы (5 сұрақ), интерактивтік әдісі бойынша өзіндік бағалау жұмысы;
в) Ой қозғау.........
г) Топтастыру: “Фариза”
3. Жаңа сабақ.
1) Кіріспе; Ф. Оңғарсынова 1939 жылы 5 - желтоқсанда Атрау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлкеттік педагогикалық институтының тіл әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін сол облыстың Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
2) Оқулықпен жұмыс;
3) Мақалдың мағынасын ашу;
Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы – жылы.
Венн диаграммасы бойынша жұмыс.
Күн Ана
Күн жер бетін жылытады, ал ана үйді жылытады.
4) Сөзжұмбақ шешу;
Батыр, алғыр баламыз,
оқып білім аламыз.
Сөзжұмбақтар шешеміз,
Жетілсін деп санамыз.
5) Оқулықтағы “Әже өлеңін” мәнерлеп оқып беру; /Балаларға іштей оқыту. Баларға тізбектей оқыту/
4. Сергіту сәті.
Күн сені сүйемін,
Саған бас иемін.
Жылу бер, шуақ бер.
Мейірім мен қуат бер.
5. Дәптермен жұмыс.
Ақын қолданған сөздерге назар аудару. Сызбаны толтыру.
Ақын қолданған көркем сөздер
Мағнасы
.........
......... Ренжіп, ашуланып
Мақтап, шаттанып
6. Шығармашылық жұмыс.
1 - топ. «Әже» тақырыбында эссе жазу.
2 - топ. «Әже» тақырыбында өлеңдер айту.
3 - топ. Мен ұйқтарда айтады
Ертегісін әндерін
(Ұйқастарын пайдаланып бір шумақ өлең құрастыру)
7. Деңгейлік тапсырмалар.
8. Топпен жұмыс. Атаң мен әжеңнің өз аттарын жинап бер.
Уақыт болып жатса, ситуациялық сұрақтар беремін, жауап аламын.
Сен мектепте тәртіпсіздік істедің, әжеңді мұғалім мектепке шақырды. Сенің әрекетің? (Бәрін мойындап кешірім сұрау)
9. Қорытындылау. Балалар кімнің өлеңін өттік? Өлең кім туралы айтылған? Кім әжесін жақсы көреді? Кім әжесіне қандай сыйлық сыйлайды? Әже еңбегін қалай ақтар едің? Алақан жылуы.
«Ақ әжем» өлеңі.
10. Бағалау.
11. Үйге тапсырма беру: Ф. Оңғарсынованың «Әже» өлеңін жаттау.
«Әже» Ф. Оңғарсынова
- Larisa
- 7 қараша 2013
- 21764
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әже, Фариза Оңғарсынова, бастауыш сыныбқа арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Фариза Оңғарсынова туралы слайд
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна...«Әже» Ф. Оңғарсынова
Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі Кабуова Сәуле...Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Атамекен орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Санкибаева Мадина...Ф.Оңғарсынованың Өлең, мен сені аялап өтем! атты мәнерлеп оқу сайысы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Жүрментаева...Жылу Ф. Оңғарсынова
Пән: Ана тілі 2- сынып Сабақ аралас Тақырыбы: Жылу Ф. Оңғарсынова Мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын түсіндіру, үйрету....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.