Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақтың зиялылары, ұстаздары, ақындары, би, ғалымдары туралы еске түсіре отырып, олардың даналықтарын насихат
Дамытушылық: ой - қиялын дамыту, ақпараттық құзыреттілік арқылы шығармашылықтарын жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың ұлы адамдардан үлгі - өнеге алуына, олардың өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ұлы адамдардың суреттері, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Сұрақтарға жауап беру.
Ойашар.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан.
Бұл кімнің өлеңінен үзінді?
Абай бұл өлеңінде әрбір адам өмірде өз орнын табу керектігін айтады. Сендер де болашақта өз орындарыңды табу үшін білім алудасыңдар.
Балалар, бүгінгі біздің сабақтың ерекшелігі, сендердің жауаптарыңды зерттеу тобы бағалап, жауаптарыңды толықтырып отырады.( сыныптан екі оқушы зерттеу тобын құрып, топтың тапсырмасын бағалап отырады)
Оқушылардың назарын тақтадағы сөздерге аударту.
Тақтада Абайдың өлеңінен үзінді:
«Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз»
Әр оқушыға өз ойларын айтқызу. Сабақ соңында осы нақыл сөздің тақырыпқа қатысын дәлелдеу.
Өз елін, жерін, оның байлығын, дәстүрін басқа халықтарға танытатын, тарихта аттары қалатын кімдер деп ойлайсыңдар?
Ендеше бүгін біз кімдер туралы оқып білеміз деп ойлайсыңдар?
ІІІ. Мағынаны тану.
Бүгін біз Т. Әбдірахманованың «Даналарым» өлеңімен танысамыз. Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы Семей обылысының Жарма ауданына қарасты Рудникте туған. «Қазақстан әйелдері» журналының меңгеруші қызметін атқарған. 2004 жылы дүниеден өткен.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
өлеңді мәнерлеп оқу, түртіп алу әдісі бойынша тапсырманы орындау. Таныс, таныс емес есімдерді жазып алу. Таныс емес есімдерді атап өту.
тізбектей оқыту, әр оқушының мәнерлеп оқуына назар аудару.
тапсырмалар орындату.
«Дана» сөзіне ассоцация құру. Жұппен жұмыс жүргізу. Әр жұп өз ойларын жазғаннан кейін, ортаға салып, талқылайды.(Бұл тапсырмадан оқушылардың сөздік қорын анықтау)
кемеңгер ұлы
дана білімді
ақылды ойшыл
- Сонымен дана дегеніміз ерекше тұлғалы адам. Міне, бүгін біз осындай кемеңгер адамдар есімдерімен танысып отырмыз.
Дәптермен жұмыс:
Әр топқа тапсырма беру.
1 - топ. Өлеңдегі билер есімдерін жазу, олар туралы білетіндерін айту, қазіргі өмірмен байланыстыру.
2 - топ. Ақындар есімдерін жазу, бір шумақ өлеңдерінен үзінді оқу.
3 - топ. Ғалымдар есімдерін жазу, олардың атқарған жұмыстарын атау. Осы өлеңдегі есімдері жазылмаған кімдер қалды?
Жүсіпбек, Ахаң, Сәкен, Бейімбет, Ілияс – бұл адамдар қазақ халқы үшін күрескен қоғам қайраткерлері. Тағы осындай қоғам қайраткері кіммен танысып едік?
Әлейхан Бөкейханов.
Енді осы жауаптарды зерттеу тобы бағалып, толықтырады. Қосымша материалдан жинаған мәліметтерімен таныстырады.
әрқайсысының осы күнге дейін не себепті есімдері ұмытылмағанын талдау.
өлеңдегі автордың даналарды мақтан тұтқан жолдарын тауып оқу.
Даналардан қалған асыл сөздің бірі мақал - мәтелдер.
Енді осы мақал - мәтелдерді қаншалықты білетіндеріңді тексерейік. Әр топқа бір бөлігі ғана жазылған мақал - мәтелдер таратылады. Топ оқушылары осы мақалды толықтырып жазып, мағынасын ашу керек.
Зерттеу тобы бағалап, қорытынды шығарады.
Ү. Ой толғаныс. Абайдың өлеңіндегі үзіндінің осы тақырыпқа қатысын анықтау.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Есімдері аталған адамдар туралы қосымша материалдар жинақтау.
Даналарым
- Бақыт
- 6 қараша 2013
- 7533
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сыныптан даналарым тақырыбында сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Күз. Абай Құнанбаев
Қызылорда қаласы. № 253 орта мектеп Даулетбаева Роза Кенішқызы...Тасымал. Біздің ту
Қостанай қаласы №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ермаганбетова Гулсум Казымбеккызы...Оқышы, дана Абайды
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік жалпы білім беру орта мектебі Сангожина Шолпан Советовна...Көңіл - күй лирикасы
Абайды оқу әліппесі 3 сынып Тақырыбы׃ Көңіл - күй лирикасы Мақсаты: Білімділік: көңіл - күй лирикасы туралы еске түсіре отырып, олардың түрлерін...Ана тілі Ғ. Қайырбеков ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Қайырбеков. Ана тілі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.