Тақырыбы: Біріккен сөздер
Мақсаты: Білімділік: оқушыларға біріккен сөздердің жасалу, жазылуын мысалдар арқылы меңгерту;
Дамытушылық: ауызша және жазбаша тілдерін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, танымдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ізденушілікке, Отанын сүюге баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: жұппен, жеке дара
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, музыка
Сабақтың көрнекілігі: күннің көзі, нақыл сөздер, үнтаспа, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу
Бір - бірімізге сәттілік тілейік / жұппен жұмыс/
Қайырлы таң, достым
Қайырлы күн болсын
Аптаның әр күні
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын.
Бүгін біз «Астана» қаласын тамашалауға саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығатын көлік түрін таңдау
/ автобустың суретін тақтаға іліп қою/ Қоғамдық көлікте қауіпсіздік ережесін еске түсіру/ Әр аялдамада 1 - 2 минут сол ғимарат туралы айта кету
ІІ - Үй жұмысын тексеру 1 аялдама «Байтерек»
Жұппен жұмыс, бағалау
ІІІ - Қызығушылықты ояту 2 аялдама «Думан»
«Күн жылуын алайық» ойыны - интербелсенді тақтамен жұмыс
/Күннің нұрында жазылған сөздерді қалам арқылы топтастыру, дәлелдеу/
Омоним антоним синоним дара сөз күрделі сөз
- Берілген сөздерді қалай топтастырдыңдар?
- Күрделі сөздерді қалай анықтадың?
- Күрделі сөздердің ішінде қай сөз түріне жатады?
IV - Мағынаны ашу 3 аялдама «Хан шатыры»
Біріккен сөздердің ережесін шығару
Берілген сөздер:
Топпен жұмыс: 1 топ - Кісі аттарын жазу, 2 топ - Өсімдік аттарын, 3 топ - Жер - су аттарын
Оқулықпен жұмыс 65 бет 1 - жаттығу / ауызша/
Сөздерді оқу. Олар қалай жасалғанын түсіндіру / әр сөз неше түбірден құралған/
66 бет 4 - жаттығу
Сурет бойынша сөйлем құрап жазу. Біріккен сқздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру
66 бет 5 - жаттығу
Бағанның сол жағындағы сөздерді оң жағындағы сөздермен қосып, біріккен сөз жаса /өзара тексеріс/
V Шығармашылық тапсырма 4 аялдама Парламент үйі
5 жолды өлең Астана туралы
Не? Астана
Қандай? сұлу, жас
Не істеді? Салынды, гүлденді, өсті
Не үшін? Ел намысы үшін
Жалпы ойды түйіндеу Бас қала
VI Ой түйіндеу «Қазақ елі» монументі
- Мен нені білемін? - Мен үшін жаңалық?
- Мені жұмбақтандырады?
26 қараша күні ҚР - сыныі Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 20 игі істер акциясы жүріп жатыр. Сенің соған қосар үлесің бар ма?
/ әр оқушы өзінің жетістігін атап шығады/
VII Үйге тапсырма: 66 бет - 2 жаттығу. Оқушылар іштерінен тапсырманы оқып шығады да, түсініксіз болса қалай орындайтынын талқылау/
VIII Бағалау Көңіл - күйлерін смайликтер арқылы көрсету.
Өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағасы
А. Жорабаеваның «Астана» әнімен сабақты аяқтау
Біріккен сөздер
- Жупар
- 6 қараша 2013
- 9548
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, біріккен сөздер, қазақ тілінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Біріккен сөздер
бастауыш сынып мұғалімі Актоты Исмагулова...Күрделі сөздерді қайталау
Мақсаты: Күрделі сөздер түрлерін қайталау. Өткен сабақты толықтыру. 2. Оқушылардың қабілетін арттыру сауатты жазуға дағдыландыру, ой-өрісін дамыту....Біріккен сөздер
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер...Біріккен сөздер
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы. Бастауыш сынып мұғалімі Асанғалиева Дина Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз Сабақтың мақсаты: Біріккен сөз туралы...Біріккен сөздер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Таласбекова Гульнур...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.