Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу арқылы теориялық ойлауын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;
Сабақтың тәрбиелігі: достыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 13 - жаттығу, берілген сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құрастыру. Балалардың сөйлемдерін оқуы, талдауы.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан - жақты білімдерін тексеру
Сөйлем дегеніміз не?
Оның қандай түрлерін білесіңдер?
Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілер қойылады?
Көрнекіліктерді пайдалана отырып ауызша берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру.
1. Ауамен, дем, біз, аламыз.
2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы өте.
3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а). Оқулықпен жұмыс
14 - жаттығу. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, өлеңдегі әрбір сөзге сұрақтар қойылады
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
ә). Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу
15 - жаттығу. Мәтінді оқы, көшіріп жаз.
Шекарашылар күзетте тұрады. Олар еліміздің шекарасын қорғайды. Шекарашылар – ер жүрек батырлар.
. Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықта. Сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жаз.
----------Кімдер?------ Қайда?-- --Не істейді?
Үлгі: Шекарашылар--күзетте-- тұрады.
Шекарашылар деп кімдерді айтамыз? Олардың біз үшін қандай маңыздылығы бар? Сендер де шекарашылар болғыларың келеді? Неліктен? Мәтіндегі әрбір сөздің үстіне тиісті сұрағын қою.
Ережемен жұмыс: Ережені оқу, талдау, есте сақтау.
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз:
Кім? Немен? Не істеді?
Айдын бормен жазды.
16 - жаттығу. Тақтамен жұмыс. Екі сөзден құралған сөйлемдерді толықтырып жазу.
Асқар атпен келді. Дана доп ойнады. Қойлар өрісте жайылды. Құлын су ішті. Қыздар гүл терді.
17 - жаттығу. Көркем жазу. Көшіріп жазып, әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін айт. Мәлік Ғабдуллин туралы мәліметті оқу, түсіндіру, көркем етіп көшіріп жазу.
. Сөйлем мүшелеріне сұрақ қой.
. Әр сөйлемдегі сөз саны мен сөйлем мүшелерінің саны бірдей ме?
18 - жаттығу. Жұмбақты оқып, мағынасына қарай, суретке қарап жұмбақтың шешуін табу.
Мұзда жылдам сырғанайды,
Тебе білген құламайды.
. Алғашқы сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар? Екінші сөйлемде ше
ҮІ. Бекіту: «Құрастырайық мақалдар!» ойынын ойнату.
Ойынның шарты: Сыныпты қатар бойынша үш топқа бөлу, әр топ өздеріне берілген сөздер бойынша мақал құрастырады.
19 – жаттығу.
1. Асырайды, тігіншіні, инесі.
2. Шәкірт, озар, ұстаздан.
3. Жан, жақсы, семірер, сөзден.
Әр мақалда неше сөйлем мүшесі бар екендігін айту.
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Сөйлем дегеніміз не? Олардың соңына қандай тыныс белгілер қойылады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 20 - 21 - жаттығу 77 - бет
ІХ. Оқушыларды бағалау
Cөйлем мүшелері
- Күлән
- 29 қазан 2013
- 5890
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Cөйлем мүшелері жайлы бастауыш сыныбына арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы...Қазақ тілі 4 сынып сабақ жоспарлары
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, А. Меңдалыұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Анесова Светлана...Сөйлем мүшелері
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...Лепті сөйлем
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ бастауыш сынып мүғалімі Ахметова Бахыт Махметовна...Бастауыш
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Кайдакова Жанат Бекболатовна Пәні: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Бастауыш...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.