Сайтқа кіру Тіркелу

"Ана" Баубек Бұлқышев

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Ана». Баубек Бұлқышев
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, оның
адам өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндіру. Мәтінді дұрыс
түсініп, оқи білуге үйрету. Өз ойларын ортаға салып, айта білуге
үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық
ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ананы ардақтап, құрметтей
білуге, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: сурет, сөзжұмбақ, Б. Бұлшықевтың суреті
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері».
Сыныптас біз ұл - қыздар
Тату - тәтті ойнаймыз.
Сыйластықпен өмір сүріп
Тек жақсылық ойлаймыз.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыз ба, қонақтар!
Амансыз ба, ұстазым!
Сіздерді көріп қуанам.
Сендерді көргенімізге бізде қуанамыз, балалар, көңіл - күйлерің қалай? – Жақсы.
Онда сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымызды жақсы өткіземіз деп сендерге сенемін. Сәттілік тілеймін!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Апамның астауы» әңгімесін кім жазған?
2. Бұл әңгіме кімнің атынан баяндалған?
3. Жазушы кімді еске алып отыр?
4. Автордың балалық шағында ойнаған ойындары қандай?
5. Әңгімедегі әженің қандай өнері бар екен?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
IV. Жаңа сабақ
1. Ой жинау. Сөзжұмбақ «Ана»
а) Абайдың анасы
ә) Қайрат Рысқұловтың анасы
б) Ыбырай Алтынсариннің анасы

Осы сөзжұмбақты шешкенде тігінен оқысаңдар бір керемет, қасиетті сөз шығады.
- Ана.
Ана деген қасиетті сөз екеніне келісесіңдер ме?
Не себепті?
- Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған – Ана. Бала – ананың бауыр еті,- дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан - жануар да баласына мейіріммен қарайды.
Қарапайым еңбек адамы анасына қолынан келгенше сый - құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады. Жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән - күй шығарады. Яғни барлық адамзат баласы өзінің борышын өтеуге тырысады.
2. Бүгінгі біз танысатын шығарма да «Ана» деп аталады. Шығарманың авторы Баубек
Бұлқышев (1916 - 1944) небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған. Ол қазіргі Қарғанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. «Балалық шақ», «Есімізде қанды жорықтар» т. б. туындылары бар.
3. Тыныштық сәті. Мәтінді оқу (музыка қойылады)
«Ана» мәтінін оқып беремін. Оқушылар көздерін жұмып, отырып тыңдайды. Мәтінді оқып болып, сұрақтар қоямын.
- Мәтінде кім жайлы айтылған?
- Ана жайлы
- Ананың бала өмірі үшін қандай маңызы бар екен?
- Ананың балаға деген махаббаты жайлы не айтылған?
Слайдтар көрсету (оқушылар сөйлейді)
Біздің елімізде ана мен балаға зор қамқорлықтар жасалуда. «Бөбек» қорының президенті С. Назарбаева балалар үйлеріне, науқас балаларға көп көмек көрсетіп келеді, ата - анасыз балаларға біздің мемлекетіміз қамқорлық жасайды, тәрбиелейді, оқытады, азамат болып өсуіне көмектеседі.
4. Мәтінді оқушылар оқиды. Мәнерлеп дұрыс оқуына мән беріледі.
5. Әңгімелесу.
- Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Жердің өзіне де жер ана деп теңеу айтып жүрміз. Аналардың қоғамда алатын орны да ерекше. Себебі ана тек баласының тәрбиелеушісі ғана емес, ол қызметкер (оқушылар аналарының қызметтері жайлы айтады)
- Ана бізге жарық дүние сыйлады.
- Ол түн ұйқысын төрт бөліп өсірді.
- Барлық жақсыны бізге арнады.
- Барлық жақсы сөздерді бізге айтады.
- Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
- Құлыншағым, айым, күнім т. б. айналайын!

6. Интерактивті тақтамен жұмыс.
- Ана күн секілді айналаға мейірімін, жылуын шашып тұрады. Олай болса, мына күннің айналасына аналарыңның сендерге айтатын жылы сөздерін жаза қойыңдар.
Ана сөзіне ассоциация құрылды. Балалардың жауаптары төмендегідей болды.
Айым, күнім, жұлдызым, ботам, құлыншағым....
7. Шығармашылық жұмыс.
а) Ана туралы мақал - мәтел айт.
ә) Анаңды суреттеп, мінездеме бер.
б) Анаңа қандай тілек айтар едің?
в) Қандай сыйлық сыйлар едің?
8. Қойылым.
«Ана туралы»

V. Даналық сөздер
Ана туралы даналық сөздерді интерактивті тақтадан оқу.

“Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың”
В. А. Сухомлинский
“Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді”
Б. Г. Белинский

VI. Сабақты бекіту
Балалар көктемнің алғашқы күндерінің бірінде қандай мереке бар?
- 8 наурыз. Аналар мерекесі
Аналарыңа деген жақсы тілектеріңді ашық хатқа жаза қойыңдар. Аналарыңа сыйлайсыңдар.

VII. Үйге тапсырма. «Ана» мәтінін түсініп оқу, жаттау. «Менің анам» тақырыбында эссе жазу.

VIII. Қорытындылау.
Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонақ болып келіп отырған ұстаздар – аналар. Мектепте ұстаз, үйде – ана. Ол кісілерге қандай мерекелік тілектерің бар?
Тақпақ (2 оқушы)
Оқушылар шеңберге тұрады.
Мұғалімнің қорытындысы: Балалар сендерге аналарың қандай керек болса, аналарың үшін сендерде керексіңдер. Аналарың әрқашан сендермен бірге болсын. Аналарың – алтыннан да қымбат, баға жетпес қасиетті жан.
«Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×