Тақырыбы: Туған жерің тасы да танымал.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша тарауды пысықтау. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, тараудан алған білімдерін тиянақтап бекіту.
Дамытушылық: Оқушылар өздігінен жұмыс істеуге, туған жерін, елін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Логикалық ойлау қабілетін және өзін - өзі бақылауды үйрету.
Сабақ әдісі: Сабақ дамытушылық түрде өтіп, ой қозғау, сұрақ - жауап әдістері қолданылады.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, ән сабағы, бейнелеу өнері.
Сабақ көрнекілігі: мақал - мәтел, сандық, бақылау картасы, тест, жалаушалар, ғажайып үштік, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
Ой шақыру.
I. Құрастырма. Берілген әріптерден сөз құрау, оны орыс тіліне аудару.
т, о, н, а Отан - Родина
е, т, к, е, м, п мектеп - школа
й, б, д, и, а бидай - пшено
е, ж, р жер - земля
Үй тапсырмасын сұрау. И. Байзақов. Алтай
1. мәнерлеп оқу
2. туған жер туралы салған суреттерін әңгімелеу.
3. мақал - мәтел.
(Отан оттан да ыстық. Туған жердің туын тік. Керек тастың ауырлығы жоқ. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол т, б)
Жарайсыңдар, олай болса бізің бүгінгі жаңа сабағымыз тағы да туған жер табиғаты туралы болмақ.
Жаңа сабақ. Туған жердің тасы да танымал. М. Сәрсеке
1. мұғалімнің кіріспе сөзі
Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан.
Қазақстан - Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жер көлемі ұлан - байтақ.
Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз.
Ол - біздің Отанымыз.
Кітаппен жұмыс.
1. Авторы. М. Сарсеке өмірбаяны.
2. Мәтінді мәнерлеп оқу (мұғалім)
3. Оқушылар оқиды.
Сергіту сәті
Сөздік жұмыс. Дәптерге жазу.
Шенеунік - кеңсе қызметкері
Экспонат - көрмеге қойылған зат
Саф - қоспасыз, таза
Гид - таныстырушы адам
Отель - қонақ үй
Таған - музейдегі құнды заттар қойылған сөре
Сұрақ – жауап.
1. Қ. Сәтбаевқа келген хатта не туралы айтылған?
2. Ғалым хатты алғанына неліктен қуанды?
3. Ғалым есімімен аталған қандай қала білесіңдер?
4. Қандай қазба байлықтарын білесіңдер?
Сергіту сәті.
«Кім жылдам» ойыны.
Бұл ойынның мақсаты пайдалы қазбаларды анықтау. Артық затты табу.
Мыс, мырыш, мақта, жез.
Алтын, жүгері, күміс, қола.
Темір, графит, алюминий.
Слайд.
Қаныш Сәтбаевтың өмір жолдары.
Қорытынды:
Жақсы адам - елдің ырысы,
Жақсы жер - жанның тынысы.
Туған жердің әр тасы -
Біздің алтын тағымыз.
Рефлексия.
- Сабақ ұнады ма?
- Бұл сабақтан өзіңе не алдың?
(оқушылар пікірін тыңдау)
• Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқу, мазмұндау.
2. Қ. И. Сәтбаев туралы деректер жинау.
• Бағалау.
Салыстырмалы түрде.
Есіңе сақта!
Қарағанды облысы, Осакаровка кенті,
№1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагүл
Туған жерің тасы да танымал
- alma
- 10 қараша 2019
- 21776
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ашық сабақ бастауыш сыныпқа, туған жерің тасы да танымал
Ұқсас жаңалықтар:
Туған жер туралы мақал-мәтелдер
Туған жердің торғайы да сүйкімді. Туған жердің торғайы Тұрымтайдай көрінер. Құлыны тайдай көрінер, Қыздары айдай көрінер....Отан туралы мақал-мәтелдер топтамасы
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас....Өз жерім - өз байлығым
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, 10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алпысбаева Кульпан Кайрбековна...Туған жерім - тұғырым, өскен елім - өзегім
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлдана Бауыржанқызы...«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.