Тақырыбы: Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Мақсаты: Оқушыны Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, талдау, көрнекілік.
Көрнекілігі: автор портреті, суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Ара мен Шыбын» атты Оспанхан Әубәкіровтің мысал – өлеңінде Шыбын Араға не деді?
2. Ара оған неге бірден келісе салмады?
3. Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?
4. Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің? Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады? Кесте бойынша өзіңнің сипаттауың жайлы не айтар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 3 сыныпта қандай шығармасымен танысқан едіңдер? («Кедей» өлең)
- Онда не жайлы еді?
- Кедей деп кімдерді атаған?
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Сұлтанмахмұт Торайғыров – талантты, дарынды ақын әрі жазушы.(1893 - 1920). Ол небары 27 жас қана өмір сүрген. Сол азғана өмірінде ақын артына мол мұра қалдырды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп жырлаған жалынды ақын мысал өлеңдер де жазды. Сұлтанмахмұт Торайғыров төмендегі мысал өлеңінде күштінің әлсізді менсінбейтін іс - қылығын әшкерелейді.
Кітаппен жұмыс. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Арыстан мен Тышқан» мысалын түсініп, жалғастырып оқу.
Сөздік жұмыс.
Күпшек – дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.
Зиян – залал, зақым.
Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
1. Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез - құлықтар байқалады? Арыстанның сөзінен оның қандай мінез - құлқын байқауға болады?
2. Мысалды бөліктерге бөл. Ат қой. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның (көңілшектігі) мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.). Ары қарай не болады деп ойлайсың?
ҮІІ. Қорытынды.
Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал - мәтел ізде. Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазып шық.
Сұлтанмахмұт Торайғыров жөнінде не білесің? Арыстан (қандай?) Тышқан (қандай?)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, мысалды жалғастырып көр.
ІХ Бағалау
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров
- Manat
- 10 қазан 2013
- 12670
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 4 сынып ана тілі, арыстан мен тышқан, Сұлтанмахмұт Торайғыров
Ұқсас жаңалықтар:
Арыстан мен тышқан (мысал)
Ұйықтапты бір арыстан айдалада, Тыныштықтық алу үшін сай-панада. Үстіне арыстанның ойнақтапты, Бір тышқан іннен шығып сол арада....Арыстан мен тышқан
Білімділігі: Оқушыларға мысалдарды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын арттыру....Арыстан мен тышқан
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердибекова Акмарал...Арыстан мен тышқан
Мусина Айнұр....Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қай жылы, қай жерде туғаны жөнінде әр түрлі пікір айтылып жүр. Бұл айрықша зерттеуді қажет ететін жәйт, сондықтан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.