Негізгі мақсат: Оқушыны қызықтыра отырып білімді берік меңгерту
Міндеті:
- өздігімен жұмыс істей білу
- ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыру
- дағды мен шеберлікті меңгерту
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс - әрекеттердің бірі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
- Ойын - сауық
- Коммуникативтік немесе қарым - қатынастық
- Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану)
- Коррекциялық
- Әлеуметтендіру
Ойын - міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой - қабілетінің дамуы, бір - біріне деген сыйластық туындайды. Рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеттері бар екенін байқап көреді. Ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Бастауыш сыныпта пайдалануға болады: ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, логикалық ойын - есептер, сөздік - ойындар, ұлттық - ойындар. Бұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде – кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта - ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім - білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
- Балаларға өз қабілетін көрсете білуге
- Басқалармен жарыса білуге қалыптастыру
- Білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету
- Ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету
- Ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі
Ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
• еркін - дамытушы іс - әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты
• әрекеттің эмоцияналды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы
• ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Ал ертедегі ойшылдар Руссо мен Песталоцци ойын арқылы балалады болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті – оқу, қарым - қатынас, ойны және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу - білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым - қатынас - балалардың бірін - бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекетерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек - қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың ынтасы арттырып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен іздемпаздық дағдылары жетіле түседі. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Жас ерекшеліктеріне байланысты ойын барысында тез сергіп, тапсырманы жылдам орындауға тырысады. Сабақта ойын түрлерін қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады. Мұғалім ойын түрлерін жеңілден - ауырға, бірте - бірте күрделендіре жүргізуіне болады.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік, дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай - ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.«Сиқырлы қалам», «Адасқан әріп», «Сахналық көрініс» ойындары өткен тақырыпты қайталауда; «Саяхатқа шығу», «Аймақ құру», «Ол не?», «Ойлан тап» жаңа мағынаны ашуда өте тиімді.
Қорыта келген, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы
- Гульмира
- 10 қыркүйек 2013
- 8629
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы, бастауышқа арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Ойын-бала өмірінің нәрі
Ойын балалар өмірінің, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың...Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №35 «Шұғыла бөбекжайы» ағылшын тілі мұғалімі Джармағамбетова Гульбану Темирханқызы...Бала тілін ойын арқылы дамыту
Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық...Ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шет тіліне қызығушылығын арт ...
Ағылшын тілін үйренуде рольдік ойындардың пайдасы зор. Ролдік ойындарда барлық балаларға роль беріледі де, бір – бірімен міндетті түрде қарым –...Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...
№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.