Сабақтың мақсаты:
1. Етістік туралы берілген білімді жетілдіру, талдау, бекіту.
2. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілін, шығармашылығын дамыту.
3. Әдептілікке татулыққа, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, сызба. бұлт, ағаш, күн.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Әр топ бүгінгі күнге тілек айтады.
II Үй тапсырмасын тексеру
III Білімді жан – жақты тексеру.
- Қандай сөз таптарын білесіңдер?
- Өткен сабақта қандай сөз табын қайталадық?
- Етістік
Ендеше сол етістік сөзінен баспалдақ жасайық.
Етістік дегеніміз не? Ережесін сұрау?
IҮ Жаңа сабаққа даярлық:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Ал біздің күніміз әлі жарқырап шуағын шашпай тұр. Өйткені күннің бетін бұлт торлап тұр. Бұл бұлттардың ашылуы үшін олардың тапсырмаларын орындаймыз.
Ү. Жаңа сабақ.
1 - тапсырма.
7 - жаттығу.
1 - топ жұмбақ шешу
Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. (Жапалақ)
2 - топ. Құстар қалай ұшады?
Көп нүктенің орнына етістік қою.
Қарға ұшар......
Шағала ұшар........
Үйрек ұшар..........
Қаз ұшар...........
2 - тапсырма
Берілген етістіктерді сұрақтарына қарай бөліп жазу.
1 - топ. Не істеді?
2 - топ. Не қылды?
Не істеді? Не қылды?
Сергіту сәті.
Ойын. «Үш қапта»
Әр топтағы бір - бір оқушы шығып, қимылды көрсетеді, ал бір оқушы сол қимылды сөзбен тақтаға жазады.
3 - тапсырма
Төрт түлік малдың суретін көрсету.
Мына малдың қайсысы қалай төлдейтінін айт.
1 - топ. Малдың төлдеуін айтады, етістікті табады.
Қой - қоздайды.
Сиыр - бұзаулайды.
Жылқы - құлындайды.
2 - топ. Малдардың дыбыстауын айтады, етістікті табады.
Қой - маңырайды.
Сиыр - мөңірейді.
Жылқы - кісінейді.
Ешкі - маңырайды.
4 – тапсырма: Ұйқасын табу.
1 - топ. Тастан тасқа секіріп,
Жем тереді...............(кекілік)
2 - топ. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы......(арыстан)
5 – тапсырма: Өлеңді оқып жатқа жазу.
Әр топтан бір - бір оқушы өлеңді жатқа айтып, етістіктерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады. Сөздік жұмысы.
Төскей – таудың қия беткейі.
6 – тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
1 - топ. Көктем туралы өлең шығару.
2 - топ. Көктем туралы шығарма жазу.
ҮI Қорытынды.
Етістік ағашына етістік туралы білгенімізді жазайық.
Балалар сендер бұлттардың барлық тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар.
Міне күніміз жарқырап шыға келді.
ҮII Бағалау.
ҮIII. Үйге тапсырма:
Етіcтік
- Сатжан
- 26 тамыз 2013
- 10957
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ бастауыш сыныпқа, қазақ тілінен, етістік
Ұқсас жаңалықтар:
Етістік
Қызылорда қаласы №253 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дәрменқұлова Қатира...Етістік
Атырау қаласы №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Молдашева Айгүл Мухесқызы...Етістік
Қазақ тілі. 3 сынып. Дюсенгалиева Шолпан Сабақтың тақырыбы: Етістік....Дара дәне күрделі етістік
Павлодар облысы, Екібастұз қаласының №26 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Батаева Үміткен Еркінқызы...Етістік
Дайындаған: Бастауыш пән мұғалімі Қарабатырова Қалимаш Сыныбы: 2 Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Оқушылардың етістік туралы бұрыннан алған...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.