Сайтқа кіру Тіркелу

Қайда тұрғың келеді?

«Қайда тұрғың келеді?» атты пікірсайыс.
Мақсаты: өзі ойын жеткізе білуді дамыту, шешендік сөз өнеріне баулу, айтылған дәйектерге қарсы дау айта білу, дәлелдеу; ұжымдық татулыққа баулу, қалыптан тыс ойлауға, пікір айтуға ынталандыру, ораторлық қабілетін ұштау.
Сайыстың өтілу барысы.
І. Кіріспе. Мәселенің қойылуы.
Бүгінгі пікірсайысымыз «Қайда тұрғың келеді?» деп аталады. Тәй - тәй басып келе жатқан егеменді еліміздің қаласында да, ауылында да шешілмей жатқан проблемалар баршылық. Бүкіл әлем өркениетке ұмтылып жатқан шақта адамзат баласының өзіне жайлы тұрмыс іздеуі заңды нәрсе. Сондықтан да бүгін сайыскерлеріміз ауылда тұрған жақсы ма, әлде қалада тұрған жақсы ма деген сұрақтарға жауап беретін болады.
ІІ. Жеребе бойынша сайыстың негізгі бөлімі басталады.
А) Әуелі ауылдықтар сөз алды.
Ауылдықтардан негізгі сөйлеуші Сапарбаев Дулат өз сөзінде былай деді:
- Құрметті ханымдар мен мырзалар! Мен өзім ауылда тұрғандықтан ауылды жақтаймын. Ауыл туралы айта бастатсам, өздеріңізде ауылға көшіп барар ма еді, шіркін, деулеріңіз әбден мүмкін.
Біріншіден, қалаға қарағанда ауылдың ауасы таза. Ауылда қаладағыдай емес. Көліктер аз, зауыт, фабрикалар жоқ.
Олардан шыққан түтіндер ауаны ластайды. Лас ауамен демалып отырған қалалықтарда денсаулық қайдан болсын?
Екіншіден, қаладағылар ауыра қалса, дәрігерге жүгіреді. Ағзаға қажетті дәрумендерді дәріханадан сатып алады. Ал біз ше? Біздің ағзамызға қажетті дәрумендер бақшамыздан табылады. Ет пен сүтті де қорамыздан табамыз, сатып алмаймыз.
Үшіншіден, газет – журналдарда, теледидарда ауыл мектебінің білімі төмен деп жатады. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Себебі қазақтың зиялы қауымының көпшілігі ауылдан шыққан. Мысалы, елбасы Н. Назарбаевтан «Шамалған» деген ауылда туып – өскен. Тіпті мектебіміздің директоры да «Жалағаш» елді мекенінде білім алған. Егер де білімі төмен болса, аталған ағалар ел басқарар ма еді?
Төртіншіден, қыс жақындап қалды. Қалалықтар жылуды қашан берер екен деп бүрсеңдеп отырғанда, біз пешке от жағып, жылы үйде қою шайымызыды ішіп рахаттанып отырамыз....
Ә) Қалалықтардан сөз алған Манарбек мырзаның сөзі төмендегідей болды:
- Құрметті қауым! Менің қалада тұрғым келеді. Себебі қалада адамның өмір сүруіне, еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Қаладағылар жылы да жайлы пәтерлерде тұрады. Олар су тасымайды, от жақпайды. Еңбек етем деген адамға жұмыс табылады. Қалада көліктер көп. Жұмысқа, қонаққа көлікпен тез бара қоямыз. Алысқа барғымыз келсе, әуежайда ұшақ, вокзалда поезд дайын тұр. Білім алу үшін барлық жағдай бар. Тереңдете білім беретін гимназия, лицейлер ашылуда. Оны бітірген бала жоғарғы оқу орнына грант пен несие арқылы оқуға түсе алады. Қаладағылар бос уақытын тиімді өткізе алады. Ол үшін қалада демалыс орындар өте көп. Мейрамхана, кафелерге барып дәмді тамақтың неше түрін татып көруге болады. Стадион, спорт сарайларына барып, спорттың түр - түрімен айналысымыз....
ІІІ. Қарсы дау айту, толықтыру.
Жұмаш Хадиша «Ауылдықтар туыстың, көршінің қадірін біледі. Қиын – қыстау кезеңде бір - біріне көмектесуге даяр тұрады. Ал қалада тұрып, көршісінің есігінен қарамайтын адамдар болады.»
Еркінқызы Ғалия «Ауылда спортпен айналысуға мүмкіндік жоқ. Өзенге суға шомылғанда батып кетуі мүмкін».
IV. Көрермендер сұрағы. Ауылдықтарға.
1. Менің сұрағым Дулат мырзаға арналады. Ауылда тұрмыс жақсы болса, олар неге қалаға көшіп келе жатыр?
Жауабы: Ауылдағыларды қалаға біз әдейі жіберіп жатырмыз, қалалықтарға қазақша үйрету үшін.
2. Ауылға барып едім, шыбын көп екен. Ұйықтай алмадым. Жауабы: Шыбын деген жақсы ғой, ол бізді таңертең оятады. Ал сіздердің масаларыңыз түнімен ұйықтатпайды ғой, шіркін.
Қалалықтарға.
1. Қалаға келсең, жұрттың көшеде жүреді. Базарда да толған адам. Қалада сонда кім жұмыс істейді?
Жауабы: Қалада күндізгі, түнгі ауысым деген бар. Олар түнгі ауысымнан шыққандар ғой.
2. Қаланың қыздары сиыр сауа ала ма?
Жауабы: Сауыншының оқуын оқыса неге саумасын.
3. Бұрын қалалықтар орысша сөйлейтін еді. Қазір ағылшыншаға құмар болыпты. Ертең қай тілде сөйлер екен?
Жауабы: Қай тілде сөйлесек те ана тілімізді ұмытпаймыз.
V. Әр жақ өзінің тұрған жерін жарнамалайды.
Көрме бойынша жарнама оқылады.
Ибрашева Еңлік:
Мынау - менің ауылым. Ауылдың дастарханында алма, алмұрт, бауырсақ, ет, қазы - қарта, қымыз, айран, шұбат - бәрі бар. Бұлардың бәрі денсаулыққа пайдалы.
Олардың құрамында дәрумендер көп. Ауылда мал көп. Мынау – қой. Қой жүн береді, ет береді. Ауылдың ауасы таза, табиғаты әдемі. Сенбесеңіздер, ауылға көшіп келіңіздер.
Махмет Ақбота:
- Мынау – менің қалам. Қалада зәулім үйлер көп. Біз от жақпаймыз, су тасымаймыз. Қалада әуежай бар. Түп - түзу көшелер бар. Көше бойында ағаштар өсіп тұр. Жаздың ыстығында бассейнде, аквапаркте шомыламыз. Қаламыз жылдан – жылға көркейіп келеді.
VI. Сарапшылардың алып - қосары....
VII. Дауыс беру. Сайысқа келген әрбір қонақ бір - бір дауыстан береді. (асық пайдаланылады). Сайыс нәтижесінде ауылдықтар 16 дауыс жинады. Сөйтіп ауылдықтар жеңіске жетті.
VIII. Мінекей пікірсайсысымыз да өз мәресіне жетті.
Қалай болғанда да қаланың ауылсыз, ауылдың қаласыз күні жоқ. Ендігі жерде қала мен ауылдың ауызбірлігі ажырамасын деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×