Сайтқа кіру Тіркелу

Нан туралы өлең

Сабақтың тақырыбы: нан туралы өлең (К. Сауғабаев)
Мақсаты:
Білімділік: нанның дастарханға қалай келетінін, оған адамдардың еңбегі сіңетінін түсіндіре отырып, қасиетті тағамымыз нанды қастерлеуге, қадірлеуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп оқу, ауызша, жазбаша баяндау дағдыларын дамытып, сөздік қорларын байыту, өзіндік ой - пікірлерін айта білу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: нанды үнемдеп жұмсай білуге, еңбек адамдарын сыйлауға, жинақылыққа, ұқыптылыққа, еңбек ете білуге тәрбиелеу. кәсіптік бағдар беру.
әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, әңгімелеу, иллюстративті, өз бетінше, шығармашылық
технологиясы: дамыта оқыту
түрі: кіріктірілген
типі: жаңа білімді меңгерту
көрнекілігі: слайд, сюжетті суреттер, ф. Оңғарсынованың суреті, мақал - мәтелдер, нан өнімдері, «Ас атасы - нан» көрме
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ үй тапсырмасын сұрау, тексеру
1 «қанат туралы хикая» өлеңін жатқа сұрау.
2. Ф. Оңғарсынова туралы ізденістерін тексеру, сұрау.
3. Жазып келген өлеңдерін оқыту.
4. Мақал - мәтелдерді жатқа сұрау. (слайд, ұясынан құлаған балапаны үшін жанталасқан құстардың іс - әрекеті көрсетіледі)
ІІІ Өтілген материалды пысықтау (сұрақ - жауап)
- өлең не туралы?
- балапан құлаған кезде оның ата - анасы не істеді?
- балапанның қанатын көріп бала не ойлады?
- адамның екі қанаты деп отырғанымыз не?
-- қос қанатың түгел болса қандай боласың?
- ал біреуі жоқ болса, нендей жағдай туады? мұғалім сөзі:
әр тіршілік иесі өз баласын шексіз жақсы көреді. қанша асыл зат, лағыл маржан болса да ананың аялы алақаны мен әкенің мейіріміне тең келмесі анық. олай болса алдымыздағы ата - анамыз әрдайым аман болсын дей келе, Балжанның орындауында «анам, әкем» әнін тыңдап көрелік. (слайд, ата - анасының құшағындағы баланың қуанышты сәті көрсетіледі)
Слайдтан Ф. ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ «Ата - анамыз әрқашан аман болсын, балалар!» деген сөзі шығады.
ІҮ. Жаңа білімге көпір салу
- Ата – аналардың бақытты болып, балалардың жүзінен күлкі кетпеуі үшін біз нені қолдауымыз керек? (бейбітшілікті)
- Ол үшін біздің еліміз неге бай болуы керек? (Әрине астыққа, дәнге)
- Еліміздің дәнге бай екенін өзіміздің қай рәмізімізден көре аламыз? (Елтаңбамыздан)
- Онда не бейнеленген?
- Бидай масағы бейнеленген.
- Бидайдан не алынады балалар? (Ұн)
Мұғалім түсіндірмесі
Бидай - астық тұқымдасына жататын ең маңыздық тағамдық дәнді дақыл. 100 грамм нанды жесе, адам денесіне 70 гр қант, 9 гр белок, 1 гр май сіңіреді. Бидай тамыры жерді тыңайтуға көмектеседі. Сабағынан үйлердің төбесін жауып, қағаз картондар дайындап, ыдыстар тоқуға болады.
V. Жаңа сабақ
Біздің бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз да нан туралы болмақ.
- Нанның қасиеттілігі туралы 3 - 4 - сыныптарда қандай тақырыптар мен өлеңдермен таныстық. (естеріне түсіру, ойларын тыңдау)
Нан туралы түсіндіру (слайд, нан өнімдері)
2. Авторы К. Сауғабаев туралы өмірі мен шығармаларына тоқталып өту.
3. Мұғалімнің өлеңді мәнеріне келтіре жатқа оқуы.
4. Өлеңнен түсінген ойларын ортаға салу. (слайдтан нан түрлеріне тоқталу және «Ас атасы - нан» көрмесі бойынша көрсету)
ҮІ. Оқулықпен жұмыс
1. Шумақ бойынша оқыту(7 - 8 оқушыға оқыту)
2. Жекелеген оқушыларға оқыту
3. Әр шумақ бойынша талдау жасау
4. Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
ҮІІ. Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасау - Нан - өмір, неге?
- Дән - ән емес пе, дән - нәр емес пе, неге? (жалғастырып жаз)
VІІІ. Дәптермен жұмыс
І қатар
Бір дән жолда жатса, еңкейіңдер, көтеріңдер.
Себебі..........
ІІ қатар. Нансыз тыныштық болмайды. Себебі.........
ІІІ қатар. Нанның дастарханға қалай келетінін сызба арқылы көрсету.
ІХ. Шығармашылық тапсырма
1. Нанды қастерлей білейік (эссе)
2. Өлең құрастыр (нан, нанды қастерлеуге, дихан еңбегін бағалауға байланысты жаздыру және оқыту)
Х. Сабақты бекіту
1. Мақал – мәтелдер.
2. Тыйым сөздер
3. Өлең
ХІ Үйге тапсырма
Өлеңді жатқа айту. Нан, дихан еңбегі туралы мақал – мәтелдер жаттап, нанның жасалу жолдарын бейнелейтін диафильм құрастыру.
ХІІ Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×