Сайтқа кіру Тіркелу

Жолаушы

1 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Жолаушы
Сабақтың мақсаты: Жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге үйрету.
Жолда жүргенде жол ережесін сақтап, оң жақпен жүруге тәрбиелеу.
Жолаушы туралы түсінік беру, көлік түрлерімен таныстыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Не білу керек: Жолаушының ережелерін білу
Не істей білу керек: Жолаушы болған кезде ережелерді орындай білу керек
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
Сәлемдесу
2. Үй тапсырмасы (ауызша)
Ашық тест (жазбаша)
Ашық тест 1 - сынып
Сұрақтары:
1. Көше дегеніміз не?
2. Көше қиылысы дегеніміз не?
3. Қаладағы көлік түрлері қандай?
4. Ауылдағы көлік түрлері қандай?
5. Бағдаршамның міндеті не?
Жауабы:
1. Көлік жүретін жолдар
2. Көшелердің бір - бірін қиып өтуі
3. Троллейбус, автобус, поезд, машина, ұшақ
4. Ат, ат арба, ат шана, трактор, түйе, комбайн
5. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолдан дұрыс өтуін реттеп тұрады
Жағдаят:
1. Аян үйден шығып мектепке қарай келе жатыр. Жолдан өтіп бара жатқанда танымайтын адам машинасын тоқтатып, кел, балақай баратын жеріңе апарып тастайын деді.
Аян не істеуі керек?
2. Аян мектепке келді. Мектепте мына сөздерді көріп ойланып қалды. Көмектесейік. Мына сөздердің мағынасына сәйкес еместерін алып тастайық.

Қарға, жолбарыс, торғай
Балға, орындық, күрек
Түйе, лақ, жылқы
Қызанақ, алма, сәбіз
Дәптер, уық, кітап
Қасқыр, түлкі, шымшық
Ыдыс, мұғалім, тігінші
Осы артық сөздерді қосып оқығанда бүгінгі тақырып шығады «Жолаушы»
1. Жолаушы деген кімдер?
2. Жолаушы немен жүреді?
3. Көліктер не үшін керек?
4. Қала мен ауылдағы көліктерді атай аласыңдар ма?
5. Ал өздерің осы көліктердің қайсысына міндіңдер?
Үйден мектепке дейінгі жол:
1. Хамзаева Лана (машина)
2. Кылышбаева Аружан (поезд)
3. Диас (автобуспен қалай келетінін айтады, түсіндіреді)
4. Мурзагалиева Аружан (микроавтобус)
Мәтінмен жұмыс:
Түсініксіз сөздерді белгілеп отырыңдар, мен түсіндіремін
1. Іштей оқу (өз беттерімен)
2. Дауыстап оқу (мұғалім немесе оқушы)
3. Дауыстап оқу (кезекпен)
4. Теріп оқу:
1. көлік туралы айтылған сөйлемдерді тап
2. Жолаушылар не себептен жолға шығатыны туралы айтылған сөйлемдерді тап
3. Ұшақ туралы айтылған сөйлемді тап
4. Нақыл сөзді тап
Сөздік жұмыс.
Ат - арба – жаз мезгілінде атқа арбаны жегу
Ат - шана – қыс мезгілінде атқа шананы жегу

Мәтін мазмұнымен жұмыс:
1. Жолаушылар қайда барады? (алысқа сапар шегеді)
2. Олар немен жүреді? (машинамен, атпен, түйемен, жазда ат - арбамен, қыста ат - шанамен)
3. Олар не үшін жолаушылайды? (біреулер алыстағы туыстарына қыдырып барады, біреулер сауда жасау үшін барады)
4. Алыс жерлерге қандай көлік түрлерімен барады? (ұшақпен немесе пойызбен)
5. Алыс ауылдар мен қалалар арасына нелер жатады? (автобус)
6. Баратын жеріңе тез жету үшін қандай көлікпен жүрген тиімді?
Неге олай деп ойлайсың? Себебі ұшақпен тез барасың. Бірақ бағасы қандай болады? (бағасы қымбат, оны кез - келген адамның қалтасы көтере бермейді. ал автобуспен, пойызбен жүру ұзақ болса да, бағасы арзан)

Есте сақтап жазу:
Ұшақ, пойыз, автобус, кеме, түйе, жол, жолаушы, машина, жылқы, ұшақ, алыс жерлер, ат - арба, ат - шана.
2 - 3 оқушыға жазғандарын оқыту
Ойын «Мен қайда баруым керек?»
Мен пойызға мінуім керек, қайда барамын? (темір жол вокзалына)
Мен ұшақпен ұшуым керек, қайда барамын? (әуежайға)
Мен автобуспен ауылға барғым келді, қайда барамын? (автовокзалға)
Біздің қалада қандай қатынас көлік түрлері бар?
(Ұшақ, автобус, пойыз, троллейбус)
Ал жолға шыққан жолаушыларға қандай тілек айтылады?
(Жолдарың болсын, сапар оң болсын!)
Ойын «Мен қайда баруым керек?»
1. Әуежайдағы ұшақты күтіп отырған баланың ұйықтап отыруы
2. Автобустағы баланың үлкенге жол беруі
Суретке қорытынды:
1. Жолға шыққанда мұқият болу керек, әйтпесе жүгіңді, ақшаңды ұрлап кетуі мүмкін немесе кететін уақытыңнан қалып қоюың мүмкін.
2. Автобуста үлкен кісілерге жол беру керек. Өйткені олардың аяғы ауырады, көп тұра алмайды, бұл үлкенге құрмет деп аталады
«Менің жолаушылап барған жерім»
Шетелге барған оқушылар әңгімесі:
1. Дария (Турция)
2. Аян (Египет)
3. Алимжан (Турция)
4. Айнұр (Зеренді)
Қорытынды бөлім: «Мен жолаушы болсам...»
Әр бала өзі жолаушы болса қайда баратыны туралы айтып өтеді немесе жазып береді
Сабақта не білдік? Жолаушы болған кезімізде заттарымызға ие болу. Қоғамдық орындарда автобуста, пойызда өзімізді дұрыс ұстап, басқаларға кедергі жасамау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×