Сайтқа кіру Тіркелу

Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу

Сыныбы: 3 - сынып
Пәні: Математика
Тақырыбы: Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу
Мақсаттары:
Білімділік: денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, көлемді фигуралардың көлемін есептеп табу ережесін меңгерту;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: танымдық ойындар арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын жетілдіру, өздіктерінен қорытынды шығара білуге машықтандыру;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Ойын элементтері кірістірілген сабақ
Сабақтың технологиясы: ДОТ, ПОТ, ақпаратттық оқыту технологиясы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, математикалық диктант, салыстыру, талдау, проблемалық әдіс, өзін - өзі бағалау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің макеттері
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Ұйымдастыру
- Амандасу
- Оқушыларды және құрал - жабдықтарын түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру
- Психологиялық дайындық
Мен бәрін жасай аламын!
Бүгінгі күн тамаша!
Мен өзімді жақсы сезінудемін!
Менің көңіл күйім керемет!
Мен сабақ оқуға дайынмын!
Мен өзіме сенімдімін!
2. Жаңа сабаққа дайындық
«Артық фигураны тап»
Қорытынды: мұнда артық фигуралар – текше мен тікөртбұрышты парллелепипед, себебі олар көлемді фигуралар, қалғанхдары жазық фигуралар.
Проблемалық сұрақ қою:
Біздің отырған сынып бөлмесінің ішінен менің қолымдыағы текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің қанша орны алып тұруы мүмкін? Яғни оның көлемінің қанша екендігін қалай білуге болады? Оны білу үшін жаңа тақырыпқа назар аударайық.
ІІ. Жаңа мағынаны тану
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру
(Интерактивті тақта арқылы түсіндіру)
Текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің макеттері көрсетіліп, олардың көлемін қалай табу керектігі айтылады.
Көлемнің өлшем бірліктері:
1 см = 1 сантиметр куб
Бұл – қабырғалары 1 см текше
1 дм = 1 дециметр куб
Бұл – қабырғалары 1 дм текше
1 м = 1 метр куб
Бұл – қабырғалары 1 м текше
Текшенің көлемін табу үшін оның қырын көбейткіш ретінде үш рет алып көбейтіп, көбейтіндінің мәнін табу керек.
V = a*a*a = а
Тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу үшін, ұзындығын, енін, биіктігін көбейту керек.
V = a*b*h
2. Жаңа тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс
Екі оқушыны тақтаға шығарып қолдарына текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің макеттері беріледі. Олар сызғыш арқылы текшенің қырын,
Параллелепипдтің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеп, олардың көлемін есептеп табады
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
1. Оқулықпен жұмыс
№2. Берілген текшелердің көлемін тап
1) V = 2 см*2 см*2см = 8 см
2) V = 5 см * 5 см * 5 см = 125 см
3) V = 8 см * 8 см * 8 см = 512 см
№3. Есепті шығар
а) Қораптың ұзындығы 9 см, ені 8 см, биіктігі 5 см. Қораптың көлемін есепте.
Шешуі: V = 9 см * 8 см * 5 см = 360 см
ә) Осы қораптан әрбір жағы 2 см артық болатын қораптың көлемін тап.
Шешуі: V = 11 см * 10 см * 7 см = 770 см
№4. Есепті шығар
а) Егер ұзындығы 50 м, ені 10 м, ал тереңдігі 2 м болса, хауыздың көлемі қандай?
Шешуі: V = 50 м * 10 м * 2 м = 1000 м
ә) Осы хауыз түбінің ауданын есепте.
Шешуі: S = 50 м * 10 м = 500 м
б) Хауыздың бүйір қабырғаларының аудандарынығң қосындысын есепте.
Шешуі: S = (2 м * 50 м) + (50 м* 10 м) = 600 м
№5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз жақтары мен периметрін тап.
Ұзындығы Ені Ауданы Периметрі
12 см
7 см 2
84 см
28 см

16 мм
5 м 2
80 см
42 мм
35 м
20 мм 2
700 м
110 мм
25 м
20 м 2
500 м
90 м

Сергіту сәті
Ал енді біз тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Апа, ата, ағалап,
Тағы, тағы ұрамыз.

№7. Сыныпта 20 оқушы бар. Әр оқушыға дәптер, қалам және сызғыш сатып алынды. Барлық дәптер, қалам, сызғыш үшін қанша төленді?
а) 20 *20 = 400
ә) 6 *20 = 120 400 + 200 +120 = 720
б) 10 * 20 = 200
Жаңа сабақты бекіту
Математикалық диктант
1. Қыры 3 см текшенің көлемі неге тең?
2. Тіктөртбұрышты параллелепипедтің неше қыры бар?
3. Текшенің неше жағы бар?
4. Қыры а см болатын текшенің көлемі неге тең?
5. Текшенің жақтары қандай фигура?
6. Шаршының қабырғасы 7 см. Ауданы неге тең?
7. Тіктөртбұрышты парллелепипедтің өлшемдерін жаз
8. Ең үлкен үш таңбалы санды жаз
Дұрыс жауаптар:
3
1. 27 см
2. 12
3. 6
3
4. а см
5. Шаршы
2
6. 49 см
7. Ұзындығы, ені, биіктігі
8. 999
Үй тапсырмасын беру
а) ережені жаттау
ә) № 6, 8
Бағалау
Математикалық диктанттың бағасы бойынша және оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктеріне қарай бағалау.

Қызылорда қаласы
№217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тік бұрышты параллелепипед

Тік бұрышты параллелепипед

Мақсаты: 1. Тік бұрышты параллелепипед туралы кеңінен түсінік беру. Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі куб см3 таныстыру. Текшемен...
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі

Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі

Жалпы мақсаттар 1. Тік бұрышты параллелепипед туралы кеңінен түсінік беру. Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемімен таныстыру. Текше мен...
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері

Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін әр түрлі тәсілмен табуды...
Текшенің көлемі

Текшенің көлемі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту, текшенің қыры мен көлемі туралы түсінікті...
Конус. Қиық конус.

Конус. Қиық конус.

Конус. Қиық конус. 1. Қиық конустың табан радиусі 10см және 4см, ал биіктігі 8см. Қиық конустың жасаушысын табыңдар. 2. Конустың жасаушысы 5см,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×