Сабақ жоспары:
Сыныбы: 3
Пәні: дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің сан алуандығы
Сабақтың мақсаттары:
білімділік: жануарлардың сан алуандығы мен олардың топтары туралы жаңа білім беру. Әрбір топ жануарларына сипаттама беру.
тәрбиелік: жануарлардың адамға, қоршаған ортаға тигізетін
пайдасын ұғындыра отырып, оларға қамқор болып, жойылып кетуден сақтауға қол ұштарын беруге тәрбиелеу.
дамытушылық: ақыл - ой әрекеті, топтық ойлау, өзара қарым - қатынас біліктерін, шығармашылық потенциалдарын, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың технологиясы: ДОТ
Сабақтың стратегиялары: бақылау, түсіндіру, сұрақ - жауап, робин - раунд,
еркін жазу, ассосация, лекция (визуалды), талдау - жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: экрандық - бейнелік (жануарлардың суреттері ),
слайд - шоу, парақшалар
Сабақты ұйымдастыру формасы: ұжымдық
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту
1. Ұйымдастыру
Оқушыларды және құралдарын түгендеу
Назарларын сабаққа аудару
Оқушыларды топтарға бөлу
2. Қызықтырушылық әрекет
- Оқушылар, адам, жануарлар, өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?
- Тірі табиғат.
- Тірі табиғат иелерінің өмір сүруі үшін не керек?
- Ауа, жылу, жарық, су, қорек.
- Дұрыс айтасыңдар. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы - жарық, яғни күннің нұры.
(Интерактивті тақтаға күннің суретін шығарып қоямын.)
- Оқушылар, барша дүниеге өз жылуын таратып, сәулесін төгіп тұрған күн сияқты бүгінгі сабағымызда күлімсіреп отырып, жақсы көңіл күймен өткізейік.
3. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын тест арқылы сұрау. (Интерактивті тақтадан шығарып қоямын.)
Тест
1. Мәдени өсімдіктер:
А) Шырша, сәбіз, күріш
Ә) Жүгері, бөріқарақат, итмұрын
Б) Тары, қарбыз, қызанақ
2. Өзен, көл, теңіз және мұхитта тіршілік ететін өсімдік
А) Жантақ
Ә) Қайың
Б) Балдыр
3. Сексеуіл, жантақ, сүтіген қандай өсімдіктер?
А) Құрғақшылыққа төзімді
Ә) Көлеңкеге төзімді
Б) Ылғалсүйгіш
4. Екіжылдық өсімдіктер:
А) Бақбақ, жолжелкен, ошаған
Ә) Сәбіз, тұлып, шалқан
Б) Бидай, күріш, асқабақ
5. Ылғалсүйгіш өсімдіктер:
А) Құртқашаш, жантақ, қарағай
Ә) Қияқ, өлеңшөп, иваншай
Б) Сәлбен, мақта, сүтіген
6. Оңтүстік өңірлерде көп өсірілетін жарық сүйгіш мәдени өсімдік
А) Мақта
Ә) Бақбақ
Б) Қоңыраугүл
7. Қызылорда облысында өсірілетін дәнді дақыл
А) Арпа
Ә) Күріш
Б) Бидай
8. Өсімдіктердің демалатын кезі –
А) Көктем
Ә) Жаз
Б) Қыс
9. Жердегі ең көп жасайтын ағаш –
А) Шырша
Ә) Секвойя
Б) Терек
10. Шөптектес өсімдіктерден ең ұзақ жасайтын өсімдік –
А) Қырыққұлақ
Ә) Итбүлдірген
Б) Долана
ІІ. Жаңа мағынаны тану
1. Жаңа сабақ
а) жаңа сабақты хабарлау
Жаңа сабақты көрнекіліктер (экрандық - бейнелік) арқылы түсіндіру
ә) Слайд арқылы жануарлардың суретін көрсетіп, оларды топтастыру.
б) Жануарлардың жаңа топтарымен таныстыру
в) «Ойлан, тап» ойыны
Ойынның мақсаты: жұмбақ шешу арқылы оқушылардың жануарлар
туралы білімдерін анықтау.
Ойынның шарты: мұғалім оқушыларға жұмбақ жасырады. Жұмбақтың
шешуі болып табылатын жануарлар туралы білетін мағлұматтарын гүл кестелеріне жазу керек.
Жұмбақтар
1. Есек құлақты,
Ешкі құйрықты,
Мысық аяқты,
Көрдім жүйрікті. (Қоян)
2. Спортшыдан аумайды,
Секіреді, аунайды.
Таңқы танау, ойынпаз,
Мазақтайды, заулайды. (Маймыл)
3. Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа)
г) «Кім зерек?» тапсырмасы
Жануарлардың орысша атауларын тауып тез айту керек.
Қоян – заяц
Арыстан – лев
Аққу – лебедь
Жылан – змея
Тиін – белка
Шыбын – муха
Маса - комары
Бақа – лягушка
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
1. Жаңа сабақты бекіту
«Үндемес» ойыны
1 - 2 оқушыны тақтаға шығарып, парақшаларға жазылған жануарлардың аттарын өзге оқушыларға ым - ишара, балама сөздер арқылы сипаттап айту керек. Ол сөздерді оқушылар табу керек.
Сөздер: тотықұс, түлкі, кірпі, тышқан, маса, жылан, балық, аю, ешкі, ара.
Ертегі оқу. «Айлакер қоян»
3. Үй тапсырмасын беру
Теориялық бағытта: мәтінді оқып, мазмұндау
Шығармашылық бағытта: жануарлардың суретін салу
Ізденушілік бағытта: қалаған бір жануарға сипаттама беру
4. Бағалау
Тесттің қорытындысына және белсенділіктеріне қарай бағалау.
Жануарлар әлемінің сан алуандығы
- Гү
- 18 сәуір 2013
- 9242
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, жануарлар әлемінің сан алуандығы, дүниетану
Ұқсас жаңалықтар:
Жабайы жануарлардың тіршілік мекені
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Оларды орманда мекен ететіні жөнінде айту. Балалар үй жануарлары және жабайы жануарларды ажырата...Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №5
1. Жануарлардың көп түрлілігі және маңызы 2. Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 3. Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы 4. Бөлме және дәрілік...Жануарлар әлемінің сан алуандығы
Мақсаты: оқушыларға мәтінді оқи отырып, ондағы негізгі ойды меңгерту. Оқушыларға жануарлар әлемінің сан алуандығын айта отырып, әңгімелеу....Жануарлардың тіршілік ортасы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Нұн Жұбаев орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым...Аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» коммуналдық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.